Ең пайдалы жаңғақтар

1. Пісте (фисташки)

— нашар холестеринді 6% азайтады;

— көз жанарының көргіштігін ұлғайтады (құрамында зеаксантин мен лютеин бар);

— жасушаларды бұзылудан қорғайды.

2. Бадам (миндаль)

— инсулиннің бөлінуін азайтады;

— салмақтың кемуіне әсер етеді;

— жасушаны бос радикалдардан қорғайды.

3. Жержаңғақ (арахис):

— Альцгеймер ауруын болдырмайды;

— ағзаның белсенділігін арттырады (нәруыз бен майларды тамаша баланста ұстайды).

4. Пекан жаңғағы:

— холестериннің теңдігін қалыпқа келтіреді;

— ағзаны нығайтады;

— бас сақинасынан құтқарады.

5. Самырсын жаңғағы:

— тәбетті ашырмайды;

— иммундық жүйені нығайтады (мырыш);

— жадыға жақсы әсер етеді (магний);

— бос радикалдардан жасушаларды сақтайды (Е дәрумені).

6. Бразилья жаңғағы:

— қуықалды безі мен сүт безі обырынан сақтайды (бір ғана бразилья жаңғағында селеннің бір күндік мөлшері бар);

— ағзаны нығайтады.

7. Макадамия жаңғағы:

— жүректің ишемиялық ауруының алдын алады;

— моноқанықпаған майлармен нығайтады (нашар холестериннен құтқарады).

8. Орман жаңғағы (Фундук):

— көз бен теріге аса пайдалы (Е дәрумені;

— атеросклероздың алдын алады.

9. Кешью:

— оттегінің бүкіл ағзаға таралуын қамтамасыз етеді (темір);

— жадыны жақсартады (магний);

— сүйек қаңқасын мықты етеді (магний мен мыс).

10. Грек жаңғағы:

— күйзеліс пен үрейді жеңуге көмектеседі;

— ұйқыны реттейді;

— бас сақинасын болдырмайды;

— жадыны жақсартады.

Ең бастысы, ас мәзірі үнемі өзгеріп отыру керек. Бір кешьюді жей беріп, ағзаға зиян жасап алмаңыз. Бір жаңғақты көп жеген адам одан шығып қалуы мүмкін. Шығып қалса, ол жаңғақтың пайдасы болмай қалады. Сондықтан, әр түрлісін жеп отыру ағзаға пайдалы екенін естен шығармаңыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған