Е.Сағадиев: «Мен оларды танымаймын!»

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Айдос Сарым мен Мұхтар Тайжанның «отставкаға кету» бойынша ұсынысынан бас тартты. 

– Бұл адамдардың (Сарым, Тайжан-ред.) осындай ұсынысына байланысты айтарым, мен оларды танымаймын. «Отставкаға кету» бойынша арыздары болса, мен жауап беруге дайынмын. Бірақ менің ойымша, олар (Сарым, Тайжан) бұндай мәселені (Үкімет алдында-ред.) көтере алмайды»,-деді Сағадиев. 

Ал мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханмен білім саласындағы мәселелер бойынша «жекпе-жекке» шығуға дайын екендігін жеткізді, деп хабарлады Sputnik.

«Бекболат Тілеухан мені баспасөз бетінде дебатқа шақырған екен. Менің ойымша, ол дұрыс емес.  Бекболат Тілеуханды оқулыктардың сапасын қарайтын  комиссияға шакырдык. Бүгін мен өзім Мәжіліске звондап, айттым. Он бір депутат жазылған, соның ішінде Бекболат Тілеухан комиссия құрамында жұмысын көрсетсін. Мен қарсы емеспін (дебат өткізуге – автор ескертпесі). Бірақ,  менің ойымша, ол үкіметтің жұмысы емес», — деді Сағадиев.

Еске сала кетейік, Мәжіліс отырыстарының бірінде депутат Бекболат Тілеухан оқулықтардың сапасын сынға алып,  министр Сағадиевті «жекпе-жекке» шақырған болатын. 

«Қазір жауап бере алмасаңыз, баспасөз бетінде сізді жекпе-жекке шақырамын және сіздің жеңіп кетуіңізге шын жүректен тілектеспін. Өкінішке қарай, жеңіліп қаласыз-ау. Өйткені, ешқандай уәж жоқ. Ертең халықтың, сайлаушылдардың алдында біз жауап беруіміз керек», — деген еді Б.Тілеухан.

Дереккөзі: Сұлтан Жомартұлы, 

«Қасым-ақпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған