ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАДЫ?

Есте сақтау қабілетінің төмендеуі қазіргі таңда екінің бірі ұшырасатын дертке айналды. Ал бұрын қалай болды? Тарихтан белгілі, ата-бабаларымыздың өлең жырлары ауыздан-ауызға айтылып жеткен. Ислам тарихында да мұндай оқиғалар жетерлік. Мысалғы, Пайғамбарымыздың (ﷺ) сенімді сахабаларының бірі  Зейд ибн Сабит (Алла оған разы болсын) евврей тілін 15-20 күннің ішінде үйреніп алған. Сондай-ақ ол Құранды да жатқа білген. Біле білсек, Әбу Ханифа (Алла оған разы болсын) сияқты фақиһ ғалымдардың асқан даналығының арқасында Пайғамбарымыздың (ﷺ) сөздері хадис болып  бүгінге дейін жеткен.

Ал қазір ше? Ерекше қабілетті жандар бар. Бірақ көпшілігі ұмытшақтық дертінің белең алып бара жатқанын жасырмайды. Мұның себебінің әр түрлі. Біріншісі ол депрессия. Қатты күйзеліс адам жадының әлсіреуіне әкелетін бірден-бір фактор. Ал екіншіден, нашар жадының басты себептерінің бірі ол – шашыраңқы ой. Жаһанданған заман дейміз ау… Осы ақпараттанған дәуірде күніне өте көп информация естуге тура келеді. Тіпті миыңыз қорытып та үлгермейді. Және оның көпшілігі керексіз, жалаң сөздер. Ал ғалымдар болса, мұндай пайдасыз ақпараттармен мидың ластануы есте сақтау қабілетін төмендеуіне алып келеді дейді.

Эксперттердің бір тобы эмоционалды жай-күйге көңіл бөлмеу де осының бір себебі дейді. Ал эмоционалды күш беретін ол – қызығушылық. Адамның миы да өзі сол жағы логикаға жауап берсе, оң жағы эмоцияның қызметін атқарады. Роберт Орнштейн есімді профессор егер адам осы екеуінде дамытып отыратын болса, өзгелерге қарағанда бес есеге дейін есте сақтау қабілеті жоғары болады деген тұжырымға келген.

Бұдан бөлек, алкоголь мен нашақорлыққа тәуелділік те адам миының қызметінің әлсіретеді.

Күнделкті өміріңді дінмен байланыстыру, имани байлық жадыңыздың қалпына келуіне көмектесетін жолдардың бірі. Себебі, жоғарыда жадының нашарлауына әкеліп соғатын кері құбылыстарға дінде рұқсат етілмейді.

Алдарыңызға есте сақтау қабілетін жақсартудың жолдарын ұсынамыз:

  1. Елестете біліңіз. Мысалғы, 5 сөз айтатын болса, оны құрғақ жаттап алғаннан гөрі, алдыңызға келтіріп, елестетіп отырсаңыз ол тез жатталады.
  2. Көп қозғалу, спортпен айналысу. Жаттығулар мен көп жүру мидың жақсы жұмыс істеуіне әсер етеді.
  3. Еске сақтау кезінде жинақталу. Егер бір нәрсені ұғынып жаттап аламын десеңіз, сол кезде миыңызды толықтай жұмысқа қосыңыз. Тыңдап отырып, сол нәрсені ой елегінен өткізіп отыру керек. Сонда ғана есіңізде жақсы сақталады.
  4. Миға салмақ түсіру. Егер бір нәрсені ұмытып қалатын болсаңыз, бірден интернетке не болмаса сөздікке жүгінбей, ең болмағанда бірер минут өзіңіз ойланып көріңіз.
  5. Миды жаттықтыру . Көркем әдеби кітаптарды көп оқыңыз. Оқи отыра қысқаша кейіпкерлер мен қызықты жерлерін түртіп жазып отырыңыз. Кейін жазғаныңызды оқығанда, кітаптан оқығаныңыз қайта еске түседі.
  6. Жаттап алмау керек. Құр жаттаңқылық  оң нәтиже бермейді. Бір нәрсенің мән-мағынасын түсінбей жаттаған нәрсе, мида аз уақыт қана жүреді де, тез ұмытылып қалады.
  7. Ассоциация. Мысалғы, бір адам атын айтатын болса, сіз оны бір танымал адамның атымен жаттап алыңыз.
  8. Қайталау. Бір ақпаратты бірден 5 рет қайталай берудің қажеті жоқ. Күніне бір рет 5 күндей қайталап отырсаңыз болады. Түнгі және таңғы уақытта қайталаған пайдалырақ.
  9. Дұрыс тамақтану. Миды қалпында сақтау үшін аз-аздан күніне 5 рет тамақтанған дұрыс.
  10. Өлең жаттау. Жақсы көретін ақындардың өлеңін жаттап алыңыз. Күніне аз-аздан бір өлең жаттаңыз.

Ihsan.kz 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған