Жазықсыз жандар саясат құрбанына айналмасын!

Елбасына хат

                      

Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!

 

Өткен жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойладық. Аз ғана уақыттың ішінде өзіңіздің дана басшылығыңызбен Қазақстан мемлекетін бүкіл әлем таныды. Халқымыз бұрын-соңды мұндай танымалдыққа, даңққа бөленген емес. Бұрын-соңды мұндай экономикалық зор табысқа, жетістікке еліміз қол жеткізбеген. Мұның бәрі халқымыздың осындай жарқын болашағы үшін күні-түні тыным таппаған, бойыңыздағы бар күш қуат-жігеріңізді, ақыл-ойыңызды сарп еткен, сол арқылы еліңізді ынтымақ-бірлікке жұмылдырған сіздің ұланғайыр еңбегіңіз екені бір Аллаға, өзіңізді сүйетін халқыңызға аян. Ширек ғасырда жеткен табыстарымызды, жетістіктерімізді айтып тауысу мүмкін емес. Сыртқы саясатта да сіздің сарабдал көрегендігіңіз, біліктілігіңіз арқасында әлем халықтарының кез-келгенімен  қарым-қатынас, байланыс орнады. Әсіресе бауырлас түркі елдерімен байланысты өзіңіздің  қамқорлығыңызға алдыңыз. Осы жерде Қазақстандағы Түркияның төтенше және өкілетті елшісінің пікірін ортаға салғанды жөн көріп отырмын:

«Біз Нұрсұлтан Әбішұлын «Түркі халықтарының атасы» деп санаймыз. Нұрсұлтан ағамыздың көшбасшылығымен Қазақстан барлық салада үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 26 жыл ішінде білім, мәдениет, экономика, әлеуметтік салада Қазақстан таңғаларлық жетістіктерді бағындыра алды. Сонымен қатар дипломатиялық қарым-қатынастарда Қазақстан өзінің бейбіт саясатының арқасында әлемдік деңгейге көтеріле білді. Қазақстанның жүргізіп отырған белсенді сыртқы саясатын нәтижесінде Астана үлкен саяси орталыққа айналды.»

Міне, менің осы пікірге алып-қосарым жоқ. Иә, бүгінгі әңгімемізге тиек еткелі отырған Түркия Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ең алғашқылардың бірі болып мойындап, туыс, бауыр екенін дәлелдеді. 1992 жылы 2 наурыз күні Қазақстан мен Түркия арасында рухани әрі саяси бауырластық келісімі жасалған болатын. Аллаға шүкір, осы тәуелсіздік жылдары екі туысқан елдің арасындағы қарым-қатынас нығаймаса еш бәсеңдеген емес. Тек соңғы жылдары ғана елімізде алаңсыз еңбек етіп, өзіндік зор үлестерін қосып жүрген түрік бауырларымызды алаңдатқан оқиғалардың туындауы әбден шегіне жеткен соң қолыма қалам алып, осы мәселелерді зерттеп, өз толғамдарымды  Ана  ретінде, өзіңіздің саясатыңызды шын жүректен қолдап жүруші қарапайым азаматша ретінде, аналық жүрегімдегі тебіренісімді ортаға салғым келді. Мұндай әрекетке баруыма басты себеп өзіңіздің дана басшылығыңызбен қалыптастырған еліміздің ынтымақ-бірлігімізге, тыныштығымызға сызат түспесе деген игі тілек, қуатты қадам ретінде қабылдасаңыз екен.

 

Әрине, мұндай күрделі мәселеге батыл түрде бет бұруыма жоғарыдағы себептерден басқа да осындағы түрік бауырларымның  қиналғанын көріп отырып, осы жағдайға алаңдаған жүздеген ата-аналардың өтініштерін жерге тастай алмадым. Сондай-ақ осы мәселеде мыңдаған ата-аналармен бірге ҚТЛ-ды бітірген он мыңдаған түлектер және болашақ шәкірттердің тағдырлары бар екенін жеткізгім келеді. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң ауылда ұстаз болдым. Кейін Алматы шаһарында А.Жұбанов атындағы саз мектебінде жай мұғалімнен басшылық қызметке дейін көтерілдім. Ары қарай, «Қазақтелеком» компаниясында мемлекеттік тілдің кеңінен өркен жаюына өз үлесімді қостым. 63 жасымда кезінде екі елдің достығына дәнекер болу үшін ашылуына өзіңіз себепкер болған «Қазақстан ZAMAN» газетіне басшылардың бірі болып қызметке келіп, журналистика саласында қызмет істеп жатырмын.  Әлеуметтік-экономикалық тақырыптарға қалам сілтеп келемін. Өткен жылы «ЕлАна» қоғамдық,танымдық әлеуметтік сайтын аштым. Міне, осы жасаған қызметтерімді ескеріп «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ бердіңіз. Алғысым шексіз. Бұл атақ сіздің маған жүктеген зор сеніміңіз. Ол сеніміңізді халқымыздың ішінде, екі туысқан елдер арасында іріткі түсейін деп тұрған сын кезеңде ақтамасам қай уақытта ақтаймын? Жасым 71-де. Газетте істеген соңғы сегіз жылда мен түрік бауырларыммен етене араластым. Олардың өз істеріне деген ыждахаттылығына , Сізге, халқымызға деген адалдығына куә болдым. Олар мені өз аналарындай көреді. «Сіз біздің анамызсыз!» деп құрмет тұтады, мені кәдімгідей қорғаныш санайды. Иә, төмендегі жағдайды әже, ана, ұстаз ретінде, мен де сіздің саясатыңызды шын жүректен қолдайтын саясаткер ретінде өзіңізге жеткізуді парыз санадым. Шынында да сіз мемлекетімізді басқарып отырған шақта біздің елдің тұрғындарына мазасызданудың жөні жоқ екендігін сеніммен айта аламын.

 

                                     Елшінің көздегені не еді?

Ақпарат дамыған замани әлемде не болып жатқанын біліп хабардар болып отырамыз. Бірін оқып сүйсінсең, бірін оқып шошисың. Соңғы жылдары Түрік ағайындарғада алаңдайтын болдық. Әсіресе Түрік елшісі ағымдағы жылдың 2-наурызында  Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык Baq.kz ке берген сұқбатында еліміздегі БИЛ (Қазақ-түрік лицейлері) жайында былай деген : «Осы орайда бір мәселенің басын ашып айтып кеткім келеді. Ол – ҚТЛ мектептері туралы. Негізі, Қазақ-Түрік лицейлері деп аталғанымен, бұл мектептерге мұндай атау ресми түрде берілген емес. Және бұл мектептер Түркия Ұлттық білім министрлігінің құзыретіне қарамайды. Жеке қордың қарамағында. Онда сабақ беретін ұстаздар да министрліктің атынан келген мұғалімдер емес. Директорлары да Түркия тарапы ұсынбаған басшылар. Олар бар болғаны, Түркия атауын рұқсатсыз пайдаланып, өз мақсаттарын жүзеге асырып отыр. Қазіргі таңда мұндай лицейлер көп. Біз бұлардан арылатын боламыз. Түркия атына кір келтірушілерден өз абыройымызды қорғаймыз. Ал сол мектептерде оқитын оқушылар мен ұстаздар, болмаса ата-аналар еш зардабын тартпайтын болады. Біздің мақсат ол емес. Керісінше, оларға мүмкіндігімізше көмектесу. Мектептерді кадрмен қамтамасыз ету, сапалы білім беру мен білімді оқушы дайындауда Түркия тарапы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, қолдан келгеннің барлығын жасауға әзір. Бұл туралы осыған дейін де біз үнемі айтып келеміз. Алдағы уақытта бұл лицейлер толықтай Түркия Ұлттық білім министрлігінің қарамағына өтеді» деп пікір білдірген. Сұхбатын оқып қатты шошыдық. Алаңдаушылық білдірдік. Ата-аналар хат жазды.

Осыған байланысты өздерінің наразылықтарын білдірген БИЛ ата-аналары да  өзіңізге ашық хат жолдады. Аллаға шүкір, елшінің алғаш сұхбаты жарияланғаннан кейін тура бір аптадан кейін  түрік елшісі қулыққа көшіп, «аудармашыдан қате кетіпті» деп құтылды. Артынша СІМ,  Білім және ғылым министрлігі осы бір мәселеге байланысты пікір білдірген еді.

«Қазақстан елдегі білім беру мекемелерінің қызметіне ешкімнің араласуына жол берілмейді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бұрынғы қазақ-түрік лицейлеріне қатысты пікір білдіру барысында мәлімдеді,» − деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қазақ-түрік лицейлері ребрендингтен өткенін растаймын, олардың атауы өзгерді («Білім-инновация лицейі» – автор.). Лицейлер Қазақстанда бекітілген мектептік бағдарламалар бойынша жұмыс істейді және оларға тиісті жергілікті атқарушы билік органдары басшылық етеді. Біз Қазақстандағы білім беру мекемелерінің қызметіне біреудің араласуына жол бермейміз,» − деді Қайрат Әбдірахманов. − «ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша бірігіп мәлімдеме жасады. Оған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды Түркия елшісінің жасаған мәлімдемесі бойынша алаңдамауларын сұрайды. «Білім-инновация лицейі» жұмысының әдеттегі тәртібі өзгеріссіз қалады». «Жоғарғы жақтан  виза мәселесі шешілді алаңдамаңыздар!»-деген хабарды естігенімізде, түрік ұстаздардың еңбегін бағалап жүрген жұрт шат шадыман қуанғаны есімде. Сол қуанышты хабардан  екі жұма өткеннен кейін 540 ұстаздар отбастарына жағымсыз хабар жасындай болып түсті. Осыдан-ақ олардың қандай күйге түскенін сараптай беріңіз….Ата жұртқа ниеті адал, парасат пайымдары бөлек ұстаздар қауымына обал-ақ болды.

Түркияның Сыртқы істер министрлігі паранойяға келетін позицияға жақындаған сияқты. Бүкіл әлемдегі өзіне қатысы бар, қатысы жоқ кезінде Түрік лицейі деген атау алған оқу орындарының барлығын өзіне жау санауы осының белгісі. Көптеген елдерде ашылған Түрік лицейлеріне шүйлігу арқылы  Ердоған Түркияға біршама жақын, осы елге ынтызарлығы бар, әрі дұрыс көзқараспен қарайтын азаматтардың санын кемітіп жатыр. Бұл үлкен стратегиялық қателік.

Екіншіден, қазіргі күні елімізде Қазақ-Түрік лицейлері деген атау жоқ. Бұлар толық мемлекет қарамағына өткен, Қазақстанның Білім министрлігі бекіткен стандарттармен жұмыс істейтін мекемелер. Түркияның бұл ретте: “оларға мұғалім таңдаймын, басшылығын ауыстырам немесе басқа да өзгерістер жасаймын” деуі Қазақстанның ішкі ісіне ашық араласуы. Үшіншіден, түрікшілдік деген ол тек қана Ердоған емес. Ол Ердоғанға байланысты емес. Түркия Ердоған ғана емес. Осы мәселені дұрыс аңғару керек. Иә, түбіміз бір. Бірақ, әр елдің өз тарихы бар. Өзіндік бағыты, мәдениеті бар.

Түркия Қазақстандағы кезінде Қазақ-түрік лицейлері деп аталған, қазір Білім-инновация лицейі  деп аталатын оқу орындарына ешқандай қатысы жоқ екенін түсінсе және оған қатысты теріс пейілінен арылса деген үлкен өтінішім бар.

Себебі, мұнда оқып жатқандардың дерлігі қазақтың баласы. Білім деңгейі тұрғысынан бұл лицейлерге тағатын мін жоқ. Бүкіл Олимпиада, конкурстардың барлығын жеңіп жатқандар осы лицейдің түлектері. Егер бұған қиянат жасайтын болсақ, ендеше өзіміздің біліми әлуетімізге қарсы әрекет жасағанымыз.

Түркия Сыртқы істер министрлігінің, Түркия елшілігінің осы мәселеге қайта-қайта айналып соғуын Қазақстандағы білім деңгейіне, білім сапасына қарсы жасаған арандатуы деп қабылдауға да болады. Бауырлас ел өздерінің ішіндегі әңгімені біздің ішкі жағдайға араластырмағаны жөн. Сонда ғана ортақ түсінік пайда болады.

Құрметті президент мырза!

Ана силаған халықпыз ғой, сол ананың бірі менмін . Сондықтан өткенмен бүгінді сараптай келе мынадай бір тоқтамға келген жайым бар. Бұл бәлкім біреулерге ақыл айтқандай болып көрінер, сіз ұлттың көшбасшысы ретінде менің жанайқайымды түсінеді деген ойдамын. Бұл жерде менің айтпағым:туркия тарапынан бұрынғы ҚТЛ қатысты алып қашты сөздеріне біздің тараптан нақты жауап беретін кез келді. Біздің Сыртқы істер министрлігі Түрік елшісін шақыртып, лицейлерде істейтін ұстаздардың 90 пайызы қазақ азаматтары, білім алатын балалардың дерлігі қазақ баласы екенін көзін жеткізіп, Түркияға түк қатысы жоқ екенін дәлелдеуі тиіс шығар.  Міне сол кезде ақ пен қараның жігі ашылар еді. Сіздіңде көп нәрсеге көзіңіз жетер еді…

 

                              «Маариф» білім беру қоры кімдікі?

Құрметті президент мырза! (Қатты айтып кетсем кешірім өтінемін) Түркия президенті Ердоғанның қаһарланғаны соншалық, шетелде ағартушылықпен айналысып жатқан түрік мектептерін түбегейлі жойып, өз саясатын жүргізетін жаңа жүйе құрып жатқан секілді. Бұл жөнінде түрік баспасөздерінде жарияланып жатқан ақпараттарға сүйенсек, өткен жылы «Маариф» білім беру қоры құрылған. Бұл қордың негізгі мақсаты шетелде білім беретін түрік мектептерін тартып алып, не болмаса жаңа білім беретін мекемелер ашып, Түркия ресми билігінің саясатын жүргізу тапсырылған. Бұған дәлел ретінде 12 адамнан тұратын басқару алқасы жұмыс істейді екен. Басқару алқасының 4-ін президент, үшеуін министрлер кабинеті, екеуін білім министрі, біреуін экономика, біреуін сыртқы істер министрі тағайындайды. Ал бұл қазіргі басқару алқасының біреуі ғана педагог, қалғандарының көпшілігі басқа сала мамандары және биліктегі партияның бұрынғы қызметкер тілеулестері. Осы басқару алқасындағы кейбір азаматтардың радиқал діни ағымдарға симпатиясы бар деген сыбыстар айтылуда. Оған дәлел ретінде әлеуметтік желілердегі Әлнусра және ДАЕШ сияқты содырлық топтарға қатысты пікірлері көрсетілуде.

Осыдан-ақ байқауға болады, білімге саясат араласқаннан кейін ол жерде қандай адамдар тәрбиеленетіні айтпаса да түсінікті. Біз бұны кешегі зұлмат жылдардың салқын саясатынан жақсы білеміз. Қаншама ақтаңдақтарымызды осы саясат құртты емес пе? Онсызда су жаңа құрылған бұл қордың еліміздегі түрік мектептерін тартып алу туралы, оларды тәркілеу жоспары барып тұрған заңсыздық. Біреудің, басқа мемлекеттің жеке меншігіндегі мүлікті және мекемені қай заңға сүйеніп тартып алады екен? Әлде өз елдеріндегі заңсыздықты мұнда істей аламын деп ойлай ма екен? Түсініксіз. Бұндай әрекеттерге ешқашан жол берілмеуі керек. Есесіне 25 жылдан бері қарай берген білімі және тәрбиесімен Қазақстан билігі және халқының сенімінен шыққан жүйенің бұзылуына жол берілмегені абзал. Осы «Маариф» білім беру қоры туралы біраз ізденіп   көп нәрселердің бетін аштым,  бұл туралы ойланатын нәрсе көп екен….

Біріншіден, кеше ғана құрылған бұл қор білім сапасы және бағыты жөнінде өзін әлі дәлелдеп үлгермеген.

Екіншіден, сан ғасырлық әлемдік брендтік оқу жүйесімен сайысқа түсе алмайды. Халықаралық білім сайыстарында қандай бағытта білім беретіні жөнінде түрік халқының өзі екіұдай болып тұр. Бұл туралы «Егітім сэн» кәсіподағының президенті (мұғалімдердің ең үлкен кәсіподағы) Камуран Қаража былай дейді, «Маариф» туралы заңмен ғылым, білім мәселесі Білім министрлігінің құзіретінен алынып, жеке қорға беріліп жатыр. Бұл білімнің жекешелендірілуі және ғылым, білімді зайырлылықтан алыстатып, діншілдендіру қадамы. Білім министрлігінің құзырындағы білім беру ісін тариқаттарға берілуін қабылдай алмаймыз» десе, оппозициялық «Жумһирдт» халық партиясының депутаты, проефессор Гайе Ұслэр «1981 жылы құрылған білім министрлігіне қарасты ұлттық білім беру қорының істейтін жұмысы соған ұқсас, бірақ содан көпфункционалды басқа қор ашып, оның міндеттң астарында басқа мақсаттар бар. «Маариф» қорын құру арқылы Білім министрлігіне алтернативтік параллельді білім жүйесі құрылып, біртіндеп министрліктің күші жойылып жатыр. Бүгінде Білім министрлігінің саясатын билікке жақын «Түргеу» (президенттің ұлы Біләл Ердоғанның қоры) ілім тарқату жамағаты», «Ондер» (лидер), «Зеһра» қоры «Әнсар» және «Бірлік» қоры сияқты қорлар белгілейтін болды. Бұл қорлар министрлікке алтернативті ұйымдарға айналды» деп ашық сынайды.

«Маариф» сөзінің мағынасына жүгінсек, білім беру жүйесі дегенді білдіреді екен. Сонда шынында депутат ханым айтқан алтернативті оқу жүйесі ме деп қорқамын.

Қазіргі Түркия билігіндегі Ақ партияның соңғы 14 жылда білім беру жүйесін діншілдендіру процесін Білім министрлігінің орынбасары Орхан Эрдем былай деп баяндайды: «Әсіресе діни білім беретін имам хатип мектептерінің саны 440-тан 1017-ге көтерілді». Қазір бұл сан артпаса азаймайтыны белгілі. Әріне халықтың өз дінін үйренгені қуанарлық жәйт, әйтседе басқа діни ағымдармен қаруланған бұл балалар ертең саясатқа араласатын болса, онда зайырлылық қағидалары қайда қалады. Ердоғанның өзі бұл меқтепті бітірген, оның бүгінгі тірлігін көріп тұрмыз! Жүрегінде иманы бар адам осындай қатыгездікке бара ма?

«Маарифтің» төңірегіндегі дау-дамайлар бұнымен бітер емес. Қор әсіресе Африкада ашылған түрік мектептеріне көз тігіп отыр. Өзінің құрылу мақсатында осы мектептерді тартып алу екенін қордың президенті Жем Зорлы мәлімдемелерінде айтып жатыр. Бұл жөнінде өздерінің  ресми сайттарында жарияланған.  Бұны оқып жағамызды ұстадық.      (turkiyemaarif.org). Зорлының айтқанына қарағанда Сомали және Гине билігі сол елдегі түрік мектептеріне қарасты қордан мектептерді тартып алып, осы қорға берген екен. Және бұны мақтанышпен айтады Зорлы мырза. Бірақ та, біреудің жекеменшігіндегі қорға қарасты білім беретін мекеме мен ғимаратын қай заңға сүйеніп тартып алды екен? Бұл барып тұрған қарақшылық емес пе? Бұл жасалған заңсыздықты мектептің негізгі иелері сотқа бергендерін өз құқықтарын халықаралық сотқа дейін апармақшы екенін естіп, қуанып қалдым. Дәл осындай процесс Пәкістан елінде жасалып жатқаны баспасөз беттерінде жарияланды. Абырой болғанда Пәкістан жоғары соты біреудің жеке мүлкін тартып алуға болмайтыны туралы үкім шығарыпты. Дегенмен сот процесі жалғасып жатыр екен. Әрине, демократиясы дамымаған және адам құқығы тапталған елдерде «мен істедім болды» деген сылтаумен бұндай заңсыздықтарға жол беріледі. Ерте ме, кеш пе бәрібір әділет төбесін көрсетеді. Біз бұны өмірлік тәжірибеден талай рет көрдік. Аллам ғұмыр берсе, оны әлі де көреміз.

Дегенмен менің айтпағым, құрыла салысымен билікті қолшоқпарына айналдырып, заңсыздыққа белден батқан, біреудің жеке мүлкін тартып алатын мұндай ұйым балаларға қандай білім, қандай тәрбие бермек? Білім адалдықтың, тазалықтың ордасы болмаса, онда оны білім дей аламыз ба?

Үшіншіден, бұл білім жүйесінде жұмыс істейтін ұстаздар қауымы. Бұлар өзін дәлелдеген, сапалы мұғалімдер емес, тіпті Жем Зорлының айтуы бойынша, көбі енді ғана оқу бітірген. Педагогикалық стажы төмен немесе мүлде жоқ кісілер екен. Және бұлар ауызша емтихан арқылы қабылданады. Бұл дегеніміз билік партиясының көзқарасы сай келмейтіндердің істеу мүмкіншілігі жоқ екенін аңғартса керек. Ертең билік партиясының көзқарасы өзгерсе, бұл мектептердің бағыт-бағдары да өзгермек. Олай болса, бұндай ұстаздар тәрбиелеген өрендер халықаралық білім аренасында қалай бәсекелеспек? Осы мәселе кім-кімді де ойландырса керек. Демек билік өзіне шет мемлекеттен пиар жасайтын ұстаздар қабылдап жатыр. Бұның ертең өзге елдердің ішкі саясатына қалай әсер ететіні тағы да күмән тудыратыны белгілі.

                              Құрметті президент мырза!

 

Келесі бір мәселе оқулық мәселесі. Әлемдік брендтердің өз жолдарын қалыптастырғаны белгілі. Олардың өз оқыту жүйесі және соған лайықтап шығарылған кітаптары бар. Мысалы, Оксфорд, Кембридж сияқты. Бұл мәселеде жеке-дара сан жылдық білім тәжірибесі бар, арнайы оқу жүйелері ғана табысқа жеткен. Ал кеше ғана құрылған «Маарифтің» осындай байлығының жоқ екені айтпаса да түсінікті.

Жаңа құрылған жүйелердің проблемасы белден асады. Әсіресе «Маариф» сияқты саяси биліктің тікелей қолдауымен ашылған қорлардың діттеген мәселелерінің өзі еларалық үлкен дау-дамайларға ұласуы бек мүмкін. Ақ партияның тікелей қолдауындағы «Әнсар» білім беру қорының Қараман қаласында орналасқан жатақханасының бірінде өткен жылы 45 ұл баланы, сонда ұстаздық етіп жүрген қызметкерінің зорлағаны туралы ақпараттар Түркияны дүр сілкіндіргенін оқып, шошып едік. Сол кездегі билік партиясының отбасы және әлеуметтік саясат министрі Сема Рамазанұлы «бір реттен ештеңе болмайды» деп, оқиғаны жылы жабуға тырысқаны баршаға аян. Ал мұндай жағдай өзге елдерде орын алғанда не боларын айтудың өзі қорқынышты. Ал бұл қордың сол кездегі басшысының бірі «Маариф» қорына жұмысқа қабылданып, Грузия еліне қайта қызметке жіберілгенін естіп, өзім ойланып қалдым. Сонда жауапқа тартылуы керек адамдар қайта қызметке тағайындалады екен. Мұнысы қалай?

Ердоған мырзаның білім саясаты, соңғы бір жылдың ішінде күрт өзгеріп, мыңдаған үлгілі білім беретін мектепті жауып, 50 мың ұстазды жұмыстан босатып, білім жүйесінің быт-шытын шығарып алды.  Енді өз еліндегі білімді бітіріп болып, шет мемлекеттерге кезек келгендей….  Осы әрекетінің нетижесінде, Түрқия білім беру жүйесі, жаратылыстану пәндері бойынша халықаралық PISA рейтинг агенттігінің көрсеткіштері бойынша, алғашқы дамыған 70 елдің ішінде бірден  50–орынға түскені белгілі. Бұндай құлықсыз қадамдардан кейін бұдан да артқа шегінері сөзсіз. Келесі мәселе өзге дін өкілдері және көп дінді, көп ұлтты қоғамдардағы білім берудің қыр-сырын білмейтін педагогтермен жұмыс істеудің қиындығы, тіпті, мүмкін еместігі. Бұған саяси идеялардың қосылғанын есептеп көріңіз. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, кез келген елдің ұлттық мүддесі, халықаралық ұстанымы және салт-дәстүрі бар.

Көп дінді және көпұлтты елдердің толерантты саясат ұстанатыны тағы бар. Демократиялық және құқықтық зайырлы елдердің бұл қадамы бейбіт қоғам орнатудағы жемісін бүгінде жеп жүрміз. Бізге керегі халқымыздың тыныштығы.

Құрметті Нұр аға, салиқалы саясатыңыздың арқасында еліміз бүгінде бұл тұрғыда әлемге үлгі болып тұр.

БИЛ (ҚТЛ) туралы жылы лебізіңіз рух берді

Құрметті президент мырза! Еліміз 26 жылда жан-жақты дамыды. Әсіресе білім саласындағы жетістіктерімен жарқырап көзге түсті. Бұл жетістікке бір ғана  мысал келтіріп кетейін, Туркия білім заңымызға сүйеніп тұрып құрылған КАТЕВ қорына қатысты ҚТЛ-дың бүгінгі Білім және инновация лицейлерінің қосқан үлесі ұшан теңіз екені баршаға аян. Аталмыш оқу орындары сонау 90-шы жылдары тәуелсіздігімізбен бірге дүниеге келген еді. Ол өзіңіз бен марқұм Тұрғыт Озалдың кемеңгер саясатының арқасы дер едім.

Ал қазір өзімізде білім жүйесінің жаңа форматтары пайда болды. Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім инновация лицейлері, Дарын мектептері сияқты өзара үйлесімдік байланыста білім беретін жүйелер

қалыптасты. Бұл жүйелердің қалыптасуына ҚТЛ-дің игі әсері сөзсіз болды.

Бұл мектеп жүйесі 90-шы жылдарда бізге ауадай қажет еді. Енді ғана тәуелсіздігін алған елге халықаралық стандарттарда білім беретін жүйе енгізу және сол кездің экономикалық және әлеуметтік қиындығына қарамастан бұны іске асыру барып тұрған ерлік еді. Бізге жасалған жақсылықты ел билігі және халқы ешқашан ұмытпақ емес!

Ал бұл жүйеге бүгінде қиянат жасалар болса, оны да тарих ұмытпақ емес. Бұл қазақ халқына да, оның бойындағы адалдық пен адамгершілікке де жат дүние. Есесіне бізге 26 жыл бойы адал қызмет істеп, халықаралық білім сайыстарында көк байрағымызды желбірететін шәкірттер тәрбиелеген ұстаздарды түрлі сылтаулармен қиянат жасап, елден алыстату бұл қазақтың мәрттігіне жараспас..!

Бүкіл Европа, батыста осындай мектептер алаңсыз жұмыстарын жалғастыруда.  Филиппин мемлекетінің әскери қолбасшысы Генерал Эдуардо Аноның:- «Ф.Гулен әрекетін террористік топ деп қабылдамаймыз, қоғамда тек жақсылық ізгілікті істермен  ғана айналысуда»- деп айтуы көп нәрсені аңғартпайма..?! Іргемізде жатқан қырғыз бауырларымыз сияқты позициямызды ашық айтып, бүгінде қазаққа сіңіп кеткен аяулы ұстаздар мен олардың отбасыларын саясаттың құрбанына айналдырмағаңымыз жөн-ау.

Елбасының Түркияға жасаған сапарында айтқанындай, бұл ұстаздар арасында Түркиядағы әскери төңкеріске қатысы барлар болса, аямай, керекті шара қолданылсын! Бірақ бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз хатшысы мәлімдегендей, бұл адал жандардың төңкеріске қатысы анықталмаған. Олай болса, сонау 37-39 жылдардағы кеңестік саясаттың құрбаны болған бабаларымызға ұқсатып, өз қолымызбен бұл ағартушыларға қиянат жасамайық. …. «Тарих алдында қазақ ұялатын ештеме жоқ» деп өзіңіз айтқаныңыздай,  келер тарих алдында біздің де жүзіміздің жарқын болғанын қалайтын ананың бірі менмін. Өйткені біз 26 жылда бұл ұстаздардан жақсылықтан басқа еш жаманшылық көрмедік. 13.03.1952 жылы сол кездегі Туркияның Премьер министрі  А. Мендерес Пакистанға арнайы ұшақ жіберіп, елден кеткен 1840 астам арып-азған  қазақ бауырларына босқын емес, бірден жер,үй беріп құшақ жайып азаматтық берген түрік бауырларымыздың қамқорлығы емес пе..?.

  Өмір тұрақты тұрмайды. Ертен түрқиядада билік өзгереді… Сондықтан да бізге «Маариф» сияқты жаңа білім беру жүйесі қажет пе?

ҚТЛ жайында айтқан жылы лебіздеріңіз ондағы шын жүректен жұмыс істеп жатқан жандарға зор қолдау болып рух берді, жігерлендірді. Мәселен 2011 жылы Астанадағы «Нұр Орда» қазақ-түрік лицейінде сөйлеген сөзіңіз ерекше болды: «Қазақ-түрік лицейлерінің өзге мектептерден ерекшелігі – білім беру сапасында. Лицейлерде жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытылуда, тіл үйрену үшін де барлық жағдай жасалған.» десеңіз, 2013 жылы KATEV халықаралық қоры оқу орындарының басшылығына, педагогтары мен оқушыларына арнаған сөзіңізде де ерекше сүйіспеншілік таныттыңыз. Үзінді келтірелік. «Шәкірттердің тек соңғы бес жылдың өзінде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстарда 220 алтын, 304 күміс, 421 қола медаль жеңіп алуы зор мақтаныш екені сөзсіз.» Осы жерде қосымша айтып кететін жайт 1995-2016 жылдары ҚТЛ барлығы 15156 медаль алып, Қазақстанның мерейін, білімнің мәртебесін дүние жүзіне танытқан.

Ал бұл жүйеге бүгінде қиянат жасалар болса, оны да тарих ұмытпақ емес. Бұл қазақ халқына да, оның бойындағы адалдық пен адамгершілікке де жат дүние. Есесіне бізге 25 жыл бойы адал қызмет істеп, халықаралық білім сайыстарында көк байрағымызды желбірететін шәкірттер тәрбиелеген ұстаздарды түрлі сылтаулармен қиянат жасап, елден алыстату бұл қазақтың мәрттігіне жараспас. Бүгінде қазаққа сіңіп кеткен аяулы ұстаздар мен олардың отбасыларын саясаттың құрбанына айналдырмағанымыз жөн.

Құрметті Нұр Аға, сізден бұл мәселеге араша сұраймыз…Ата бабаларымыз үйге келген жыланныңда басына ақ құйып шығармаушы ма еді..Көп ұлтты еліміздің татулық бірлігі, Аллаға шүкір, әлемге белгілі! Сіздің салиқалы парасатты саясатыңыздың арқасында, Берекеміз бірлікте!

Түркі дүниесінің ақсақалы ретінде осы мәселенің шешілуі сіздің ғана қолыңыздан келеді. Бауырлас елдің тұрақталу және бейбіт дамуы баршамыздың ортақ тілегіміз. Бауырларымыздың визасы біткендері шет елге кетуге «мәжбүр» отбастары бала шағаларыда қиналуда…Бауыр бауырға осындай қиын-қыстау күндерде керек. Ағайынды арашалау және татуластыру қолдан келсе, бұған Құдайдың да, халықтың да риза болары сөзсіз.

                                          Құрметті Нұрсұлтан аға!

«Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол» деп  ұлы бабаларымыз бекер айтаған секілді. Сан жылдар өзгенің боданы болып, ерік-жігері мұқалған, ертеңі бұлыңғыр халқыңызды, алпауыт елдің құрсауынан отқа шарпытпай, оққа ұшыратпай, суға батырмай, қауіп-қатерге ұрындырмай алып шығуды Алла тағала сіздің пешенеңізге жазыпты. Бұл ісіңіз тарихқа алтын әріппен жазылылары һақ. Кешегі хан бабамыз Абылай үш жүздің басын қосып, етек жеңімізді  жинап, жер бетінен қазақ ұлтын жойылып кетуден сақтап қалып еді. Одан кейін тарих қайталанып, тілі мен діні әлсіреген қазақты тұңғиыққа батырмай, сарабдал саясаттың қайығымен, толқын ұрған ғалам теңізінен алып шығып, әлемге танытуды, сіз секілді, қазақтың бір туар ұлына аманаттап отыр.

Құрметті  Нұрсұлтан аға, анамын ғой, кейде ойлаймын: «Мың өліп мың тірілген қазақты» Алла тағала пейіліне қарай сақтады ма деп. Өйткені қазақтай жомарт, дархан, қонағына мырза, қандас бауырына қамқор ел жер бетінде аз. Күні кеше Тәуелсіздікті ту етіп көтеріп, әлемге қазақтың атағын шығарғаныңызда, азаттықты бірінші болып мойындап, шаттана қуанған Түрік бауырлар екенін сіз ешқашан ұмытпайтыныңыз анық. Алғашқы болып егемен елге білім инвестициясын құйып, сіздің саясатыңызды қолдап, небір талантты ұл-қыздардың білім көгіне қанат қағуына демеу болған Түркиялық ұстаз азаматтар, түрлі саясаттың құрбаны болып, өзіңізден көмек сұрап отыр. Пана болыңыз?! Істің ақ-қарасын әділ шешуді өзіңіз қадағалаңыз. Қанатыңыздың астына келіп, білімді ұрпақ өсіруге ат салысқан бауырларыңызды, ата жұртында жетімсіретпей бауырыңызға басыңыз. Сүйеу болыңыз. Қорған болыңыз! Олар сіздің көмегіңізге зәру…!

Бұл хатты жазуыма себеп болған мына жағдайлар  еді..

Таяуда Астанадағы ұлдар инновациялық лицейінен тағы бір ұстаз шетелге кетуге «мәжбүр» болды. Тәжірибесі мол және балалардың сүйікті мұғаліміне айналған оны ата-аналары да қимайды. Жылап, қоштасады. Балалардың еңіреп жылағанын, ұстаз көкірегінің қарсы айрылғансәтін көріп, шыдап тұру мүмкін емес еді.

Қазіргі таңда Қазақстанның білім саласында еңбек етіп жүрген түркиялық 30 тәжірибелі мұғалімдер дәрігерлер визасы бітіп, амалсыз өздерін қабыл еткен басқа елдерге «босқын» мәртебесімен бас сауғалауға мәжбүр болды.  Өйткені Түркияға қайтса «кінәсіз кінәлі» болып, жазықсыз түрмеге қамалуы ықтимал. Кетпейін десе жергілікті көші-қон полициясы визасын ұзартпай отыр. Басқа елдерге босқын болып кету себебі осыдан. Еліміз үшін елеулі еңбек сіңірген түрік азаматтарының осындай келеңсіз жағдайға ұшырағаны елдігімізге сын.

Бүгінде Түркия президентінің қас жауына айналған Ф. Гүлен шетелдік БАҚ беттерінде Түркиядағы төңкеріске қатысты бірнеше рет сұхбат беріп, өзінің бұл көтеріліске еш қатысы жоқтығын ашық айтты. Ф. Гүлен тіпті  өзіне қатысты халықаралық комиссия құрылуын, олар ақ-қараны анықтап, егер өзін кінәлі деп тапса Түркияға ұшаққа өзі билет алып баруға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Бұл жаулық ниеттегі адамның сөзі деуге келе ме?
Ең өкінішті жағдай, қазақ еліне білім нәрін беріп, қазақ жұртының ризашылығын арқалаған түрік  ұстаздары да «егер қазақ мемлекетіне, оның президентіне тырнақтай пасық ойымыз, жаман ниетіміз, титімдей кінәміз болса қандай жазаға болса да дайынбыз» – деп тас түйін отыр. Бұл да жан алқымға келгенде айтылар ақтық сөйлем болар.

Ата жұртым деп шаттанып келіп, жазықсыз жаланың құрбанына айналған түрік ұстаздарына басқа елдерге босқын болып кетуден басқа амал да қалмаған тәрізді. Оларға қорған болу – түрік жұртының бір бұтағы бізге аманат арқалатып тұр.  Еліміз үшін елеулі еңбек сіңірген түрік азаматтарының осындай келеңсіз жағдайға ұшырағаны елдігімізге сын.

Осындай жан ауыртар оқиғалар алдағы уақытта болмаса екен деген ниетпен Сіздің алдыңызға бар шындықты, ақиқатты жайып салуға бел будым. Көкейдегі бар ойымды хал-қадірімше жеткізе алдым деп ойлаймын. Қазақстан біліміне еңбек сіңірген сол азаматтарға қамқорлық жасалып, олардың елде қалып ұстаздық еңбегін ары қарай жемісті жалғастыруына мүмкіндік жасалса екен.

Мақаланың толық нұсқасы

Зор құрметпен, Сәуле Мешітбайқызы

                        ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,

 Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

 

 “Президент және Халық” Республикалық қоғамдық-саяси газетінде және “ҚазБілім”, Қазақ үні”, “Матрица”, “АБАЙ”, “Қамшы” сияқты қазақстандық ақпарат тарату сайттарында, “Zamanaaustralia.com” Австралиялық, “stephaber.com” Түркиялық, Kaznews.mn Моңғолиялық жастар ақпараттық сайттарында жарияланды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

102 thoughts on “Жазықсыз жандар саясат құрбанына айналмасын!

  • 21.07.2017 at 17:52
    Permalink

    Мақала дер уақытында жазылған секілді. Білімді ұрпақ ел келешегі дейміз. Ендеше тәуелсіздік ала сала қуана жетіп, елбасы саясатын жандандырып, ойсырап жатқан білім саласының керегесін керіп, шаңырағын құлатпай ұстап қалуға кешегі ҚТЛ -дің сіңірген еңбегі орасан. Оны бағаламау- қазақ баласының кемшілігі болар еді. Түрік мұғалімдерінің білім беруге деген құштарлығы тіпті бөлек әңгіме. Тәуелсіздіктен кейінгі қиын жылдарда кей жерлерде жарық жоқ, болса да уақытпен берілген кезеңдерде шыдамдылық танытып, өз елдеріне тұра қашпай соңына дейін шыдап, қазақ балаларының санасына білім нәрін құйғанын ұмытсақ, онда біздің құдайды да ұмытқанымыз. Олардан білім алған шәкірттердің түрлі шетелдік олимпиядалардан әкелген медалдарының өзі атан түйеге жүк болып қалар. Осындай елеулі еңбек еткен ұстаздардың түркия билігінің ішкі саясатының қырына ілігіп, қуғынға ұшырауы өкінішті жайт. Алайда өзге елдің қол астында адал қызмет етіп жатқан түрік ұстаздарының, түркиядағы желдің ызғарын сезінуі мүлде түсініксіз. Сонда Түркия Қазақстанның ішкі саясатына ықпал ете бастады ма? Мен осыған түсінер емеспін!

    Reply
  • 21.07.2017 at 20:16
    Permalink

    Елбасыдан халық үлкен үміт күтіп отыр. Өарйткені Түрік ұстаздар қазақ елінің қол астында жұмыс жасауда. Біздің билік ұзын арқан, кең тұсауға салмай, көршіміз қырғыздар секілді: біз оларды бере алмаймыз, біздің ішкі шаруаларымызға араласпаңыздар десінші, түріктер жым болар еді. Біздің билік сорлағанда соны айта алмай отыр ғой . Бұдан өткен масқара болар ма халқым-ау. …

    Reply
  • 21.07.2017 at 22:32
    Permalink

    Тәуелсіздігімді алғанда бірінші болып қолдау білдірген, түбіміз бір түрік ағайындардың орны біз үшін ерекше. Жастардың руxани азықтануына зор үлестерін қосып, білім саласында көп жетістікке жетелеген жақсылықтарын қалай ғана ұмыта аламыз? Бұл мақалада түрік ағайындардың ғана жан айқайы емес, біздің болашақ жастарымыздың сапалы білім алып, үлкен жетістікке жетуіне де тығыз байланысты. Өзгенің ісі деген ойдан арылып, бұл мәселеге ат үсті қарамаңыздар, ағайын! Жұмыла көтерген жүк жеңіл болмақ, ауызбіршілік танытып, қолдау көрсетсек, Елбасының құлағына жетуі мүмкін. Жетеді де, жеткіземіз. Ата бабамыз жауына да жамандық тілеме!-деп тәрбие берген ұлағатты ұрпағы едік. Ағайындарымыздың басына зобалаң туғанда, көптің қолдауы ауадай қажет-ақ.

    Reply
  • 21.07.2017 at 23:14
    Permalink

    Мақала терең жазылыпты. Фактлері де тас түйін. Енді осы мақаланы Елбасы ға жеткізетін шенеунік бар ма?

    Reply
  • 22.07.2017 at 01:46
    Permalink

    Құрметті  Нұрсұлтан аға, анамын ғой, кейде ойлаймын: «Мың өліп мың тірілген қазақты» Алла тағала пейіліне қарай сақтады ма деп. Өйткені қазақтай жомарт, дархан, қонағына мырза, қандас бауырына қамқор ел жер бетінде аз деген мақала авторының ойын жалғастырсақ :
    Соғыстың зардабынан аяғымызға тік тұра қоймаған, өзімізге де жетіп жетпей жатқан сонау жылдары тағдырдың талайына ұшыраған талай ұлт өкілдерін бауырымызға бастық ; Олармен соңғы тілім нанымызбен бөлістік ; Діні басқа, тілі басқа демедік , тіпті талай неміс, украин балаларын асырап алып ” қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өз баламыздай өсіріп, олар үйлі-жайлы , балалы-шағалы болып арамызға сіңіп кеткені тарихи шындық емес пе ?! Шет елдегі босқындарды ақпарат беттерінен оқып, көріп ол бейшараларға аяушылық білдіріп жүргенде, осындай жағдай елімізде орын алады дегенге біреу айтса сенбес едім! Енді міне , ел қызыға қарайтын баласын оқытсам деп армандайтын оқу орнындарындағы ұстаздардың осындай күйге ұшырап жақаны қалай ? Үкіметтің не ойлағаны бар ? Осынша жылда осынша жемісті еңбек атқарып келген ұстаздардың еңбегін осылай бағаласақ біз кім болдық ?!!!!

    Reply
  • 22.07.2017 at 10:06
    Permalink

    Шіркін, меніңде арманым осы мақаланы Елбасы оқыр ма еді. Сонда ғана бойындағы түркінің қаны ойнап, түйінді мəселенің түйінін шешіп тастар еді. Өз басым 7 жыл бірге жұмыс жасап келе жатырмын Түрік бауырлармен. Сол жылдар аралығында тым болмаса бір рет жат қылықтарын, қазақтың елі мен жері туралы нашар ой-пікірлерін естімеппін. Қашан көрсем де емен-жарқын, көркем мінез егелері. Биязылықтары қандай! Адаммен сөйлесу мəдениеті, ұстаздық қызметтеріне адалдығына үнемі сүйісініп жүремін. Қазақ балаларына деген олардың ақ ниеттерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы тұрғыдан келгенде олардың бүгінгі жағдайларына мен қатты алаңдаулымын. Алла тағаладан дұға тілеудемін. Ей, жаратқан ием, қиналған бауырларыма көмектесе көр. Олардың сынағын жеңілдете көр!

    Reply
  • 22.07.2017 at 10:32
    Permalink

    Нұрсұлтан бəріңді қамасада қимылдауы қиын-ау. Мейрімі қаншалықты осы істе белгілі болады. Əрине ел бірлігі, адам тағдыры, хақ жолында өз сөзін айтса деп тілейміз.

    Reply
  • 22.07.2017 at 10:39
    Permalink

    Президент жəне ХАЛЫҚ газетіне алғысым шексіз! Мақаланы қайта-қайта оқып, жаным күйзелді. Менің балам, немерем бітірді осы мектепті кейінгі 2-3 жылда. Бұл білім ордасындағы қызмет етіп жүрген балалаларымның арасы сирей бастады, себебін енді түсінгендей болдым. Болашағымыз бауыр етіміз, шамшырағымыз кім үшін өмір сүреміз, балалар үшін! Билікте саясатта жұмысымыз жоқ, айналайындар-ау! Мына мектептердегі ұстаздар жағдайын тебірене жазған авторды, газетті қолдауға шақырам. Бұндай мəселені Егеменді Қазақстан неге көтермейді, жазбайды? Оқырмандары көп, билікке бірден баратын, оқымаса да саны көөөп емес пе?! Елбасына жеткізе қояр ма екен? Қандай ата-ана болса да, баласын жақсы мектепке беруге талпынады. Менің балаларым мен қарарайым халықтың балаларымен қатар биліктегі, зиялы қауымның, депутаттардың, белгілі тұлғалардың немерелері, балалары оқыды,оқып жүр. Солар да ат салысуы керек. Керемет конкурс болатыны да білім мен тəрбие қатар жүретіні де көп ата аналарға бұл мектепте оқыту арман екені де рас. Газетті арнайы хатпен жіберген боларсыздар. Осыны оқыған адамның бей жай қалмайтынына көзім жетеді. Атам қазақ үйге келгеннің, жыланның да басына ақ құйып шығарып салады емес пе? Шын мəнісінде бауырымызға кімді қыспадық? Елбасына жазған мына хаттағы жазылған Арашаны мен де сұраймын! Кішкене Филиппин, Қырғыз мемлекті құрлы болмадық па? Бұл мəселе Елбасына толық жетпей жатыр, оған күмəнім жоқ. Елбасына жеткізейік, ағайын!!!

    Reply
  • 22.07.2017 at 12:29
    Permalink

    Қазақ-түрік лицейі деген атаумен елімізде білім саласына өз үлестерін қосқан, қазір де Білім- инновация лицейі аталып жұмыс жасап жатқан білім ордаларындағы жағдайды оқып, бұл уақытша түсінбеушілік шығар деген ойда отырмын. Мұны ашық та, батыл жазған көрнекті журналист Сәуле Мешітбайқызын қолдаймын. Бұл мақала мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жетуі тиіс.

    Reply
  • 22.07.2017 at 12:52
    Permalink

    Әлемдегі ең бейбітшіл, мейірбан, адал мамандық иесі мұғалімдерге әділетсіздік жасалса, оны көрген шәкірт жаны не күйде боларын айта аласыз ба?! Алладан сабыр тілеп, мейірім шапағатын күтейік. Көп болып тілеген істің қайыры болар, иншалла, бірлігіміз бен иманымыздан айырмасын. Алдағы күнде тура жолға бастар иеміздің жәрдемі мол болсын.

    Reply
  • 22.07.2017 at 13:08
    Permalink

    Білім инновациялық лицейдің оқыту дәрежесі жоғары, балалар бірнеше тілде еркін сөйлейді. Жоғары оқу орындарына түсіп, ірі компанияларда жұмыс жасап жатқандары қаншама. Оқытудағы жетістіктерін бәрі біледі. Ендеше түрік оқытушыларына алғыс айтып, жағдай жасап отырғанымыз жөн сияқты емес пе?! Ал олардың өз елдеріндегі мәселелеріне салмақты көзқараспен қарап, ортақ тіл таба білмесек тағы болмайды. Бұл жағынан әділ сөз айтылуы ләзім. Оны енді билік басындағылар шешімі бір арнаға тоғыстырып, байлауын келтірер.

    Reply
  • 22.07.2017 at 15:49
    Permalink

    Мақала өте орынды. Түрік бауырлар жиырма жылдан астам Қазақстанға еңбек етті. Титтей бір жаманшылығын көрген емеспіз. Осындай сәтте тентіретіп жіберсек, сүйекке таңба емес пе, ағайын? Сәуле апай өте орынды мәселе көтеріп отыр. Елбасына жету керек бұл хат. Ердоған деген ол мәңгілік емес қой. Мәңгілік ол екі елдің бауырмалдығы.

    Reply
    • 22.07.2017 at 19:22
      Permalink

      Сәуле апайға көп рахмет! Барлық мәселені толықтай түбегейлі ашып жазыпты. Президент мырза оқығанын және жақсы нәтижесі болғанын күтеміз.

      Reply
  • 22.07.2017 at 17:12
    Permalink

    Осыдан бес жыл бұрынғыны айтсақ алыстау болып кетер, өткен 2015-2016 оқу жылдарына лицейге 19 мыңнан астам талапкерлер болса, биылғы жыл 30 мыңнан астам талапкерлер осы оқу орнындарында оқуға тілек білдірген ! Осындай көрсеткіш тәжрибелі ұстаздардың жанкешті еңбегінің арқасы демеске болады ма ?
    Елбасымызға қалай да жеткізу қажет осы деректі. Алла сақтасын , елімізге, болашақтың ірге тасы болып есептелетін ұрпақтарымыздың бойына сіңіріп жатқан отаншылдық, азаматтық , мәдениеттілік, терең білім беру жолында алды 20 жылдан астам уақытын осы салаға берген ұстаздарымызды “босқын” етіп жіберсек , атымыз кім болмақ ?!! Кеше ғана лицейді бітіріп шыққан, бүгіндері білім алып жатқан ұл-қыздарымызға не айтамыз, олардың жүректеріне түскен салмақтың өтеуін кімнен сұраймыз ?????

    Reply
  • 22.07.2017 at 17:27
    Permalink

    Гулмира Халикова : Менің 2ұлымның осы білім ордасында білім мен тəрбие алғанына қуаныштымын. Үлкен ұлым 2016 жылы Швейцарияда өткен бүкілəлемдік физикалық олимпиаданың қола жүлдегері, республикалық пəн олимпиадасының алтын медаль иегері, ал биыл 2017 жылы 2 ұлым Павлодарда өткен олипиаданың физикадан күміс жүлдегері. Ата ана ретінде мектеп ұжымына ұстаздарға мың алғыс. Тек қана алға!

    Сапура Даулбаева : Керемет!!! Білімдерің шыңдала берсін! Еліміздің болашағы сендерсіндер !!!
    Ата-аналардың лицей ұстаздарына деген ризашылығын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес ! Бір үйден бір бала лицейде оқыса, екіншісі уақытын санап , өзін лицейде оқуға дайындап жүргенін талай ата-анадан естідім. Көпшіліктің үні Патшамызға жетеді деген үмітіміз ақталса екен !

    Reply
  • 22.07.2017 at 17:48
    Permalink

    Макала оте орынды деп ойлаймын. Елбасымыздын аркасында каншама бала болашакпен оку окып елимизге енбек етип жур. Елбасымыздын билимге деген козкарасы маган оте унайды. Сондыктан билим инновациялык мектебнде енбек етип журген устаздарымызды колдайды деп ойлаймын. Ойткени окушынын денгейн котеретин сол устаздар гой.

    Reply
  • 22.07.2017 at 19:47
    Permalink

    Сонау 1993 жылы Түркияның сол кездегі президенті марқұм Тургут Өзал уланып өлтірілуінен бірнеше күн бұрын Қазақстанға келіп елбасымызға аманат етіп кеткен бұл мектептерді, дəл осы жағдайды біліп кеткендей екен. Аманатқа қиянат жасалмаса екен енді, 25 жылда өздерін жақсы жағынан ғана көрсеткен жəне саясатпен қатысы жоқ ұстаздарға қол ұшын созбасақ опасыздық болатын шығар бұл, олардың алдында да,
    халықтың алдында да,
    Алланың алдында да.

    Reply
  • 22.07.2017 at 21:06
    Permalink

    Ар созге косыламын! КТЛ- БИЛ жабылуына жол бермеулеринизди отинемин!

    Reply
  • 22.07.2017 at 22:07
    Permalink

    Сонша жыл Қазақ xалқына қызмет еткен түрік бауырларымыз қазір не істерін білмей жатыр. Қазақстан визаны ұзартпай жатыр. Түркиеге барса түрмеге қамайды оларды. Басқа елдер де виза бермей жатыр (себебі Қазақстан визаның мерзімі кем дегенде үш ай болу керек). Енді визасыз мемлекеттерді қарастырып жатыр. Ол мемлекеттерге барса да, не істейді? Тіл білмейді, жұмыс жоқ. Сол мұғалімдердің отбасыны ойлаңыз, қандай қиын жағдайда.
    Біздің үкімет осындай әділетсіздік пен жамандыққа рұқсат бермеу керек.
    Дүниенің алғашқы 30 мемлекеттің қатарына кіргіміз келсе, алдымен адам құқықтарын қорғаудан бастау керек. Әйтпесе бұның бәрі бос әңгіме.
    Халқыма, ел басыма сенемін…

    Reply
  • 22.07.2017 at 22:51
    Permalink

    Макалада оте терен ой жатыр! Ел басы назарынан тыс калмайтынына сенимдимын. Ардайым тыныштык, татулык болсын!

    Reply
  • 22.07.2017 at 23:02
    Permalink

    Макала оте орынды, калай болсада казирги танда елимиздин болашагы жастардын колында. Сондыктан ешкандаи ултка болинбеи, тек билим илим алып барлык маселени дурыс жагынан тусинип колга алганымыз жон

    Reply
  • 22.07.2017 at 23:34
    Permalink

    Keshege deyn Kazakistanin kartada kayda ornalaskanin bilmeytin adamdar, Turik mugalimderiniz turali engime aytiuga kaki jok dep oylaym. Bul mugalimder Elimizdin egemendigin algan kunnen beri Kazaktin janinda jurip istik ta ayazda biz ben birge boldi, balalarimizdi terbiyeledi. Kiyin kezderse janimizda jurdi. Endi Kazak halki da bul mugalimderdin kiyin kezinde olardin janinda boliu tiis. Alla bashilarimizga kush kuat berip osi meselenin on sheshilune ikpal etsin. Kazak kiynalaganga kushak jayabiliu kerek. Bul areket bizdin egemen el ekenimizdin nishani boladi.

    Reply
  • 22.07.2017 at 23:39
    Permalink

    Өзім осы лицейде білім алдым. Түркияға да, басқа елдерге де жаулық ниетке тəрбиелемейді. Лицейде алған білімімнің əлі күнге дейін жемісін көріп келемін.

    Reply
  • 22.07.2017 at 23:49
    Permalink

    Жақында ғана бір жақын түрік мұғалім достарымызды шығарып салдық басқа мемлекетке. Тағы бір әріптесіміз жолға шығуға дайындалып жатыр. Барлығы осы саясатқа байланысты.
    Түрік бауырларымызды шығарып салуға барлық әріптестері, оқушылары, олардың ата-аналары, көршілері келген. Осындай тәрбиелеудің, билим берудің нағыз кәсіби мамандардын Отанымыздан кетип жатканына катты өкініп жатырмын. Шетелдік азамат болса да туған жерім бір үлкен мұғалім тұлғаларымыздан айырылып жатыр, денемнин бир бөліктеринен жогалтып жатканым сиякты сезінемін.
    Мектепте сабақ оқытып журген мұғалімдердің саясатқа араласып бүлік шығарып жүр деп айтылып жүрген сөздерге қалай да сенуге болады?
    Осындай оқиғалар тек өкініш, реніш сезімдеріне себеп болып жатыр.
    Бирак Құдайға шүкір Елбасымыз және үкімет Пакистан мемлекети сиякты түрік мұғалімдердің барлығын Түркияға сот-түрмелерге жиберип тастаған жоқ!
    Жарық кундер алдымызда деп сенемін…

    Reply
  • 23.07.2017 at 00:09
    Permalink

    Өзекті, қоғамдық дау тудыратын мәселені Сәуле Мешітпайқызы қозғапты. Өте орынды, өз басым қолдап, осындай батыл қадамға барғаны үшін алғыс айтамын.
    Ұлы Отан соғысы кезінде де немістің балаларын бауырымызға басқан xалық едік.
    Ал қазір бейбітшілік заманда Түрік ағайындарымызға қолдау көрсететін адам кемде кем болып тұр.
    Елбасымызға бұл мәселені жеткізетін адам арамыздан шығады деп үміттенемін.
    Түрік ағайындарымызға Алла сабыр берсін!

    Reply
  • 23.07.2017 at 01:00
    Permalink

    Алланың разылығы үшін мына мақалаға мəн бергеніміз дұрыс оқырман ! Себебі еліміздегі діни ахуал онсыз да күрделеніп бара жатқан кезеңде бізге жетпегені Түркияның “Маариф” діни білім беру қоры еді ! Оларға кім рұқсат береді екен ? Бізге мүлде қажет емес ондай сұмдық ! Лицейлердің ұстаздарына қандай айып тағылыпты, дəлел болмаса неге мұндай жағдайға жеттік? Тездетіп Елбасының назарына жеткізіңіздер, бұлай болуға жол берілмесін !

    Reply
  • 23.07.2017 at 01:10
    Permalink

    Меніңше, біздің Түрік ұстаздарына жасар жақсылығымыз олардың еңбектерін көптеп насихаттау. Осы мақаланы көпшіліктің арасына неғұрлым ұғынықты етіп тарату. Сонда ғана біз оларды халық болып қорғап қала аламыз. Сонда ғана олардың елдің дамуына сіңірген еңбектеріне нақты баға бере аламыз.

    Reply
  • 23.07.2017 at 01:16
    Permalink

    Мен Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінің жай-күйін оқушы күнімнен білемін. Сонау тоқсаныншы жылдардың ортасында бұл мекемені салих Ахчай есімді азамат басқарып отыр,ан тұста мені өзі басқаратын оқу орнына шақырғаны бар. Бір оқушылар арасында өткен байқауда топ жарып, айтыс біткеннен кейін Салих мырза маған келіп, “Бауырым, біздің лицейде оқығың еле ме? Егер келіссең сені осы жылы оқуға қабылдап аламын” деді. Ол кезде ауылдан ұзап көрмеген мен үшін Қостанай деген жердің түбі секілді көрінетін. Кейін лицейге бармағаныма өкіндім, шынымды айтсам. 1999 жылы мектеп бітіріп келіп, ЖОО-ға емтихан тапсырған кезде әлгі қазақ-түрік лицейін бітіргендердің барлығына дерлігінің гранттарға ие болғанына көзім жетті. Сол уақытта барып аталған білім орнының қаншалықты сапалы білім беретінін көрдім. Қазіргі таңда осы оқу орнының беталысына сүйсініп отырамын. Көп халықаралық жарыстарда оқушылары топ жарып жатады. Ішкі тәртібі, оқушылардың, ұстаздардың мәдениеті, білімділігі – көпке үлгі боларлықтай.
    Сол себепті, Сәуле Мешітбайқызының бұл жанайқай мақаланы жазуының да себебі бар. Апайдың бір адамның, бір мекеменің ғана мүддесн қорғағандығы емес, барша өскелең ұрпағымыз, біліміміздің келешегін қорғаштағаны анық. Бұл мәселеге жоғарыда отырған басшылар, Елбасымыздың өзі араша түсіп, іске нүкте қояды деп сенемін.

    Reply
  • 23.07.2017 at 01:46
    Permalink

    Өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап, Қытайдағы қалың қазақ жергілікті биліктен қорлық көрген кезде Түрік еліне баруды армандады. Алғашқы Елісқан, Қалибек хакім қатарлы елін алып, Кіші Азия түбегіне бет алған көш не көрмеді. Мыңдаған адам қырыла жүріп, түрік ағайындармен қауышты. Елуінші жылдардан бастап сол кездегі түрік билігі бауырлас қазағым деп, қандастарымызды Иран, Үндістан, Пәкістан қатарлы саяси-экономикалық шиеленіске толы елдерден көлік жіберттіріп көшіріп алды. Бұл Ататүрік құрған мемлекеттің түркі халқына жасаған үлкен ерлігі еді. Мұны “мен қазақпын” деген әрбіреуіміз ұмытпауымыз керек.
    Ал бүгінгі күні сол еліміздегі түрік ұстаздарының басына бұлт үйіріліп тұрған шақта оларды панамызға алып, әрі қарай жемісті еңбек етуіне неге жағдай жасамасқа! Бұған біздің билік барын салып, оң шешім қабылдау керек. Тәуелсіздігімізді алғаш болып мойындаған, құшағын айқара ашқан түрік ағайынға осындай қысылтаяң шақта көмектеспегенде, қашан көмектесеміз?
    Өзім Қостанайдағы қазақ-түрік лицейінде жиі болып тұрамын. Ол жердің білім беру тәсілі өзгеше. Ұстаздарының білімділігі, шәкірттердің ұқыптылығы қызықтырмай қоймайды. Өз ұлымның да білім деңгейі жетіп, аталған оқу орнынан білім алғанын қалаймын. Өз басым ұрпағымның сапалы білім алғанын қалап, оған келешекте дәріс беретін ұстазының да елімізде қалып, еңбек еткенін қалаймын. Сол себепті, сәуле апайымыз көтеріп отырған бұл жанайқайға Елбасымыздың өзі тікелей араласып, оң шешім табуына ықпал жасайды деген сенімім зор.
    Егер Сәуле Мешітбайқызы осындай мақала жазса, ол бекер көтерілген мәселе емес екеніне талай көзіміз жетті. Сондықтан бұл көтерілген жанайқай да далада қалмас деймін.

    Reply
  • 23.07.2017 at 02:28
    Permalink

    Осы макаланы колдай отырып, айтарым устаздарга виза беру керек. Олар казыр кыйын жагдайда. Окыган, жаксы адамдар бизге артык болмас

    Reply
  • 23.07.2017 at 10:30
    Permalink

    Өте орынды мақала. Білім саласында қызмет еткеннен кейін түрік ұстаздардан білім алған балалардың деңгейін өте жақсы екенін білемін.
    Түрік ұстаздарына қиындық түсіп тұрғанда қолдау көрсеткеніміз дұрыс болады.
    Ұстаздықты саясатпен араластыру еш қажет емес деп ойлаймын.

    Reply
  • 23.07.2017 at 12:42
    Permalink

    Лицейдин билим, тарбиеси оте жогары. Биздин елимизге оте кажет!
    Осылай болуына осы устаздардын УСТАЗДЫКТАРЫ себеп !! Елбасымыз дурыс, саликалы шешим кабылдайтынына сенемин!! Халкымыз да осы тилекте екени коринип тур!!

    Reply
  • 23.07.2017 at 13:46
    Permalink

    Бүкіл әлем санасатын Түркиядағы соңғы екі-үш жылдағы қолайсыз жағдайлар бүкіл Еуропаны, Орталық Азиядағы түбі бір түркі елдерін де алаңдатып отырған жайы бар. Кеңес империясынан бөлініп әрқайсысы жеке-жеке шаңырақ тігіп, өз тәуелсіздіктерін жариялаған түркі бауырларының қуанышына алғашқылардың қатарында ортақтасқан осы Түркия мемлекеті болатын. Содан соң тек қана сөз жүзінде ғана емес іс жүзінде бұл туысқан бауыр көмектесті. Әсіресе білім саласындағы көмегі ұшан-теңіз. Қазақ-түрік лицейлері өздерімен бірге жаңашылдықты, имандылықты әкелді. Мысалға Қазақстанда дана Елбасымыз білімнің бұл саласына аялы қамқорлық жасап, даңғыл жол ашты. Ол зор нәтижесін бергендігі жайында мақала авторы Сәуле Мешітбаева кеңінен айтып өтіпті. Біз әрқашанда шындықты ту ететін Сәуле Мешітбаеваның айтқанына толық қосыламыз. Ал бұл салаға қарама-қарсы ұйым құру ол абсурд. Оның не керегі бар? Еш қажеті жоқ. Бұл мемлекетіміздің саясатына, Елбасымыздың қамқорлығына деген зор қиянат. Оны тез тоқтатуды талап етеміз!

    Reply
  • 23.07.2017 at 13:47
    Permalink

    Мен А.Мәлкеев атындағы Есік қазақ-түрік лицейінің түлегімін. Ол жерде өткізген уақытымды өмірімдегі ең керемет жылдар деп айтсам қателеспеймін. Себебі лицей маған тек қана жақсы нәрселерді берді.          Әбу Насыр әл-Фараби атамыз: «Ең қауіптісі – тәрбиесіз берілген білім» деп айтқан екен. Міне, ҚТЛ-дің ең басты ұраны – әрі білімді, әрі тәрбиелі ұрпақ өсіру. Лицейде бірінші қатаң тәртіп, имандылық жоғары бағаланады, ал содан соң білім екінші сатыға қойылған.

    ҚТЛ − әлемдегі ең сапалы білім беретін оқу орны. Оның дәлелі әр түрлі олимпиадалардан, жобалардан әрқашан лицей оқушылары алдыңғы орындарды иеленіп келеді және мықты жоғары оқу орындарына түсіп жатқандар да солар.

        Негізі қазақ-түрік лицейлері осы түрік ғұламасы Фетхуллаһ Гүленнің идеясымен пайда болған. Гүлен атаның көп кітаптарын оқыдым. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) туралы тамаша кітап жазған. Сол ұлы адамның өмірін өнеге тұтқан Гүлен атаға жабылған жаланы естігенде қатты қапаландым. Алғаш рет лицейлер Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдары Түркия президенті Т.Өзал мен елбасымыз Н.Назарбаевтың бастауымен ашылды. Содан бері лицейлер әр қалаларда, облыстарда салына бастады. Оқып шыққан балалардың біліміне,тәрбиесіне жалғыз ата-аналары ғана емес, бүкіл әлем тәнті болды. Осы жақында ғана болған «ҚТЛ-дер жабылайын деп жатыр» деген жаңалықты білгенде бәріміздің төбе шашымыз тік тұрды. Ең бірінші ойымызға келген нәрсе: «Лицейлердің не жазығы бар?» деген болды. Шынында да ҚТЛ тәртіпті, иманды, білімді жастарды тәрбиелеп шығарғаннан басқа қандай кінәсі бар еді?! Әлде бұл Қазақстанның білімін төмендету үшін жасалған қастандық па? Кейбір ата-аналар тіпті «лицейде теріс діни ағымды үйретеді» деп білмей жатып өсек таратқанын естігенмін. Өзім оқыған жылдары ондай бассыздықтарды көрген емеспін. Әрқашан үлкендерге амандасып, сыйлауды, киімнің, сыртқы келбеттің таза болып жүруін үйретті. «Үйдегілер сендерге бүкіл жағдайды жасады, сендерге үміт артып отыр, тек бас алмай оқудан басқа сендердің жұмыстарың жоқ» деп ағайларымыздың айтатыны есімде.

        Бағымызға орай елбасымыз қазақ-түрік лицейлерін жаптыруға жол бермеді. Лицей түлектерінің, ата-аналардың қуаныштары шексіз болды. Меніңше ҚТЛ-ды жабуға тырысқандары, жазықсыз жалаға ұшыратуы қызғаныштан, іштарлықтан деп ойлаймын. Керісінше өз елімізде лицейлерді одан сайын көбейту керек, мектептерге де осы ҚТЛ жүйесін енгізу қажет деп есептеймін. Мәселен Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінде, университетінде тура лицей жүйесі қолданылып келеді. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» атты саясаты да осы лицейдің идеясынан туған ба деген ой келеді. Ендігіде мектептерде ағылшын тілінде сабақ өтетіні ол ҚТЛ-да бар нәрсе. Яғни мектептеріміз де осы жүйеге енуі әбден мүмкін. Н.Назарбаев атамыз лицейлерді өз қанатының астына алып, қорғаштап келеді. Демек біздерге, ҚТЛ оқушыларына ол кісі үлкен сенім артуда. Сол сенімді, үмітті ақтаймыз деп ойлаймын, лицейлеріміз көркейіп, жылдан-жылға мықты азаматтарымыз бен азаматшаларымызды тәрбиелеп шығарып, өмір бәйгесінен сүрінбей өтуіне Аллам нәсіп етсін!

    Reply
  • 23.07.2017 at 13:55
    Permalink

    Мен ұстазбын. Мектепте біраз жылдар жұмыс істедім. Кеңес өкіметінің де, тәуелсіздік жылдарындағы білім беру әдістемелерін жақсы білемін. Ал қазақ-түрік лицейлерінің білімді, тәрбиені беру әдістемелері өте тамаша. Балаларым осы лицейлерде оқыды. Қазір жоғары оқу орындарда оқиды. Олар үздіктер қатарында. Мен ойлаймын, осы салаға күмән келтіріп, оларды жабуға әрекет етіп жатқандар нағыз қателесушілер. Біз Елбасымыздың саясатын қолдаймыз. Олардың бұл салаға жасап отырғаны нағыз қастандық!
    Қадірлі Елбасы! Қалай болғанда да бұл қастандық жасаушылардың әрекетін тоқтатсаңыз екен. Бұлар тек білім саласына ғана емес, екі туысқан елдің, халқымыздың ынтымақ, бірлігіне сызат түсіруді көксегендер! Біз сізге сенеміз.

    Reply
  • 23.07.2017 at 14:05
    Permalink

    Қалыптасып қалған, халықтың көңілінен шығып жатқан ғажайып нәрсені, сондай-ақ өркениет талабына сай келетін инновациялық жобаны қиратамыз деу нағыз ақылсыздық, көзсіздік. Меніңше бұл еліміздің өзіндік саясатына қол сұғушылық. Солардың дегеніне қарап атын өзгерттік. Көреген Елбасымызға рахмет. Мұны ол кісі екі туысқан елдің ынтымағына зиян келмесін деп өзгертті. Бірақ олар мұны түсінбей тұрған тәрізді. Қалай болғанда да бұл әрекеттерінің тым артық кеткендігін ескерту қажет деп ойлаймыз.

    Reply
  • 23.07.2017 at 14:10
    Permalink

    Бұл мәселені батыл көтерген. “Президент және халық” басылымына, “Елана” сайтына зор алғыс білдіремін. Мақала терең, мәнді, жан-жақты жазылған. Менің алып-қосарым жоқ. Мен де осы қалыптасып қалған, елдің, ата-аналардың сенімінен шыққан инновациялық жобаны бұзушылардың ниеттеріне қарсымын.

    Reply
  • 23.07.2017 at 14:15
    Permalink

    Сәуле Мешітбаева әрқашанда халқымыздың, ұлтымыздың діттеген көкейтесті мәселелерін көтереді. Бұл жолы да қателескен жоқсыз. Біз ата-аналар президентіміздің саясатын қолдай отырып, бұл бұра тартушыларды ауыздықтауды талап етеміз.

    Reply
  • 23.07.2017 at 14:24
    Permalink

    Қадірлі Елбасымыз! Шынында да алдымен Алла, содан соң сіз, сіздің кемеңгер басшылығыңыздың арқасында қазір біздің елімізді бүкіл әлем біледі. Қазір де бүкіл төрткүл әлемнің назары біздің Қазақстанда, Астанада. ЭКСПО өте табысты өтуде. Миллионнан аса адам қазірдің өзінде көрмені тамашалап үлгерді. Мен ойлаймын мақаладғы көтерілген мәселелер өте орынды қозғалып отыр. Біз қарапайым халық көп нәрсені біле бермейміз. Мына мәселені оқығанда бұра тартушылардың әрекеттеріне қатты ренжідік. Мұны дереу тоқтату керек. Бұл шынында да ынтымақ, бірлігімізге деген қастандық. Сізден өтінеріміз осы бассыздықты өрістетпей тоқтатсаңыз екен…

    Reply
  • 23.07.2017 at 16:09
    Permalink

    Қадірлі Нұрсұлтан аға! Бар болғаны 26 жылдың ішінде Қазақстан бір Алламыздың мейір-шапағатымен бұрын-соңды болмаған даңққа бөленді. Шүкір, өзіңіздің дана басшылығыңызбен қазағымызды бүкіл төрткүл әлем біледі қазір. “Малым жанымның садағасы, арым жанымның садағасы” деп адал, таза, текті, жайсаң қазағымыз тәуелсіздігімізге дейін не көрмеді десеңші! Соншалықты ауыр кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқына тәуелсіздік ақыры бұйырды. Бүкіл түркі елдері бостандыққа шықты. Туысқан Түркия елі шаттана қуанып, өзінің елдігін, туысқандығын,бауырмалдығын танытты. Көмегін аяған жоқ. Соның ең сүбелісі білім саласындағы бізге берген бауырмалдық көмегін халқымыз ұмытпайды.
    Менің сізге айтайын дегенім осы білім саласын өркендетуге жүздеген, мыңдаған ерікті түрік бауырлар келді. Олар күні-түні еңбек етіп, кішкентай бауырларын тәрбиеледі, терең білім берді. Олар қазақ бауырларымен, жұртымен біте қайнасып, бізбен бірге өмірдің ащы-тұщысын көрді, бастарынан кешті. Әсіресе, сізді, Нұрсұлтан аға шын жүректерімен жақсы көріп, сіздің тілеуіңізді тіледі. Олар бүкіл әлемге, түркі жұртына, Түркияға сіздің игі істеріңізді, жаңашылдығыңызды ұланғайыр істеп жатқан ұлы істеріңізді, әкелік қамқорлығыңызды үнемі айтып, насихаттап, жария етті. Олардың біздің елімізді өз еліндей жақсы көріп, шын жүрегімен сүйіп еткен еңбектері ұшан-теңіз. Қазіргі қазақ-түрік лицейлерінің, үлкенді-кішілі орта, жоғары оқу орындарының даңққа бөленуіне, бүкіл әлемге Қазақстанды танытуына деген үлестері ерекше екенін мен жақсы білемін. Журналист, азамат ретінде бұл жөнінде біраз дүниелер жаздым.
    Қадірлі Нұрсұлтан аға! Өзіңіз ашып, батасын берген, әрқашанда қолдау көрсетіп келе жатқан халықаралық “Қазақстан ZAMAN” газеті биыл 25 жасқа келіп отыр. Мен осы газетте 12 жылдан бері бас редактор болып жұмыс істеп келемін. Түрік ағайындарды, інілерімді, бауырларымды тонның ішкі бауындай өте жақсы білемін. Бұл азаматтар мен азаматшалардың бір ғажайып қасиеттері рухани жағынан өте бай жандар. Дүниеге қызықпайтын бұл жайсаң жандар қазақ халқына, жұмысына, мамандықтарына өте адал, таза әрі шын жүректерімен беріле қызмет атқарып келеді. Ел анасы Сәуле тәтей және мен олардың отбасылармен араласамыз. Олардың қуанышы, қызығы, мұңы, қайғысы мен қасіретімен әрқашанда ортақтасып, біте қайнасып бірге өмір сүріп келе жатырмыз. Соңғы бір-екі жылда болып жатқан Түркия еліндегі өзгерістер бізді алаңдатып отыр. Әсіресе мұндағы алаңсыз еңбек етіп жатқан түрік бауырларымыздың жағдайы өте ауыр. Олардың жүздеріндегі мұңды, күнделікті өмірдегі уайымдарын көру біз үшін де өте ауыр да қиын. Қазір олардың жұмысында, өмірінде бір берекесіздік бар. Ең жаманы екі жылдан бері түрік бауырларымыз еліне, жеріне, ата-аналарына, туған-туыс, бауырларына бара алмай, қатынамай қалды. Бұл зор қасірет. Адам тағдырын ойыншыққа айналдырған адамдарға біздің өкпеміз қара қазандай. Біздің айтайын дегеніміз өзіңізді шын жүректен жақсы көріп, кеңінен насихаттап, сіздің атыңызды, істеріңізді төрткүл әлемге паш етіп жүрген ізгі жандарға, түрік бауырларға осындай қиын кезеңде таы да қолдау көрсетсеңіз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сәттілік, бақыт тілейміз.

    Reply
  • 23.07.2017 at 16:17
    Permalink

    Біз қазақ-түрік лицейінде тек оқыған жоқпыз, зор тәрбие көрдік. Біз қайта түледік, қайта өмірге келгендей болдық. Біз мұнда білім құдіретін сезіндік. Ерекше қанаттандық, биіктерге ұшып, самғадық. Ұстаздарымыз біздің қолымызға әлем қақпасының алтын кілтін берді. Біз Еуропаны, Американы, Қытайды, Ресейді басқа да аузын айға білеген мықтыларды білімімізбен, білігімізбен бас идірдік. Қазақтың қара баласын даңққа бөлеген, оны өсірген, тәрбиелеген, білім берген кім? Ол біздің қарапайым ұстаздарымыз. Түрік ағайлар, апайлар күні-түні жүректерінің, көңілдерінің шуағын, нұрын төкті. олар отбасыларынан, денсаулықтарынан, өмірлерінен біздің тәрбиемізді, білімімізді артық көріп, жанымызда жүрді. Ұстаздар бізді өте жақсы, шынайы жақсы көрді. Біз оларды жақсы көрдік, сүйдік. Біз оқыған білім ордаларына, ұстаздарымызғатөнген қауіп біздің жүректерімізді ауыртты. Оларға елбасымыз, ел ағаларымыз көмектеседі деген үміттеміз.

    Reply
  • 23.07.2017 at 16:49
    Permalink

    Мақала өте орынды жазылған.Қазақ-түрік лицейлерін (қазіргі БИЛ) тек жақсы жақтарынан ғана танимыз.Бұл мектепті басқа мектептерден ерекше ететіні ,оның ұстаздары,беріліп жатқан тәлім -тәрбиесі.Мақала тиісті орнына жетіп ,оң шешімін табады деген үміттеміз.

    Reply
  • 23.07.2017 at 16:50
    Permalink

    “Елана” сайтынан оқыған Сәуле Мешітбайқызы ханымның мақаласы мені де бейтарап қалдырмады.Бұл қалайша деп ойланумен болдым. Егер түрік мұғалімдерінің визасы мәселе тудырса лицейлер ең білімді мұғалімдерінен айрылып қалмай ма? Жаңа оқу жылының басталуына бір ай қалды. Мәселе қашан шешімін таппақ?! Қазақстан республикасында ең басты байлық адам деп айтылады. Олай болса адамзат тағдырына көп болып атсалысқанымыз жөн ағайын. Бұл мәселе Елбасына жетсе оң шешімін табарына күмән жоқ. Тек тезірек хабардар болсын деп тілеймін.

    Reply
  • 23.07.2017 at 16:52
    Permalink

    Мақала өте орынды жазылған.Қазақ-түрік лицейлерін (қазіргі БИЛ) тек жақсы жақтарынан ғана танимыз.Бұл мектепті басқа мектептерден ерекше ететіні ,оның ұстаздары,беріліп жатқан тәлім -тәрбиесі.Мақала тиісті орнына жетіп ,оң шешімін табады деген үміттеміз

    Reply
  • 23.07.2017 at 17:03
    Permalink

    Сәуле Мешітбайқызын қолдаймын, мақала орынды жазылған. Үш немерем осы түріктер ашқан лицейде оқып бітірді. Демирел университетінен мамандық алып шықты. Қазір бәрі де мұнай компанияларында еңбек етіп, азамат болып, елге қызмет етуде. алды үйленіп, шаңырақ көтерді. Үлгілі, білімді, іскер азаматтар, бірнеше тілде сөйлейді. Түрік мұғалімдеріне алғысым шексіз. Рахмет айтамын. Олай болса олардың қазіргі жағдайына ел болып назар аударайық ағайындар!

    Reply
  • 23.07.2017 at 19:28
    Permalink

    15 жыл бойы танимын осы салада жүрген түрік ағайларды. Осы уақыт ішінде адам тұрмақ жан-жануарға зиян келтіргендерін көрмедім,бірақ талай адам өмірінің жақсы жаққа өзгеруіне себепші болғанын көрдім. Қазақ балалары үшін ата-анасындай қарап,көмегін аямағынын,кейде өмірін де қиғанын көріп-естідім. Біздің басымызға қиындық туғанда қасымыздан табылған ағайларымыздың басына қиыншылық туғанда біздің ел де оларды далада тастамас деп сенемін.

    Reply
  • 23.07.2017 at 22:10
    Permalink

    Түрік ұстаздарына алғыстан басқа айтарымыз жоқ

    ​Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ел -Ана» сайтының бас редакторы Сәуле Мешітбайқызының Егемен елімізде ширек ғасырдан бері білім беру саласында еңбек ете жүріп, өскелең ұрпақ тәрбиелеуге, оқу-тәрбие жүйесіне жаңа технологиялар енгізуге теңдессіз үлес қосып жүрген, білім берудің өзіндік стандартын қалыптастыруға шексіз еңбек сіңірген түрік ұстаздары жайлы «Жазықсыз жандар саясат құрбанына айналмасын» деген мақаласын, мақала дейміз-ау, адал ана жүрегінен шыққан жанайқайын оқып, мен де осы хатты қолдайтындығымды білдіргім келіп отыр.
    ​Біздің Солтүстік Қазақстан облысының орталығында да қазақ-түрік лицейі бар. Бұл оқу орны 2006 жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Қазір ол облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация лицей-интернаты» деп аталады. Алғашында Ахмет-бей деген түрік азаматы басқарды. Қазір директоры – өзіміздің қазақ жігіті. Осы жылдар ішінде лицей өңіріміздегі ең іргелі, сапалы білім-тәрбие беретін оқу ордасына, инновациялық оқытудың ұстаханасына айналды. Олай дейтініміз – ең алғашқы түлектерінің 12-сі лицейді «Алтын белгіге» аяқтап, өңірімізде айды аспанға бір-ақ шығарған еді. Содан бері «Алтын белгі» алудан облыс бойынша көш басынан түсіп көрген емес. Яғни түрік ағайындар қалай оқыту керек екендігін осылай танытты. Лицей жүмыс істей бастаған кезден бастап,әйтеуір, осы оқу орнына түссем деген шәкірттердің ынтасы мен саны бір рет те азайып көрген емес. Жоғары оқу орнына сынақтан өтіп жатқадай. Бұл лицей оқушыларға негізгі ғылыми пәндерді, яғни метематика, биология, химия, информатика сияқты «қиын» сабақтарды 1-шіден емес, 7–ші сыныптан бастап та ағылшын тілінде оқытуға болатындығын іс жүзінде дәлелдеп берді, дәлелдеп келеді де. Ондағы оқыту жүйесі ана тіліне ерекше мән береді. Өйткені лицейде білім алып жатқандар – негізінен жергілікті қазақ балалары. Облыстық қана емес, республикалық, халықаралық, дүниежүзілік олимпиадаларда өңірімізге «дорбалап» медаль әкеліп жатқандардың басым бөлігі де, облысымыздың даңқын аспандатып жүргендер де – солар. Осыны көре отырып, әлі күнге дейін бір шешімге келе алмай жатқан қазақстандық білім беру жүйесіне өзіндік инновацияны енгізіп үлгерген, сол арқылы өздері негізін қалаған білім беру мекемелерін шырқау биік шыңға көтерген түрік ұстаздарына, олардың қазіргі жағдайына немқұрайдылық таныту қазақтығымызға сын, адамгершілігімізге мін дегім келеді. «Түп қазығымыз – қазақ елі» деп келіп, оқу жүйесінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жатқан түрік ұстаздарына алғыстан басқа айтарымыз болмауы керек. Оларды қорғау, қиын сәтте қол ұшын беру, жақсылыққа жақсылық жасау – атадан қалған дәстүр емес пе? Біз неге одан шет қалуға тиіспіз?! Сәуле апайымыз айтпақшы – «Жазықсыз жандар саясат құрбаны болмасын!».
    ​Айтпақшы, таяуда өзіміздегі М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 6 айлық визамен келіп, проректор қызметін атқарып жатқан Орхан Сөйлемес деген түрік азаматымен таныстым. АҚШ-та Қазақ халқының біртұтастығы жайында ағылшын тілінде диссертация қорғапты. 5-6 шетел тілін меңгерген. Қазақша сөйлегенде, бізді жаңылдырады. Бізге келгелі орыс тілін де үйреніп алыпты. Өзінің айтуынша, Қазақстанға қызығушылығы белгілі әдебиеттанушы Рахманқұл Бердібаевпен кездескеннен кейін басталса керек. Бүгінгі күні Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қазақ жастары арасында насихаттау мәселесіне ден қойып жүр. Қоғамдық сананы жаңғыртудың қаншалықты қажеттілігі бар екендігі жөнінде сағаттап сұхбат беруге бар. Таптырмайтын қазына екендігіне сөйлесу барысында көзім жетті. Үлгі тұтарлық, басқаларға үлгі етерлік азамат! Қалай құрметтемейсің осындай түрік бауырды?! Өзіміз білмегенді білгізетін, қолымыздан келмейтінді үйрететін азаматтан сырт айналуға бола ма?! Ол адамдығымызға, ата дәстүрімізге жатпайды ғой.
    ​Сәуле апай Президентімізге арнаған хатында барлық жағдайды кеңінен қамтығын екен. Оған алып, қосарымыз жоқ. Қолдаймыз! Түрік ұстаздарына араша сұраймыз!

    Нұрсайын Әбуұлы,
    еңбек ардагері,
    Солтүстік Қазақстан облысы

    Reply
  • 23.07.2017 at 23:34
    Permalink

    Очень хорошая статья, считаю этот вопрос нужно поднимать на высший уровень. Все описанные аргументы являются фактами, которым множество доказательств. КТЛ это отличные знания, хороши друзья и светлое будущее всех учащихся и выпускников.

    Reply
  • 24.07.2017 at 11:52
    Permalink

    Бейбіт заманда бүлік бастаған саяси күштердің қолдан жасалған қиындығы түрік бауырларымыз үшін сынақ болып тұр. Қазақ Елі егемендік алғалы қаншама елден инвестиция тартса да, білім мен ғылым, ағартушылық жəне адамгершілік, ізгілік секілді аса құнды қасиеттерді өзімен арқалай келген түрік ағайынға қияметке шейін қарыздар болмақ. Заманында туған жерін Алланың ризалығы үшін тастап, Мәдинаға көшкен мұхажирлерді ансарлар қалай қарсы алса, есін енді жиған Қазақия Түркиядан келген бауырларын солай қарсы алды дей алмаймыз, əрине. Бірақ, еңсемізді тіктеуге жəрдемі тиген олардың сын сағатында сағын сындыруға саналы түрде қадам жасағанымыз немесе үндемей отырғанымыз жарамас. Алла Тағала жеңілдігін берсін!

    Reply
  • 24.07.2017 at 12:05
    Permalink

    Түрік ағайындардан жамандық көрген жоқпыз. Зәулім ғимараттардан басқа-көзге көрініп тұрған- ұшан-қиыр білімді айтсаңызшы!!! Жағарыда отырғандардың алдыңғы буында санамағанда, кейінгі буынның барлығы дерлік қазақ-түрік лицейлерін бітіргендер, ол айдан анық. Баяғыда орысша оқыту престиж болатын,одан кейін жаңа ,жас мемлекетіміздің болашақтары осы қазақ-түрік лицейлерінде терең білім алды. Алғыстан басқа не айту керек? Медицина төңірегіндегі жаңалықтарымыз қандай! Асып-таспайтын,зиялы,түрік ағайындарымызға келген сынның сыйы үлкен болсын! Мен өзім танитын Ахаң (Ахмет Аляз) ,Доган мырза (Йылдыз Доған),өзіміздің Сер-ағамыз (Серкан Хастүрк) тек бір зиялылығымен, мәдениеттілігімен, білімділігімен елге танылып жүрген азаматтар,ал мен білмейтін түріктің жайсаңдары мен жақсылары қаншама!!! Сауле апай, жанайқайыңыз Елдің қамын ойлаған Азаматтардың құлағына жетсін, еңбегіңіз ақталсын!

    Reply
  • 24.07.2017 at 12:15
    Permalink

    Мақала авторын толығымен қолдаймын.Өте өзекті мәселе көтерілген.Осындай қиын сәтте түрік ұстаздарына қолдау көрсетіп,араша түспеу азаматтык арымызға сын.Өз азаматтарын өз елінде жазықсыз кінәлі етпекші болған ел, басқа елдің ішкі істеріне араласып абырой әкелетініне күмәніміз зор.Түрік ұстаздарына қатысты мәселе біздің ел тарапынан тез арада оң шешімін табады деген сенімдеміз.

    Reply
  • 24.07.2017 at 13:06
    Permalink

    Осыдан біршама уақыт бұрын білім саласының білгірі саналатын, өзі “Болашақпен” шетелде білім алып, тəжірибе жинаған азаматпен сұхбаттасып отырып, бүгінгі мектептердің жай -күйі, мұғалімдердің біліктілігі, əсіресе, “пəленшенің келіні, түгеншенің балдызы” деген статуспен мектепке ойда жоқта қызметке тұрған ауыл мұғалімдерінің сабақты қалай беріп жүргенін айтып, ой бөлістік. Болашағымыз деп үміт артып отырған ұл -қызымыздың сапалы білім алуы бүгінгі таңда бұлыңғырлау болып бара жатқанын сөз еттік. Сонда кейіпкерім “лажы болса баланы КТЛ-да оқытуға тырысу керек. Осы мектептерде білім бар” деді. Шынымды айтсам, лицей жайлы алып -қашпа түрлі пікір айтылып жатқан кез. Ал, министрлікте қызмет атқарған азамат сол лицейді жақтап отырғаны таңқалдырғаны рас. “Балам шын білімді болсын дегендер осы лицейді таңдайды” дей келе, КТЛ-дың жетістігін тізбелеп шықты.
    Қызығушылығым артып, сол жылдары өзіме жақын Шымкенттегі ҚТЛ-дың ұлдар лицейіне жиі барып жүрдім. Шымкенттегі белді университеттің ректоры жүр. “Немерем осында оқиды ” дейді. Есімін өңірге келген сайын Елбасы өзгеге үлгі етіп атайтын кәсіпкер, меценат азаматтың немересі де осы лицейде оқитынын білдім. Мұндай мысалды көптеп келтіруге болады. Ұрпағының білімді, тəрбиелі болғанын күйттеген қарапайым көп азаматтыосы лицейлерден кезіктіресіз. Ал, Сауле Мешитбаева анамыз көтеріп отырған мына мəселе…. ойландырады. Саясаттың құрбаны болудың қандай екенін талай зұлматты бастан кешірген, талай ағартушы арысынан айрылған, басқа басқа біздің қазақ жақсы біледі. Мәселеге биік мінберден мəн беріліп, оң шешіледі деген үміт бар.

    Reply
  • 24.07.2017 at 13:20
    Permalink

    Сәуле апай қоғамдағы ешкім батылы бара бермейтін тақырыптарға қалам сілтейді.Бүгінгі таңдағы КТЛдың тағдырына қазақ қоғамының бей -жәй қарамайтыны белгілі.Саясаттың білімге араласып КТЛдарды қолды болып кеткенін ешқайсымыз қаламаймыз.Ал осы білім жүйесіне ширек ғасырын арнаған түрік мұғалімдерге араша түсу керек.

    Reply
  • 24.07.2017 at 13:40
    Permalink

    Сәуле апамның мақаласын толық оқып шығып, Түркия басшылығының іс-әрекетіне қатты таң қалдым. Осыдан тура бір жыл бұрын бауырлас елде болған жағдай көпшіліктің есінде. Төңкеріс жасамақ болды дегенді сылтау етіп, мыңдаған көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың түрмеге тоғытылғанын естіп, көрдік. Енді, алыстағы Қазақстанда қызмет етіп жүрген мамандарға қысым көрсеткені қай сасқаны екен. Әлде, басыну ма? Сәуле апамның сөзінің жаны бар. Қолдау сұрап, пана болуды өтінген ұстаздарға мүмкіндігінше жағдай жасалуы керек деп ойлаймын. Бұл бір жағынан, адамгершілік, азаматтық деген секілді қасиеттердің сыналар шағы туғандай әсер етеді маған.
    Екіншіден. Қазақ-түрік лицейінде менің де ұлым оқып, бітірген еді. Бұл оқу орынында балаларға қандай-да бір теріс тәрбие беріледі деген сөздермен мүлдем келісе алмаймын. Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет лицей ұстаздарының, сол тәлімгерлер арқылы оқушылардың бойына сіңген ұстаным. Достық, сыйластық, бауырластық қасиеттер мұғалімдер тарапынан дәріптеліп отыратынын өз көзіммен көрдім. Ал, білім беру мәселесіндегі ерекшеліктер мен жетістіктер жоғарыдағы үндеу мақалада толық келтірілген. Мен осы лицейде оқып, соның арқасында үлкен өмірге нық қадам басуға мүмкіндік алған баланың ата-анасы ретінде ұстаздарға қолдау көрсету туралы бастаманы толықтай қолдаймын және бұл мәселеге бей-жай қарамау керек деп есептеймін. Ұстаздар қамқорлыққа алынсын!

    Reply
  • 24.07.2017 at 13:40
    Permalink

    Сәуле апайымыздың көтеріп отырғаны – бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе. Білім саласына төніп тұрған зор қауіптің алдын алайық, ағайын! Оң шешімін табатындығына сенім мол…

    Reply
  • 24.07.2017 at 13:41
    Permalink

    Шынында да Түркия елі 1991 жылы 16 желтоқсан ҚР жарияланған кезде 15 минуттың ішінде еліміздің тәуелсіздігін мойындады. Сол кезде бауырлас Түркия елі Қазақстанға саяси ғана емес, экономикалық және мәдени де жәрдем көрсетті. Бірқатар түркиялық бизнесмендер мен қоғам қайраткерлері, мұғалімдер сол бір қиын сәтте еш нәрсеге қарамай Қазақ еліне келіп, еліміздің гүлденіп көркеюіне қомақты үлес қосып келеді. Түркияның бірқатар президенттері елімізде бірнеше білім беру ұйымдарының ашылуына, солардың қызмет жасауына қор ықылас білдіріп жатты. Осы уақытқа шейін Түркияның мемлекет қайраткерлірінің бірден-біреуінің қазақ-түрік лицейінің қызметіне қарсылық көрсеткенін естіген емеспіз. Қазіргі кездегі Түркия басшылығының қазақ-түрік лицейлеріне неге қарсы болып жатқандығы түсініксіз. Бұл білім беру ұйымдары толығымен Қазақстанның заңнамасының сай жұмыс істеп келе жатыр. Еліміздің білім беру саласына салмақты үлес қосып жатыр. ҚТЛ (қазіргі БИЛ) 2013-2015 жылдары аралығында халықаралық, республикалық, облыстық білім олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарында қол жеткізген жетістіктері – 5027 жүлде. Әлі күнге шейін қтл-дар еліміздің білім мен тәрбие беру ісінде алдыңғы қатарлы ордалардың бірі. ҚТЛ түлектері еліміздің дамып көркеюіне зор үлес қосып жатыр. Ал ҚТЛ (БИЛ)-дағы түрік мұғалімдері еліміздің білім беру ісіне үлес қосып қана қоймай, қазақ тілі мен мәдениетін құрметтеп, үйреніп, тіпті мемлекеттік тілде судай сөйлеп, бұған қоса халық әндерін шырқап жүргендер де бар. Батыс Қазақстанда оқушысын өзенге батып кетуден аман сақтап қалам деп, өзін құрбан еткен түрік мұғалімі еш уақытта та жадымыздан кетпейді. Сонау 90-жылдар қиын қыстау кезеңдерден бері ҚТЛ (БИЛ) мұғалімдері қашан да Қазақстанмен бірге, қиын-қыстау кезеңдер де, қуанышты жарқын күндерде де, нағыз достар. Сондықтан да елші мырзаның ҚТЛ (БИЛ)-да жұмыс істеп келе жатқан мұғалімдерден не бір ақысын ала алмай жүргені түсініксіз?!

    Reply
  • 24.07.2017 at 13:47
    Permalink

    Осыдан біршама уақыт бұрын білім саласының білгірі саналатын, өзі “Болашақпен” шетелде білім алып, тəжірибе жинаған азаматпен сұхбаттасып отырып, бүгінгі мектептердің жай -күйі, мұғалімдердің біліктілігі, əсіресе, “пəленшенің келіні, түгеншенің балдызы” деген статуспен мектепке ойда жоқта қызметке тұрған ауыл мұғалімдерінің сабақты қалай беріп жүргенін айтып, ой бөлістік. Болашағымыз деп үміт артып отырған ұл -қызымыздың сапалы білім алуы бүгінгі таңда бұлыңғырлау болып бара жатқанын сөз еттік. Сонда кейіпкерім “лажы болса баланы КТЛ-да оқытуға тырысу керек. Осы мектептерде білім бар” деді. Шынымды айтсам, лицей жайлы алып -қашпа түрлі пікір айтылып жатқан кез. Ал, министрлікте қызмет атқарған азамат сол лицейді жақтап отырғаны таңқалдырғаны рас. “Балам шын білімді болсын дегендер осы лицейді таңдайды” дей келе, КТЛ-дың жетістігін тізбелеп шықты.
    Қызығушылығым артып, сол жылдары өзіме жақын Шымкенттегі ҚТЛ-дың ұлдар лицейіне жиі барып жүрдім. Шымкенттегі белді университеттің ректоры жүр. “Немерем осында оқиды ” дейді. Есімін өңірге келген сайын Елбасы өзгеге үлгі етіп атайтын кәсіпкер, меценат азаматтың немересі де осы лицейде оқитынын білдім. Мұндай мысалды көптеп келтіруге болады. Ұрпағының білімді, тəрбиелі болғанын күйттеген қарапайым көп азаматтыосы лицейлерден кезіктіресіз. Ал, Сауле Мешитбаева анамыз көтеріп отырған мына мəселе…. ойландырады. Саясаттың құрбаны болудың қандай екенін талай зұлматты бастан кешірген, талай ағартушы арысынан айрылған, басқа басқа біздің қазақ жақсы біледі. Мәселеге биік мінберден мəн беріліп, оң шешіледі деген үміт бар.

    Reply
  • 24.07.2017 at 13:58
    Permalink

    Адам жаны әділетсіздік пен қатыгездікке күйеді. Әсіресе, жазықсыз адамға жасалса. Әсіресе, пайдасы тиген жазықсыз адамға жасалса… Қазақстанға қыстың күні қырауда келіп, үйі жоқ, күйі жоқ қарапайым адамдардың тек Алланың разылығын көздеп, 70 жыл құдайсыз қоғам тәрбиелеген елдің балаларының көзін ашпаққа ұмтылып, мектеп ашқан, білімінің нәтижесін олимпиадалар арқылы дәлелдеген иманды түрік бауырларымызға өзге елден, өзге территориядан қоқан-лоқы жасауы, елден қууы, жала жабуы, көш азабына салуына жаның күйердей-ақ күйеді.

    Керек десең, өзіңе зияны тиген адамның өзі жалған жаланың құрбанына айналса, жаның ашиды. “Әй, маған тигізген бір күнәсін қойшы, адам болғасын біреуді жаралайсың, артынан кешірім сұрайсың. Бірақ жалған жалаға ұшырағаны қандай жаман!” деп ішің қан жылайды ғой. Ал, титтей зияны жоқ, тигізген пайдасы орасан көп адамдарға жала жабылса ше? Оларға көмектеспесең, тым болмаса қарлығаштың қанатымен су сепкендей болмашы бір жәрдем етпесең, мұсылмандығымыздан не қалды, қазақтығымыздан не қалды???

    Көп түкірсе – көл. Мақала Елбасының құлағына жетер. Көптің тілегі қабыл ғой.

    Reply
  • 24.07.2017 at 14:02
    Permalink

    Бұл мақаланы Қаз білім, Қамшы кз, Абай кз ,Қазақ үні, Матрица секілді танымал басылымдар көшіріп басты. Әліде көшіріп басатындар шығады деген үмітім бар. Осы орайда айтқым келгені: егемен бастаған қара нардай көшбасшы газеттер үнсіз жатыр. Олар не, “Президент және Халықтан” әулие ме? Шынына келсек, қаржылары қомақты, айлықтары салмақты мырзалардың “тыныштық сақтап” , әліптің артын бағуы екіжүзділіктің нағыз өзі. Олардың балалары қазақ-түрік лицейлерін бітіргенін жақсы білеміз. Енді келіп ашық күнде түйеқұс құсап бастарын құмға тығып жатыстары ашу туғызады? Мүнша жасық, мұнша қорқақ, мұнша намыссыз болар ма едік. Әй, қазағым-ай, бүйте берсек ел болмаймыз ғой. Түрік ұстаздарды қорғай алмасақ, олардың еткен еңбегін әділ бағаламасақ қалай жер басып жүреміз. Ойланайық, ағайын!

    Reply
    • 24.07.2017 at 15:42
      Permalink

      Дурыс айтасыз!

      Reply
  • 24.07.2017 at 14:26
    Permalink

    Ия мəселе дұрыс көтерілген жақсы оқылып жақсы пікірлер жазылып жатыр қарапайым халықиың үні естіледі..Биліктегілердің тіпті жоооғарыдағылардың балалары немерелері оқиды ол белгілі солар жеткізсе Елбасына! Басқа жауласқан елдерді елдестіріп саясатың саңлағы Елбасымызға жетсе, бұны бұлай қалдырмас зиялы қауым ұстаздар ақсақалдар қарасақалдар қайда пікірлеріңізді қоссаңыздаршы..?! Азаматтық ұстанымдарыңызды ақыл кеңестеріңді қаншама пікірлер бар Аллаға шүкір бізде демократия бар осы жазғанымыздың өзі сол демократияның барлығы. .! Автордың жүректен шыққан нақты дəлелдермен адамгершілік аналық үні жан айқайы жүреккн жеткені оқығандардан пікірлерден көруге болады Менде ардагер ұстаз ақсақал ретінде Алладан қолдаймын тілеймін..Алланың қүлағына,362 əулие əруақтары қолдасын..,елбасының назарына жетсе .. Жазған авторды,қолдап жазған газетті, сайттарды,немқұрайлы қарамай пікір жазғандарға ,Алла разы болсын. .! Маңғыстаулық ардагер ұстаз, Есболған

    Reply
  • 24.07.2017 at 15:23
    Permalink

    https://www.azattyq.org/a/28634777.html

    Атамбаев қырғыз-түрік лицейлерінің жабылмайтынын айтты
    24 шілде, 2017
    Алмазбек Атамбаев Шолпан Атадағы баспасөз мәслихатында. 24 шілде 2017 жыл.
    Алмазбек Атамбаев Шолпан Атадағы баспасөз мәслихатында. 24 шілде 2017 жыл.
    Бөлісу
    Принтерден шығару
    Пікірлерді көріңіз
    Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Шолпан Атадағы баспасөз мәслихатында елдегі түркиялық “Сапат” (бұрынғы – “Себат”) оқу орындары өз жұмысын жалғастыра береді деп мәлімдеді. Атамбаев айтуынша, мұнда білім сапасы жақсы, сондықтан Қырғызстан оны жабудан бас тартты”

    – Түркияның Қырғызстандағы елшісі Қырғызстанда 3500 “гүленші” бар депті. Олар Қырғызстандағы “гүленшілер” “Сапатта” жұмыс істейді деп ойласа керек. Бірақ бұл шындыққа сай келмейді, – деді Атамбаев.

    “Сапат” – Қырғызстандағы халықаралық білім беру қоры. Бұл қорға қырғыз-түрік лицейлері кіреді.

    Анкара екі жылдан бері Астанадан да «гүленшіл» оқу орындарды жабуды сұрап келеді. 2014 жылы сәуірде Қазақстанның білім және ғылым министрлігі «қазақ-түрік лицейлері жабылмайды» деп мәлімдеген. Кейін бұл лицейлердің атауы “білім-инновациялық лицейі” (БИЛ) деп өзгерді

    Reply
  • 24.07.2017 at 15:49
    Permalink

    Бауырларымызды батпаққа итермейміз!
    Осыдан екі-үш күн бұрын «Президент және халық» газеті мен «ЕлАна» сайтынан халықаралық «Қазақстан-zaman» газеті Бас директорының бірінші орынбасары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Елана» сайтының бас редакторы Сәуле Мешітбайқызының «Жазықсыз жандар саясат құрбанына айналмасын!» атты мақаласын оқып, төбе шашым тік тұрды.
    Әрине, бүгінде көзі ашық, көңілі ояу қалың бұқараны алдап-арбаудың оңай еместігі баршаға аян. Әсіресе, теледидар мен ғаламторға телміріп, қылт еткен жаңалықтың қылқасын қиып, сараптап отыратын жұртшылық ақ-қараны ақпараттардан-ақ айыра алатын халде.
    Айтсақ, көпшілікті бауырлас ел — Түркиядағы жағдай алаңдатады. Ол елдегі болған ба, әлде болайын деп, болмай қалған ба, әйтеуір түсініксіз «төңкеріс жасауға» деген әрекетке бүгінде бүкіл кәрі құрылық — Еуропа елдерінен бастап, күмәнмен қарайтындардың, тіпті сенбейтіндердің қарасы көбейіп кеткендей… Оның үстіне, күдіктілер есебінде мыңдаған жазықсыз жандарды, олардың ішінде түрлі сала мамандарын, профессорларды, тіпті прокурорлар мен соттарды және әскерилерді абақтыға жауып, жұмыстан қуып жатқаны жайлы ақпарат, күн өткен сайын Түркия билігі тарапына айтылар сындарды да күшейте түскендей.
    Иә, Түркия президенті Таиип Ердоған күстаналап жүрген Фетхуллаһ Гулен есімімен мен де таныспын. Имандылық тұрғысындағы еңбектерін оқыдым. Ол кісіні жалпы адамзат игілігі мен руханиятына, дінімізге, жалпы ислам әлемінің өркендеуіне ерен еңбек сіңіріп жүрген ерекше тұлға ретінде қабылдадым.
    Ал енді, жоғарыда аталған мақаладағы бұрынғы Қазақ-түрік лицейлеріне (ҚТЛ)
    келсем, оларды танып-білген жиырма жыл ішінде, Түркия мемлекеті «гүленшілер» деп танып отырған лицей ұстаздарының еш жаман істерін де, жастарымызға білім мен тәрбие беруден басқа, жымысқы ой, зымиян саясаттарын да байқамаппын. Есесіне, қазақтың қаншама қарадомалақтары білім нәрімен сусындап, иманды да инабатты болып шықты. Мұны балалары ҚТЛ-де оқыған кез келген ата-ана да, тіпті түлектердің өздері де айта алады. Олардың арасында орта шаруаны айтпағанда, мүйіздері қарағайдай мемлекеттік қызметкерлер мен лауазымды адамдар да жетерлік. Тағы бір айта кетерлігі, әр жыл сайын лицейге қабылданатын межелі орынға 33-35 баладан келетіндігі. Өйткені, осы лицейде оқуға ынтық болған талапкерлер де, олардың ата-аналары да ҚТЛ-ді тәмамдағаннан кейін, алған білімдерінің арқасында, 100 пайыз жоғары оқу орындарына түсіп кететіндеріне, жақсы мамандық иесі болатындарына сенетін.
    Енді қысқаша ғана осы ҚТЛ-дердің орталығы болып табылатын КАТЕV халықаралық қоры жайлы айта кетейін:
    Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге еніп жатқан «Үш тұғырлы тіл» бастамасы, яғни, қазақша, орысша, түрікше және ағылшынша оқыту системасы ҚТЛ-дерде әу бастан-ақ бар болатын. Жаратылыстану мен гуманитарлық пәндерге ерекше көңіл бөлініп, терең оқытылды. Әр жылдардағы жетістіктеріне жеке тоқталмай-ақ, жиырма жылдағы (1995-2016ж.ж) жиған медельдарының саны 15156 –ке жеткенін айтсақ та жеткілікті шығар. Бұл аз жетістік пе? Негізінде, олардың бұл жетістіктерін Елбасы да өте жоғары бағалаған болатын. Ал соңғы 7-8 жыл шамасында КАТЕV ұйымдастырған «Жарқын болашақ» республикалық байқауы Қазақстанның, қазақтың, қазақ тілінің жыртысын жыртып, мәртебесін көтеріп жатқан жоқ па?! Қаншама жеңімпаз оқушы байқау қорытындысында ЖОО-ларға бірнеше жылдан бері тегін жолдамалар бері елдегі ЖОО үлгі болғанын қалай жоққа шығарамыз..?!. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында әлемдегі 25 мемлекеттен келіп қазақ елінің, тілінің өнерін мәртебесін көтеріп. Сонау Африкадағы Сомали мемлекетінен келген қара қыздың. Елбасы Н.Назарбаевтың сөзіне әні А.Қоразбаевтың Үш қоңырды қазақшасын ағылшасын нақышына келтіріп орындағаны барлығымыздың есімізде,бұда ұстаздардың еңбегі Осылайша, КАТЕV халықаралық қоры еліміздің білім саласына, мәдени-рухани өміріне сүбелі үлес қосып келеді
    Ал енді, тағдырлары тәлкекке түсіп отырған лицей ұстаздарының бойындағы адамгершілік қасиеттерді ауызбен айтып жеткізудің өзі қиын. Олардың имандылығы, жүріс –тұрыстары, ұйымдастырушылық қасиеттері — барша балаларға үлгі болды. Ешбір мұғалім аузына келгенін айтып, асқақтамайды. Темекі шегіп, арақ-шарап ішпейді. Балалар бірін-бірі аға (аби), іні, бауыр тұтады. Есесіне, ҚТЛ – ді бітірген түлектердің арасынан бір де бір маскүнем, нашақор тіпті темекі шегетін азаматты немесе қыздарды кездестірмейсіз. Бұл кімнің арқасы? Әрине, бірінші кезекте білім мен тәрбие берген ұстаздарының арқасы. Міне, елінен жырақ жүрсе де, игілікті істер атқарып жүрген сондай ұстаздарды «халық жауы» етіп, қудалап, өздерін, өздері болмаса туыстарын бопсалап, қамап немесе жұмыстан қуып, азаматтықтан шығарып, елдеріне қайтуды талап етіп жатқан Түркия билігінің бұл әрекеті дұрыс емес деп ойлаймын және біздің Елбасымыздан бастап, жоғарыда отырған азаматтарымыз мұндай сорақылыққа жол бермейді деп сенемін. Қазақ халқы бауырларын батпаққа итермейді.

    Reply
  • 24.07.2017 at 17:54
    Permalink

    Түрік бауырларымыздың тағдыры – біздің тағдырымыз
    Қадірлі Нұрсұлтан аға! Бар болғаны 26 жылдың ішінде Қазақстан бір Алламыздың мейір-шапағатымен бұрын-соңды болмаған даңққа бөленді. Шүкір, өзіңіздің дана басшылығыңызбен қазағымызды бүкіл төрткүл әлем біледі қазір. “Малым жанымның садағасы, арым жанымның садағасы” деп адал, таза, текті, жайсаң қазағымыз тәуелсіздігімізге дейін не көрмеді десеңші! Соншалықты ауыр кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқына тәуелсіздік ақыры бұйырды. Бүкіл түркі елдері бостандыққа шықты. Туысқан Түркия елі шаттана қуанып, өзінің елдігін, туысқандығын, бауырмалдығын танытты. Көмегін аяған жоқ. Соның ең сүбелісі білім саласындағы бізге берген бауырмалдық көмегін халқымыз ұмытпайды.
    Менің сізге айтайын дегенім осы білім саласын өркендетуге жүздеген, мыңдаған ерікті түрік бауырлар келді. Олар күні-түні еңбекетіп, кішкентай бауырларын тәрбиеледі, терең білім берді. Олар қазақ бауырларымен, жұртымен біте қайнасып, бізбен бірге өмірдің ащы-тұщысын көрді, бастарынан кешті. Әсіресе, сізді, Нұрсұлтан аға, шын жүректерімен жақсы көріп, сіздің тілеуіңізді тіледі. Олар бүкіл әлемге, түркі жұртына, Түркияға сіздің игі істеріңізді, жаңашылдығыңызды ұланғайыр істеп жатқан ұлы істеріңізді, әкелік қамқорлығыңызды үнемі айтып, насихаттап, жария етті. Олардың біздің елімізді өз еліндей жақсы көріп, шын жүрегімен сүйіп еткен еңбектері ұшан-теңіз. Қазіргі қазақ-түрік лицейлерінің, үлкенді-кішілі орта, жоғары оқу орындарының даңққа бөленуіне, бүкіл әлемге Қазақстанды танытуына деген үлестері ерекше екенін мен жақсы білемін. Журналист, азамат ретінде бұл жөнінде біраз дүниелер жаздым.
    Қадірлі Нұрсұлтан аға! Өзіңіз ашып, батасын берген, әрқашан да қолдау көрсетіп келе жатқан халықаралық “Қазақстан ZAMAN” газеті биыл 25 жасқа келіп отыр. Мен осы газетте 12 жылдан бері бас редактор болып жұмыс істеп келемін. Түрік ағайындарды, інілерімді, бауырларымды тонның ішкі бауындай өте жақсы білемін. Бұл азаматтар мен азаматшалардың бір ғажайып қасиеттері рухани жағынан өте бай жандар. Дүниеге қызықпайтын бұл жайсаң жандар қазақ халқына, жұмысына, мамандықтарына өте адал, таза әрі шын жүректерімен беріле қызмет атқарып келеді. Ел анасы Сәуле тәтей және мен олардың отбасылармен араласамыз. Олардың қуанышы, қызығы, мұңы, қайғысы мен қасіретімен әрқашанда ортақтасып, біте қайнасып, бірге өмір сүріп келе жатырмыз. Соңғы бір-екіжылда болып жатқан Түркия еліндегі өзгерістер бізді алаңдатып отыр. Әсіресе мұндағы алаңсыз еңбектеніп жатқан түрік бауырларымыздың жағдайы өте ауыр. Олардың жүздеріндегі мұңды, күнделікті өмірдегі уайымдарын көру біз үшін де өте ауыр да қиын. Қазір олардың жұмысында, өмірінде бір берекесіздік бар. Ең жаманы екі жылдан бері түрік бауырларымыз еліне, жеріне, ата-аналарына, туған-туыс, бауырларына бара алмай, қатынамай қалды. Бұл зор қасірет. Адам тағдырын ойыншыққа айналдырған адамдарға біздің өкпеміз қара қазандай. Осы мәселе төңірегінде тереңнен ой қозғаған белгілі көсемсөзші, қоғам қайраткері, біздің газет директорының бірінші орынбасары, «ЕлАна» сайтының бас редакторы Сәуле Мешітбайқызы тәтеміздің мақаласын белгілі қаламгер, «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев өз газетінде жариялап, нағыз бауырмашылдықтың ғажайып үлгі-өнегесін көрсетті. Зор рахмет! Алдымен ол мақала «ЕлАна» сайтында, содан соң еліміздегі көптеген ірі-ірі сайттарда жарық көрді, он мыңдаған адамдар оқып, жүздеген пікірлер жазды. Яғни бауырларымызға деген халқымыздың жанашырлығы өте зор. Біздің айтайын дегеніміз өзіңізді шын жүректен жақсы көріп, кеңінен насихаттап, сіздің атыңызды, істеріңізді төрткүл әлемге паш етіп жүрген ізгі жандарға, түрік бауырларға осындай қиын кезеңде тағы да қолдау көрсетсеңіз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сәттілік, бақыт тілейміз.

    Reply
  • 24.07.2017 at 23:01
    Permalink

    Автор аса маңызды мәселені қозғап отыр. Еліміздің білім саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан (ҚТЛ)БИЛ дің Қазақстанға қосқан ұлесі де ұшан-теңіз деп ойлаймын. Алайда түрлі ақпарат құралдарында осы кезге дейін аталмыш литцейлер туралы түрлі алыпқашпа пікірлер болғаны да жасырын емес. Бұл мектептер туралы теріс пікірде болып отырған азаматтар, осы мектептерді ҚР БЖҒминистрлігі тікелей бақылауында ұстап отырғандығын, оқытушылар қосынының басым бөлігінің Қазқстан тумалары екендігін, осы оқу орнында еліміздегі небір зиялы қауым өкілдерінің балалары білім алып жатқандығын (шынымен нашар болса көзі қарақты ағайыен ардақтаған балаларын осында оқуға берерме еді)неліктен ойламай отырғандығына таңым бар? Ал осы оқу орындарында маңдай терлерін төккен ұстаздарды саясатқа араластырып, олардың сары ізіне шөп салу, барыптұрған бассыздық дер едім…. Қолдарына қалам мен бордан өзге ұстамаған, өмірлерін шәкірттерге арнап келе жатқан азаматтардан “бүлікші, төңкерісші, сатқын” жасау кімге керек? Бұл істі еліміздің ұқатысты органдары мұқият ойластырып, анау көзге көрінбейтін қысым астында өмір сүріп жатқан ұстаздарға көмек қолдарын созса дейміз…

    Reply
  • 24.07.2017 at 23:12
    Permalink

    Сәуле Мешітбайқызы апайымыз қоғамда өзекті мәселелерді қозғап жүретін батыл жүректі апайларымыздың бірі, бірі емес бірегейі. Ұлттық мәселелер мен ел өміріне қатысты тақырыптарға келгенде апайымыз үнсіз қалған емес. Бұл ретте бауырлас түрік ағайындар үшін жанайқайын жеткізген екен. Әрине айтқан әужі орынды әрі оқыған адам ойланбай қалмайтындай…. мақаланы қайталап отырудың қажеті шамалы, түрік мұғалымдерге керек болса Қазақстан азаматтығын беру керек. Халықаралық ұйымдардың мүшесі ретінде шетелдік босқындарды да қабылдап, оларға тиісті жағдайларын жасап отырған елдің бірі Қазақстан. Ендеше ту баста босқын емес, жүздері бал-бұл жанып, “Қазақстан түріктің ата жұрты” деп аңсап келіп, еліміздің білім саласына маңдай терлерін төккен азаматтарға неге қол ұшын бермеске??? Ердоған елінің саясатын қалай жүргізсе өз еркі… Сосын анау Түркия елшісі де еліміздің ішкі істеріне араласа бергенді қойсын! ҚТЛ-Қазақстанның ішіндегі, ҚР министрлігіне қарасты мекеме. Егер ҚТЛ шынымен “сатқындар мен бүлікшілер” дайындап отырса, дәлел-дәйегі бар болса, онда кінәлілерді жауапқа тарту өзіміздің де қолымыздан келеді. Оған ешқандай елшінің де басқаның да жөн айтуының керегі шамалы. Сондықтан мақаланы қоғамда кеңінен талқылап, ой бөлісейік ағайын. Қатысты мекемелер түрік мұғалымдердің виза мәселесін шешіп берсін.

    Reply
  • 24.07.2017 at 23:15
    Permalink

    Қазақстан азаматтары Түркияға визасыз барып-келеді. Ал Қазақстан олай емес. неліктен виза мәселесін шешіп бермейді туысқандардың? Қаншама жыл осында еңбек етті, енді оларды босқын етіп қуып жібергенде олар қайда барады? Бірер жүз адамның визасын шешіп беру аса қиын шаруа емес қой.

    Reply
  • 24.07.2017 at 23:25
    Permalink

    Біз өзі қандай ел болдық? Ресейгеде жалтақтаймыз, Қытайға да жалтақтаймыз. Енді қас-қабағына қарамаған Ердоған қалған екен… Ердоған Түркияны түңғиыққа бастап бара жатыр. Өткенде Түркияға барғанда көзім жетті осыған. Біз не үшін Ердоғанға жалтақтауымыз керек? Ердоған кезінде Фетхуллах Гүленмен өте қою байланыста болған екен, ал кейін келе билікке жетіп, оны өз ыңғайына қарай икемдеп алғаннан кейін барып ақсақалды “арттан бір тепті”. Адамгершілігі болса олай етпес еді… Өзінің былықтарының барлығын білетін адамнан қорқады да әрине… оның кесірі мұғалымдерге тиіп жатқаны өкінішті. Жоғарыдағы пікір білдірген азаматтар айтып отырған сөзге қосыламын. Түрік мұғалымдерге виза берілсін….

    Reply
  • 24.07.2017 at 23:27
    Permalink

    Қытайлардың да визасын “қатырып” жатыр ғой Көші-қон полициясы, олардың қасында мыналар өз бауырымыз ғой, оның үстіне балаларымызды оқытып жатқан қарапайым мұғалімдер болса. Ендеше оларға қолдан келгенінше көмек жасау керек.

    Reply
  • 25.07.2017 at 00:49
    Permalink

    Очень надеемся, что письмо дойдет до Президента страны. Тут написана истина ,не должны стать жертвами политических “игр” учителя ! Как объясним сложившуюся ситуацию детям, которые учатся в лицеях ?

    Reply
  • 25.07.2017 at 01:07
    Permalink

    Мақаланың жанайқайына толығымен қосыламын ! Адамға ең қажетті денсаулық болса, жаныңа батқанда шамаң жетсе сауатты дәрігер іздейсің. Алматыдағы “СЕМА” атты клиниканың дәрігерлеріне жүгініп нәтижелі ем алдым. Біраз уақыт өтсе де аяғымнан тік тұрып кеттім деп айта аламын. Осы күні естуімше ол жерде қызмет атқарып жүрген мамандардың ішіндер бірде бір Түрікиядан келген дәрігер қалмапты ! Сонда олар да шет елдерде босқындардың қатарында жүр ме? Мүмкін орындарып тапқан шығар, бірақ мына мақаланы оқып отырып олар үшін қатты алаңдаудамын. Түркияда қандай саясат екенін түсіне алмадым, қалай болған күнде де білікті маманы бар елдің өркені өсетіні ақиқат емес пе ? Ендеше не мәселе, осынша дүрлігетіндей ? Біздің Патшамыздың ондайға жол бермейтініне бек сенемін !

    Reply
  • 25.07.2017 at 03:46
    Permalink

    Кезінде қаншама орыс, немістерді де бауырына басты ғой ата бабамыз. Енді 20дан астам жыл елдің болашағы қазақ жастарына тәлім тәрбие берген мұсылман бауырларымызды қиын сәтте бауырымызға баса алмауымыз жақсылыққа қайырымсыздық, келешек ұрпақтың алдында ұят, ата бабамыздың алдында масқаралық, адамдығымызға сын! (((

    Әділетсіздікті көре тұра үндемеу тілсіз шайтандық. Бұл жағдайда қоғамның мүшесі өзіне түскен міндетін орындауы керек. Қалай жан айқайымызды естірте аламыз?

    Reply
  • 25.07.2017 at 10:45
    Permalink

    Қалын қазағым, тағы да ұйқыда жатсындар ма? Ояныңдар! Біздің анамыздай адам шырылдап Түрік ағайындарымызға пана іздеп жүргенде біздікі не отырыс.
    Кезек екі, тәнір біреу. Осындай күн біздің басымызға тумасына кім кепіл? Әрине, бәле жаланың бетін аулақ қылсын!
    Өздеріңіз бұл мақаланы жақсылап оқып, ойланып, іштей сараптап, бұлай жазуына не себеп? Түрік ағайындарымыз бізге қандай жақсылық жасады? – деген сияқты бірнеше сұрақты өзіңізге қоя білсеңіз, олардың жан-айқайын теренірек түсінерсіз.
    Ата бабамыз үйге кірген жыланды да басына ақ құйып шығарып салған. Ал біз ше?

    Reply
  • 25.07.2017 at 10:58
    Permalink

    Мына мақаланы пікірлерді оқып Аллаға сансыз шүкірлік еттім. Ең бірінші авторға ,жалтақтамай атына заты сай Президент жəне ХАЛЫҚ газетіне басшысына бірінші беттен жарқыратып берген Азаматтығына! Абай,Қамшы, Қазақ үні, Қазблім, Матрица, ЕлАна сайттарына алғысым шексіз! Əрқайсының оқырмандары бар ондаған мыңдаған адамдар қараған пікір жазған немқұрайлы қарамағаны Азаматтық ұстанымы бар елдігімізді бірлігімізді көрсетеді! Ел басына жетеді ,сонау жаугершілік заманда араша сұраған, АНА ХАЛЫҚ сөзін жерге тастамаған елміз,дұрыс шешім болатынына сенемін. Мен екі жүзділерден қорқам олар елгеде елбасына адал емес ! Бастарына іс түспей жүргенде баршамыздың есімізде ,осы түрік бауырлармен ажырамастай бірге жүріп, іс шараларда төрде отырып ,ақсақал болып төрден ақыл айтып,дос болып бірімізден жақын болып сол елге сан барып біте қайнасқандардың осы тілекшілердің арасында жоқтығы ,көрмегенсіп танымағансып алшақтауы қабырғаңа батады. Сол жоғарғы жаққа билікке жақын болып сол жақа ақылман көсем болып пікір туғызып жүргенде солар , қоғамдағы ең және қауіптілері солар екені қазір айқын білінеді жиіркенішті..Оларға еш реніш жоқ ,тарих Алла таразылайды! Өмірде солай болған бола береді, дегенмен шүкір жақсы жайсаңдар басым!

    Reply
  • 25.07.2017 at 11:15
    Permalink

    “Маариф” сөзі бізше болғанда “оқу-ағарту” деген мағында. Егер шынымен туысқан елдерді біліммен “ағартқылары” келсе, онда құба-құп. Кеісінше радикалды діни ағыммен саяси түс алған “Халықаралық қор” болса, оны Қазақстанға жолатпау керек. Еліміздің ҰҚК, ІІм сияқты халықтың өмірі мен қаупсіздігіне жауапты органдар бұл мәселені назарда ұстағандары жөн. Тәуелсіздігін жаңадан алып, аяғын енді ғана орнықты қадаммен басып келе жатқан қазақ елі әлдекімдердің саяси тәжірибелер жасайтын сынақ алаңына айналдыруына жол берілмесін!

    Reply
  • 25.07.2017 at 11:17
    Permalink

    Барлығы жоғары жақтың қолында тұрған дүние, керек болса сол қысым көріп жатқан түрік мұғалімдерге азаматтық беріп, құжаьттарын “қазақ” деп жазып бере салса да не қылады Ердоған?

    Reply
  • 25.07.2017 at 11:22
    Permalink

    Ердоғанға сенбеу керек. Өз елін былыққа батырып отырған басшы өзге елді қалай жарылқасын? Өткен жолы Ресеймен ренжісіп қалған кезде біздің Елбасымыз орыс пен түріктің ортасына араағайындыққа жүріп, абыройын салып татуластырып еді. Соны ұмытты Ердоған… Егер жақсылықты білетін болса, елімізде өтіп жатқан ЕКСПО-2017 көрмесінің ашылуына келіп қатысып, лебізін білдіріп, құттықтап қайтар еді. Жұртқа маңызды болмаса да біз үшін мәні зор тарихи оқұиға болып жатқанда. Сөйтіп “туысымыз” деп өмешегімізді үзіп отырған Ердоған ерін баурына алып теріс кетті. Келесі де Түркияда сондай-бір халықаралық іс-шара болса бізден де адам бармай ақ қойсын…..

    Reply
  • 25.07.2017 at 17:15
    Permalink

    Сәуле Мешітбайқызы жазықсыз жапа шегіп жатқан ағайындардың ащы жанайқайын жеріне жеткізе жазған екен. Саясаттың құрбанына айналып, қуғынға ұшыраған бауырларымызға біздің кең пейілді, мейірбан Елбасымыз жәрдем етеді деп сенейік. Үнемі бұқараның жанайқайын көтеріп, шырылдап шындықты айтып жүретін Сәуле Мешітбайқызына қаламыңыз ұштала берсін, жазбаларыңыз жемісті болсын дейік

    Reply
  • 26.07.2017 at 11:59
    Permalink

    Мына автор Түркияның ішкі ісіне неге араласады ? Қандай түрік топтары мұны сөйлетіп отырған ? Елбасын арандатуға итеретін, Түркияның ішкі және сыртқы саясатына араласатын жағдайға Елбасына өтірік түрік дүниесінің ақсақалысыз деп көлгірсіп көпшік қойған бұл журналистті жауапқа тартып, Түрік мемлекеті басшылығынан кешірім сұрату керек. Заман-Қазақстан деген кәзитті жабу керек, ешкім оқымайды, сондықтан саудаға да түспейді, керегі жоқ басылым.

    Reply
  • 26.07.2017 at 12:00
    Permalink

    Империялық жолдан өткен кез келген мемлекеттің иипериялық амбициясы қалмайды. Мұны орыстардан да, түріктерден де байқауға болады. Бізді ағайынбыз деп арқамыздан қағып қойып, түріктер де өз шаруаларын тындырып жатыр. Қазақты түрік қылғысы бар. Бас салып қыздарымызды алып қалуға ұмтылады.Қазақстан түріктердің рыногына айналды. Абай xакім “малыңды беріп отырсаң атасы басқа да бірлік қылады” деп айтқан болатын. Қазақты ел қылатын қазақтың өзі ғана. Мына автор түріктің қазаныНан ас ішіп отырған соң жазған ғой. Енді өзімізді өзіміз өркендететін жағдайды ойласып, соны сөз қылайық.

    Reply
  • 26.07.2017 at 12:01
    Permalink

    Жақында ғана бір жақын түрік мұғалім достарымызды шығарып салдық басқа мемлекетке. Тағы бір әріптесіміз жолға шығуға дайындалып жатыр. Барлығы осы саясатқа байланысты. Түрік бауырларымызды шығарып салуға барлық әріптестері, оқушылары, олардың ата-аналары, көршілері келген. Осындай тәрбиелеудің, билим берудің нағыз кәсіби мамандардын Отанымыздан кетип жатканына катты өкініп жатырмын. Шетелдік азамат болса да туған жерім бір үлкен мұғалім тұлғаларымыздан айырылып жатыр, денемнин бир бөліктеринен жогалтып жатканым сиякты сезінемін. Мектепте сабақ оқытып журген мұғалімдердің саясатқа араласып бүлік шығарып жүр деп айтылып жүрген сөздерге қалай да сенуге болады? Осындай оқиғалар тек өкініш, реніш сезімдеріне себеп болып жатыр. Бирак Құдайға шүкір Елбасымыз және үкімет Пакистан мемлекети сиякты түрік мұғалімдердің барлығын Түркияға сот-түрмелерге жиберип тастаған жоқ! Жарық кундер алдымызда деп сенемін…

    Reply
  • 26.07.2017 at 12:01
    Permalink

    Айналайындарым , дәл кәзір ұрпағымыздың тәлім-тәрбиесін, бауыр еті баламыздың болашағын қолдарына сеніп тапсырып отырған ,жылдар бойы адалдықтарын мінсіз қызметтерімен , ешкімге міндет артпай, үн-түнсіз атқарып жүрген ұстаздарымыздың басына күн туып отырған заматта мынандай сөздерді айту тұрмақ естудің өзі қандай ауыр екенін түсінсе екен пендешілікке бой алдырмай. Менің екі балам, үш немерем осы мектептен алды бітіріп қызмет істеп, арты оқып білім алып жатыр. 25 жылда еш мүлтіксіз қызмет атқарған жандарға алғыстан басқа айтарымыз болмау керек !!! Әр кісі өз деңгейіне қарай ой пайымдап, ой-пікірін айтуға құқылы болғаныменҚұдайшылығын айтқаны дұрыс болар еді . Әр кісінің айтқан сөзінен оның ішкі жан-дүниесінің иісі шығатыны осындайда белгілі болады. Менің сізге айтарым , балаңды осы мектепке беріп, олармен етене араласып барып айт,айтарыңды. Сосын кешірімді сіз сұрайтыныңызға толдық сенімдімін Менің жасым 78 де. Ол кісі 71 менін дейді. Бізге , “КЕЛМЕСТІҢ КЕМЕСІН КҮТІП, ЖАҒАДА ТҰРҒАН ” шағымызда Алланың алдындағы тазалығымызды ойлағаннан басқа ешқандай “бақай есеп” болуы мүмкін емес ! Кіші болсаң балам деп, үлкен болсаң азаматым Қарсыбек мырза, деп осыны ескерткім келді.

    Reply
  • 26.07.2017 at 12:05
    Permalink

    Өте дұрыс жазылған мәселе екен. Елбасыескеруікерекдепсанаймын. Оныңжанындағы “мамандар” мұндайсарапжасайалатынынакүмәндімін.

    Reply
  • 26.07.2017 at 12:05
    Permalink

    Бұл – Түркияның ішкі ісіне араласу емес. Мақаланы дұрыстап, ойланып оқыңыздар. Бұл – қазақтың аналарының, әкелерінің жанайқайы. Елдің бүгіні мен ертеңін ойлаған абзал ананың Алашқа даты. Қазақтың ертеңін ойлаған жанның басын бәйгеге тігіп, Елбасына жолдаған ашық хаты. Тақырыбының өзі айтып тұрғандай, “жазықсыз жандар саясат құрбанына айналмауы” тиіс. Егер мақаланы ықыласпен оқысаңыз, Сәуле апамыз ұлтымыздың бүгіні мен ертеңіне қатты алаңдап, қоғамнан, халықтан, Елбасынан араша сұрап тұрғанын бағамдайсың. “Маариф” білім беру қорының тарихына, бүгінгі қызметіне өте терең сараптама жасалған. Бұл егемен еліміздің, ұйысқан ұлтымыздың кемел келешегін армандаған ананың жүрек сөзі. Ешқандай да арандату немесе тапсырыспен жазылған мақала емес. Сәуле апаның жазғанын сынау үшін, әуелі сол кісіге ұқсап, батыл мінез көрсетіп, басын бәйгеге тігіп, мақала жазып көр, Қарсыбек деген бүркеншік атты жамылған сорлы…

    Reply
  • 26.07.2017 at 12:06
    Permalink

    Бірнеше күннен бері Сәуле апамыздың мақаласын оқып жатқандар саны бөліскендер саны тіпті басқа сайттарда бөлісіп мухит асып шет елдердеде оқылып жатыр оқылмақ оқыла бермек Марат мырза жоғарыдағы пікіріне толық қосылам Ана жанайқайы! Ал өз атында жазбай Т дегенің пкіріне тіпті ұялалғанымнан осыны жазуыма тура келді жасырынбай аты жөніңді жазсаңшы! 71 жастағы Анамыз айлық алып жүргендіктен емес, бауыр еті баламызға, болашағымызға еңбегі сіңген сен айтатын, мен айтатын Азаматтық хатты сескенбей ортаға салып елбасына хат жазып отыр ғой жалған патриот болмасаңшы бауырым! Қазақты түрік еткісі келеді депсің сен түріктен қаша алмайсың түбіміз бір! Ия бұл сенің деңгейің барың өкінішті.. Алла разы болсын,Сәуле АПА қаламыңыз мұқалмасын аман болыңыз, Алла бар істеріңізге жар болсын! Сіздей Аналар қазақ тарихында болға, сіз біздің Егеменді еліміздің тарихында қаласыз, Аналық ақ ниетіңізбен! Аман болыңыз апатай!

    Reply
  • 26.07.2017 at 12:45
    Permalink

    Бұл мақаланы оқи отырып, Түрік басшылығының іс-әрекетіне өз пікірімді білдіргім келіп отыр. Мен осы салада турік азаматтарымен бірге 10 жылдан астам қызмет жасадым. Әлі де болса, білім саласында тәжірибе алмасып отырамыз. Түрік ағайындарының берген білімінен әр қазақтың баласы жамандық көрген жоқ. Қазақ-Түрік лицейін бітірген оқушыларымыз Тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуіне үлестерін қосып, еліміздің әр түпкірінде қызмет етуде. Осындай тәрбиелі, иманды,білімді бала тәрбиелеуде де түрік азаматтарының еңбегі зор. Қандай жағдай болса да түрік мұғалімдерінің саясаттың құрбаны болмауына жол бермеуіміз керек деп ойлаймын. Әлі де әр қазақ осы осы азаматтардан білім алғысы келетіні елге аян.

    Reply
  • 26.07.2017 at 12:59
    Permalink

    Сәуле Мешітбайқызының көтерген мәселесі өзекті,маңызды. Толықтай қосыламын. Елбасымыз қолдау білдіретініне кәміл сенемін!!!
    Жасы үлкен зиялыларымыз осындай ауқымды тақырыпты көтергені кейінгі біздің жүрегімізге сенім ұялатады. Елдік сөзді айтпаса ЕЛДІҢ АНАСЫ бола ма?! Жердің қамын ойламаса АРЛЫ АЗАМАТ бола ма?!

    Reply
  • 26.07.2017 at 13:03
    Permalink

    Менің үш қорқынышым бар. Біріншісі – бесік жырын айта алмайтын келіндердің көбеюінен, екіншісі – немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбеюінен, үшіншіден – салт-дәстүрін сыйламайтын ұрпақтың көбеюінен қорқамын ! , деп жүрегі езіле айтқан Бауыржан Момышұлыдай асылдарымызды осындай сәттерде қатты аңсайды екенсің !
    Сәуле апай ертегі айтып жайбарақат күн кешіп отырса да жарасар еді ! Жан-жағындағы осындай кезек күттірмес , бірі баласындай, екіншісі ағайын – туысымыздай болып кеткен, еліміздің өркендеп өсуіне үлес қосып жатқан ұстаздар қауымына жанашырлық білдіріп, ЕР АЗАМАТТАРЫМЫЗ үнсіз отырғанда әже ретінде АРАША сұрап отырғанын осыншама тәлкекке салып теріс пікір айтып отырғандардың әрекеттерінен жаман ұялып отырмын, тәйірі ! Онсыз да Елбасының ескерткеніне қарамай “шоқша сақал , шолақ балақ” , қап-қара киімдерімен тұмшаланған жастар емін-еркін жүргенде, салафилер ,тб. ағымдар етек алып бара жатқанда ендігі жетіспегені Маариф деген мақсат-мүддесі жат ұйым ба? Құдай сақтасын , сол ма жетпей отырғаны ?

    Reply
  • 26.07.2017 at 13:12
    Permalink

    Алла бауырларымызға мейірім шапағатын түсіріп, осы бір сәттер артта қалып, балаларымыздың алдында ұятқа қалмайтындай, олардың жүрегіне салмақ түсірмейтіндей салиқалы шешім болатынынан үмітімізді үзбейік ! Біздің Президентіміздің парасаты, әлем алдындағы абыройы кері қадамға жібермейтініне сенімді болайық !

    Reply
  • 28.07.2017 at 07:02
    Permalink

    Дана бабаларымыз: Ердің екі сөйлегені – өлгені деп кеткен еді – ау… Сол текті бабалардың бүгінгі ұрпағы əбден азды-ау… Күні кеше сыртқы істер министрі Түрік ұстаздарына қамқорлық танытып, Түрік елшілігіне, қазақияның ішкі саясатына қол сұқпауды ескертіп, халықтың алғысына бөленіп еді. Білім министрі де Түрік ұстаздарының білімі мен біліктілігіне сүйісініп, оларға деген ризашылығын ашық айтқан болатын. Енді не болды? Айтылған сөздің бəрінде бəтуа болмай шықты. Халықтың ашу-ызасы осындай да туады. Қайда бара жатырмыз. Кім кінəлі? Соңғы уақыттары жұрт, лауазымды қызметте нық отырған мұртты мырза туралы көп айта бастады. Осы жасалып жатқанның бəрі соның ісі деген ақпарат бар. Ақ патшамызға осы былықтың жай -жапсарын жеткізетін біреу бар ма? Түрік ұстаздардың не кінəсі бар? Обал – сауапты ойлайтын жан бар ма?

    Reply
  • 28.07.2017 at 10:23
    Permalink

    Бір өзіңе АМАНАТ ЕТТІМ еңбек жолын балаларымызға білім, тəлім-тəрбие беруден бастап, адал еңбектерімен бүгінгі таңдағы көрсеткіштерге қол жеткізіп отырған бейкүнə ағайындарымызды, олардың бала-шағаларының тағдырын!!! Əлем алдындағы абыройымызды, елдігімізді, бауырмал ел қазақ деген жақсы атымызды… АМАНАТ ЕТТІМ ӨЗІҢЕ АЛЛА !!!!!

    Reply
  • 28.07.2017 at 10:24
    Permalink

    Қарапайым халықтан бастап жоғары жақта отырған лауазым иелерінің: ұл-қыздары, немерелері оқып білім алған, оқып жүрген білім ошақтарын неден,кімнен тазалап жатыр? Осыған жауапты кім,қай сала? Бүгінгі күнге дейінгі жанның жанайқайын Елбасына жеткізер жан бар ма екен? Алла қамқорыңа алшы бауырларымызды, ұстаздарымызды!

    Reply
  • 28.07.2017 at 12:07
    Permalink

    ДОСТЫҚТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ
    Сонау ықылым заманнан Түрік пен Қазақтың арасында достық жарасқан. Қазақ, Ұзақ, Созақ деген үш ағайынды болса, соның Ұзағынан Түркі тектестер тарайды. Үшінші Созағынан Қарақалпақ дейді шежіреде. Сол түркілердің ішінде осы түріктерде бар. Соған байланысты екі ұлтты бір туған депте есептейді. Бұдан кейін Қазақ ислам дінін қабылдаған заманда да, осы Түріктерге қарап бой түземеді ме? Ататүрік заманында да сыйластығы жарасып бір – біріне қолғабысын тигізбеді ме? Сол ғасырларда да айнымас қарым – қатынас болғандығын тарих дәлелдеп, тарихшылар жазып жүр.
    Өткен ғасырларды айтпай –ақ, егеменділіктің өзінде біздің жеке Мемілекет болғанымызды алғашқы болып, жер жүзіне танытып қол соғып, қолдау көрсеткен де осы Түрік ағайындарымыз емес пе? Түріктердің үлкен қаларында Абайға ескерткіш ашылса, біздің алғашқы Президентіміз Назарбаевтың атындағы көшеде, сол жақта пайда болды. Алматыда, Астанада Ататүрік, Тұрғылт Өзел атында көптеген көшелермен мекеме атаулары тағы бар. Кеңестер одағы заманында көшіп келіп, Қазақтарды паналаған Түріктер күні бүгінге дейін, сол достықтың арқасында осы Қазақстанда өсіп өніп келеді, Қазақтарда сонау қырғын – сүргін заманда осы Түрік бауырларымызды паналаған Өзтүрік, Халифа Алтайдың ұрпақтары күні бүгінге дейін сол жерде өсіп – өніп келеді. Түрік ағайындар біздің егемендігімізді алғаннан бері басқа шетелдіктер сияқты, мұнайымызды, темір, көмірімізді тонап жатқан жоқ. Қайта бізге қол ұшын созып бермесе алып жатқан жоқ. Қазақстанның түпкір – түпкірінен Қазақ – Түрік леицейлерін, басқада жоғарғы оқу орындарын ашып саналы білім, салауатты өмірге үйретіп жатқан халық емес пе? Бір сөзбен айтқанда қол ұшын беріп, қолғабысын тигізбесе алған емес. Осы Түрік ағайындарының ашқан оқу орындарын бітірген қаншама мамандармен мен қоян – қолтық қызмет істедім. Осылар ашқан «Қазақстан – Zaman» газетінде сегіз жылға жуық сын бөлімінің меңгерушісі болып істедім. Осы жылдар ішінде ғалым Ахмед Аляздың көп шапағатын көрдім. Өз ұлтымның ішіндегі жазудан көреалмас күншілдермен алысып, көптеген қағажау көрген маған, жаста болса Ахмед Аляз ақылын айтып, өмір жолымды түзеді. Пенде болған соң кемшіліксіз болмайды, меніңде мінезім жетісіп тұрған жоқ. Кей кездерде сөзімде сол бауырыма тиіп кеткен шығар, ондай кемшіліктерім болса әлде болса да кешірім сұраймын. Ахмедтің қармағында істегенде кемшіліктер жібермеуге тырыстым. Қайта көп мінезім түзеліп, Ақаңдай болып жүру пешенеме жазбаса да, Абай айтқандай, «Ұқсап, бағып» жүрдік. Соның тәрбиесін алып, бой түзедік десекте болады. Міне осынлай ағайындарды қайтадан Түркияға кетуіне қалай қиясың, Ахмед Аляз туған бауырымнан да ыстық, туған ағамнан көрмеген жақсылықтарды ашығын айтқан да, осы Ақаңнан көрдім. Меніңде еңбегім болған шығар, сол еңбегіммен талантымды ұштаған, тани білген Ахмед Алязға баспасөз арқылы көп рахметімді айтқым келеді. Бұрын да көптеген газеттерге атсалысып жүргеніммен негізгі талантымның ашылып, қаламымның ұшталып, журналистиканың қыр – сырын білгенім, Халықаралық Жазушылар, Қазақстан Жазушылар Одақтарына мүше болуым осы «Қазақстан – Zaman» газетінде қызмет еткен жылдарым. Маған кепілдеме беріп өткізбесе де, Ахмед Алязбен таланты інім, жазушы Ертай Айғали көп ықпал етті. Сол Ертай ұқсап жазғым келді, еліктедім. Ертай бауырымды да жас кезіннен, «Лениншіл Жас», қазіргі «Жас Алашта», « Ана тілі» газеттерінде істеп жүгенінен жақсы танимын. Ол кездерде мен де жаспын, өзекті мақаларыммен халыққа танымалы болған жылдарым. Сонада болса Ертайдай болып жазғам келіп талпынғаным рас. Кейін өзім жақсы көріп жүген Ертай бауырым мен Ахмед Аляздың бірге қызмет істегендерін көзіммен көріп риза болдым. Бұл екі бауырымның достықтары мәңгілік шығар. Ылайым солай болсын! Қазір Түрік бауырларым жайлы неше түрлі сөздер жүріп жатыр, мұның бәрі Қазақ пен Түріктің арасындағы достықты көре алмаушылық, іштері күйгеннен болып жатқан оқиға, есек не жемейді, өсек не демейдінің кері. Мұндай түрлі, түрлі сөздерге мән бермеу керек. Қайта екі ел арасындағы алтын көпірді соза беру керек. Өсек айтылған сайын достықты шыңдай беру керек, сонда қызғаншақтар өз – өзінен жойылады. «Иттер үреді, керуен көшеді» дегенде әдемі сөз бар. Содықтанда Түріктерді жамандаған жандарға өз басым қарсымын. Ондай сөздерге ең бастысы мән бермеу керек.
    Шаяхмет Құсайын ұлы
    Ақын, Жазушы, Журналист.
    Халықаралық Жазушылар, Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Журналисттер одақтарының мүшесі.
    Халықаралық « Щелоков» атындағы медалдың иегері. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының «Құрметті» азаматы.

    Reply
  • 30.07.2017 at 10:51
    Permalink

    Бұл мұғалімдердің жазығы не?
    Түркия еліндегі салқын саясат қазақ-түрік лицейлерінде (қазіргі Білім және инновация лицейлерінде) оқып жатқан, тіпті осы оқу орындарын оқып бітіріп, мамандықтары бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жүрген жастардың да көңіліне алаңдаушылық салды.
    Бұл жағдай тек балалар мен оқытушыларға ғана емес, сонымен қатар, олардың біз секілді ата-аналарына да оңай болып отырған жоқ. Бір кездері баламыздың үлкен сынақтан өтіп, қазіргі Білім және инновация лицейлеріне (бұрынғы қазақ-түрік лицейіне) оқуға түскенін мақтаныш қылсақ, бүгінде көңіліміз күпті, балаларымыздың болашақтағы тағдырына алаңдайтын болдық. Кім біледі, арада біраз жылдар өткенде түрік мектебінде оқып, түрік компанияларында жұмыс істеген адамдардың бәрін Түрік еліндегі бүлікшілікке қатысы бар деп қара тізімде ұстай ма?.. Мұндай сары уайымға салынуға себеп болып отырған нәрсе – БАҚ арқылы елге тараған жағымсыз ақпараттар. Нақтырақ айтсақ, “Президент және Халық” Республикалық қоғамдық-саяси газетінде жарияланған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сәуле Мешітбайқызының Елбасына жазған хаты. «Жазықсыз жандар жазаланбасын!» атты мақалада Қазақстанның білім саласында еңбек етіп жүрген түркиялық 30 мұғалімнің визалары бітіп, «босқын» мәртебесімен басқа елдерді паналауға мәжбүр болып отырғаны жазылған. Түрік мұғалімдері қазақ балаларын оқытып, олардың білікті маман болып қалыптасуына соншама еңбегін сіңіргенімен, олардың біздің елімізде бұдан әрі қалуға құқы жоқ екен. Өйткені, олардың визасын біздің еліміздегі жергілікті көші-қон полициясы ұзартпай отыр. Ал өз елдеріне, яғни Түркияға кетейін десе, олар ол жақта кінәлі деп танылып, түрмеге жабылуы мүмкін екен. Сол себепті бірнеше түрік мұғалімдері өздерін қабыл еткен басқа елдерге «босқын» мәртебесімен амалсыздан бас сауғалауға мәжбүр болып отырған көрінеді. Осы мақаланы оқығаннан кейін біздің көңілімізде Білім және инновация лицейлерін (қазақ-түрік лицейлерін) бітірген біздің балаларымызға «Сол мұғалімдерден сендер де дәріс алып едіңдер» деп біреулер бәлесін жаппай ма?» деген қорқыныш пайда болды. Оның үстіне қазіргі Түркия басшылығының бұрынғы қазақ-түрік лицейлерін, қазіргі Білім және инновация лицейлерін Түркия мемлекетінде құрылған жеке «Маариф» білім қорына ауыстырып алу ниеті де бізге уайым болды. Егер сондай жағдай шынымен орын алып жатса, біздің балаларымыз сапалы білімді қайдан алады? Еліміздегі қазақ-түрік мектебінің білім беру деңгейі өте жоғары екенін елдің бәрі біледі, сондықтан да бұл білім ордалары Білім және инновация лицейлері деп аталған шығар. Жеке өз басым баламның осы лицейден оқып бітіргенін қалаймын. Әр ата-ана өз баласының жағдайын жасап, оған жақсы білім бергісі келеді. Мен де өз балаларымды қазақ-түрік мектебіне, қазіргі Білім және инновация лицейіне осы мақсатпен берген болатынмын. Оның үстіне бұл оқу орны тек білімге ғана емес, сонымен қатар бала тәрбиесіне де ерекше көңіл бөледі. Бұл мектепті бітіргендер өте мәдениетті, иманды, тәртіпті әрі білікті болып шығады. Бұған Оралдағы қазақ-түрік лицейін, қазіргі Білім және инновация лицейін оқып бітірген менің өз балаларым мысал бола алады. Осы лицейде оқыған үлкен балам менің үмітімді ақтады, ол осындағы оқуын жақсы аяқтап, еліміздегі ең іргелі оқу орнына оқуға түсті. Қазіргі таңда шетелдік компаниялардың бірінде жұмыста. Ал кіші қызым аталған лицейде оқиды. Қызым да осы лицейді алаңсыз оқып бітірсе, оның да ағасы секілді, өмірге жақсы орналасып кететініне сенімім мол.
    Қорыта айтқанда, балаларға замануи білім беріп, әрі оларды соншалықты иманды етіп тәрбиелеу үшін бар-күш жігерін жұмсаған мұғалімдерді өзге елдің босқыны етіп қойғанымыз жарамас. Бұл мұғалімдердің жазығы не? Олар өз елдерінде жазаланатын болса, ешқайда бармай-ақ, жұмыстарын жалғастырып, өздерінің еңбегін сіңірген қазақ елінде жүре берсін. Олардың бізге пайдасы болмаса, зияны жоқ, бұл өзі уақытпен әлдеқашан дәлелденген нәрсе. Сондықтан, Сәуле Мешітбайқызының Елбасына жазған ұсынысын қолдап, ата-аналар болып, балалар болып бәріміз қосылып, көші-қон полициясынан түрік оқытушыларының визасын ұзартуды сұрайық. Сондай-ақ, ата-аналар атынан жұмысын қазақ жерінде бастап, үлкен жетістіктерге қол жеткізген білім ордаларын өз елімізде ұстап қалу керек деп ұсыныс айтқымыз келеді. Жұмысы жақсы жолға қойылған, аз ғана уақыт ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, бәсекелестікке қабілетін дәлелдей білген Білім және инновация лицейлері болашақта әлі талай дарынды жастардың тұсауын кеседі деп сенеміз…

    Reply
  • 30.07.2017 at 19:34
    Permalink

    ЕЛБАСЫҒА ЖАЗҒАН ХАТЫМА ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН БАРШАҢЫЗҒА АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН!
    Жақында ғана Қазақ еліндегі түрік ұстаздарына араша сұрап елбасына жазған хатымды жария еткен «Президент және халық газетіне, сондай-ақ қолдау білдірген “Қазақ Үні”, «Абай. Кз», «Қаз білім. Кз», «Қамшы.кз», «Матрица.кз» т.б ұлтжанды, өткір басылымдарға айтар алғысым шексіз. Менің бұл мақаламды 40 – тан аса шетелдік түрік ,ағылшын, орыс тілдерінде сайттар көшіріп басып, жүздеген пікірлер жазылды және 100 мыңға жуық оқырман оқыды. Осы мүмкіндікті пайдаланып сайт басшыларына, ұжымдарына, мақаланың астына қандайда болмасын пікір білдірген Азаматтарға, өзіме телефон соғып хабарласқан барлық ізгі қауымға алғысым шексіз. Білем, бұл пікірлер менің жеке басыма емес, басына қара бұлт төнген, жаны қысылған, не істерлерін білмей күйінген, тығырыққа тірелген түрік бауырларымызға деген жаны ізгілікке, бауырмалдыққа толы жанашыр жандардың араша үндері. Баршаларыңызға, Алла тағала разы болсын!
    Енді бір –екі түйінді сөз айтайын: Балалары қазақ – түрік лицейін бітірген қаншама ата аналар алаңдаушылықтарын білдіріп жатыр. Лицей түлектерінің көңіл-күйлерін ешкімнің басына бермесін. Мен де анамын. Менің де немерелерім түрік ұстаздарының алдын көрген. Сондықтан қамыққан ата-аналардың жай-күйін түсінемін. ..Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды… Иманды, ибалы, ізгі, білімді ұрпақ өсіру баршамыздың арманымыз екені даусыз. Осы арманымызды ақиқатқа айналдырған айналайын түрік бауырларымыз ғой. Онда неге ізетті, саналы, ақылды, парасатты түрік ұстаздарын шетқақпай етіп жатырмыз. Олардан біз не жамандық көрдік. Билік неге үнсіз?!
    Кеудесі көк тіреген небір шендінің баласы мен немересі қазақ-түрік лицейлерін бітіріп, биікке құлаш ұрып жүр. Мақалама түскен пікірлерді сүзгіден өткізіп отырмын. Әзірге олар тарапынан араша сұрау, өтімді пікір білдіру мүлде жоқ. Тым болмаса, «олардың не жазығы бар?» деп өкініш білдірмей ме екен. Кім-кімнің басына іс түспейді? Қайда азаматтығымыз, қайда адамгершілігіміз? Ең болмаса жасаған жақсылықтың өтеуі болмаушы ма еді? Бар болғаны отбасы, бала-шағасымен 500-ден сәл асатын Түрік бауырларымыздың кең байтақ қазақ сыймағаны ма?!!!
    Бұл не деген немқұрайлылық! Бұл не деген жайбасарлық! «Сыйға сый, сыраға бал» деген қайда? Баладан артық қазына, байлық бар ма жер бетінде? «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай айтқан нақылды іс жүзінде жүзеге асырған лицей ұстаздары емес пе еді? Балаларға ілім береміз деп, өз отандарын тастап, ата жұртымыз Қазағымыз деп келгенде, олардың басына іс түскенде көрсеткен сиымыз, ағайындық арашамыз осы ма? Еліміздегі ең сапалы білім беретін үздіктердің алдыңғы легінде лицейлер тұрғанын кім жоққа шығарады?
    Бүгінгі күн ертең тарих. Бүгінгі біздің ісіміз ерте ме, кеш пе бәрібір ашылады. Сонда қандас бауырларымызға теріс айналып, “күл болмаса, бұл болады” деген иттігіміз бір бұрыштан атып шықпасына кім кепіл?! Болашақ ұрпақтың алдында сонда қара бет боламыз ғой, ағайын-ау.
    Өткенге көз жүгіртіп қарап отырсам, 26 жылда түрік ұстаздардан жақсылықтан басқа еш жаманшылық көрмеппіз. Олардың артынан ерген сыпсың сөз, ғайбат әңгіме болмапты. Керісінше мақтау мен мадақ. Қазақтың атын әлемге танытты ол білім-тәрбие берген қарадомалақтарымыз. Мына жайтті тағы қайталағым келеді,
    13.03.1952 жылы сол кездегі Түркияның Премьер-министрі А.Мендерес Пәкістанға арнайы ұшақ жіберіп, босқын болып тоз-тозы шыққан қазақтарды бауырына басты. Не үшін? Бауырластық қаны үшін. Түркі жұртының бірлігі үшін. Досқа таба, дұшпанға күлкі болмау үшін. Қай ел осындай бауырмалдық көрсетіп еді, айтыңыздаршы!
    Кеңес үкіметінің қаһарына ұшыраған 1840 арып-азған, жүдеген қазақ бауырларына босқын емес, бірден жер,үй беріп құшақ жайып азаматтық беруі ерлік емей немене? Осы бір ерлігімен Түркия премьер-министрі тарихта қалды! Алла тағала жатқан жерін жайлы, топырғаны торқа етсін!
    Бүгінгі біздің шенеуніктер ондай ерлік жасамақ түгілі, елімізге келіп, елеулі еңбегімен еленген түрік бауырларын қыспаққа алып, тоз-тоздарын шығаруға ат салысып жатыр! Отбасымен бар бар болғаны 540 түрік бауырларымыз… Бұл өкініш емей немене?! Бұл да тарихта қалатын оқиға болмақ! Бірақ кім қандай ісімен, қандай беделімен қалады?…
    Елбасымыз айтқандай қандай ел болсада тереземіз тең иықтас серіктеспіз.. Осы арада қара бір күш еліміздің аты затына,елбасымызға нұқсан келтіріп қатты жұмыс істейтін сияқты болып көрінеі…. Бәрі Алладан, тарихтан ештеме жасыра алмаймыз. Сонда әлемге күлкі боламыз ғой. Осы сәтте тарих қатпарынан Отырардың күйреуі есіме түсе береді…. Мына бір екі оқиға менің жанымды қатты күйзелтті. Жүрегім жылады.
    Немеремнің сүйікті ұстазы болған түрік азаматы шарасыздан екі жас баласын әйелімен уақытша тастап, АҚШ-қа босқын болып кетті. Екі көзі жасқа толған, жүрегі мұңға кілкіген байғұстың сондағы кескін-келбеті әлі көз алдымда. Айтқан сөзі де құлағымда тұр: Апай, еш амалым жоқ. Қазақ еліне ризамын, бір баласындай болдым, осында үйлендім, екі балам дүниеге келді, еш кінәм жоқ жасаған, визаны созбады қайтейін. Түрік тілінің мұғалімімін, басқа еш тілді білмеймін, қазақ тілі менің өз ана тілім болып кетті ғой. Ал туған елге бара алмаймын. Қазақстанға жасаған еш қиянатым жоқ еді. Қайтейін» деп солқылдап жылағанда мен де, басқалар да еңіреп қоштасты…
    Одан кейін Эркан бей деген азамат Германияға босқын болып кетті. Осыдан 22 жыл бұрын ұстаз болып келген Қазақстанға, Көкшенің қызымен бас қосып 5 бала сүйіпті. Бұл жігіт әйелінің анасын өз қолына алып, анасындай мәпелеп отыратын. Талай бірге болдық қой, керемет білімді ұстаз еді. Оныңда еңірегенде етегі жасқа толып, «біз қай қылығымыздан осындай күйге түстік» деп қынжылғанда кірерге тесік таппадым ғой байғұс.
    Сол Эркан бей бала шағасы елде еңіреп қалды . Германияда тәртіп бойынша сот болыпты. Қазақстанда алған марапаттарымен, өмірбаянымен танысыпты. Сот сонда оның еңбегіне Біздің билікке таң қалыпты. Әйтеуір шүкір, неміс ағайындар алғашқы жеңілдіктерін жасап, отбасын алдырады екен. Мұндай мысалдар, көңілсіз оқиғалар әлі толастар емес…. сонда бейбітшілікті сүйетін Қазақстанның имиджі кемімейме ме, әлде…?!!!
    Елбасымыз «Сыртқа тамаша мамандарымызды, адамдарымызды жібермейік» деп шырылдап қаншама мәрте айтты. Ал біз болсақ қолдарындағы қаруы ғажайып білімі мен иманы бар бауырларды қолымыздан босқын етіп, шетелге асырып жатырмыз. Пана болуға жарамай отырмыз ғой. Торғайға пана болған сонда бұта ғұрлы жоқпыз ба? Тіпті екі министрлік те қауқарсыз болып отыр. Осы жылдың басында ғана мәлімдеген сөздер, уәделер қайда қалды…?!!!
    Бүгінгі түрік ұстаздардың кешіп жатқан күйлері осындай. Оларды аяудан, есіркеуден пайда жоқ. Оларға қолдау керек, рухани демеу керек. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген атам қазақ. Менің Елбасыға жазған хатымды оқып, оған шын тілектеріңізді білдіріп жатқандарыңыз үшін тағы да басымды иіп алғыс айтамын. Түбі бір түркінің ынтымағы ажырамасын деп тілейік. «Бөлінгенді бөрі жейді» емес пе? Бір болайық. Тағы да қайталап айтамын, ауыртпалық туғанда бір-бірімізге араша болайық, елдігімізді, азаматтығымызды көрсетелік, ағайын! “Көптің тілегі көл” … Елбасына жетіп жақсы хабар болатынына сенімім зор.
    Құрметпен: Сәуле Мешітбайқызы

    Reply
  • 04.08.2017 at 15:01
    Permalink

    Макаланы окып конилим тусип кетти(((. Торт бала тарбиелеп отырган анамын. Ктл-ди битирген адамдарга карап катты кызыгатынмын, балаларым солар сиякты билим, тарбие алып шыкса екен деп армандап, биыл улкенимди дайындайын деп журген едим(. Енди не болады? Коп жылдан бери мыкты билим берип келген устаздар кетип жатса, ол билим ошагынын куйи не болмак.
    Макаланын жарияланганына биршама уакыт отипти, неге натиже жок? Неге бари унсиз…, неге?(((
    Алла Тагала жар болып, бул жагдайдын дурысталып, турик устаздарынын шетел асып кете баруы токтайды деп тилеймиз!

    Reply
  • 05.08.2017 at 20:31
    Permalink

    Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы барша қазақ еліне құтты болсын!
    1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін, небәрі 25 жыл өтті дегенмен, сіз басқарған Қазақстан Республикамыз барлық салалардан биік-биік шыңдарға, жетістіктерге қол жеткізуіміз және де ары карай дамып жатқанымыз, ата-бабаларымыздың ұрпақтарына қалдырған тәлім-тәрбиесінің, әдет-ғұрпымыздың бойымызға сіңуін нәсіп еткен және тілеген дұғаларын қабыл еткен Алланың қазақ еліне берген үлкен нығметі деп сенемін. Сансыз мәселелерде мұхияттылықпен ең оңтайлы шешімдер қабылдап, әділ саралап, 17 миллион халықты жұмылған жұдырықтай, бірлік шегінен шығармай басқарған, осындай дамыған ел болуымызға көптеген септігін тигізген, себепші болған – сізге Алла разы болғай!!! Сізге, халқыңызға (бізге), отбасыңызға, ұрпақтарыңызға Алла тек жақсылықтар нәсіп еткей!!!
    Тәуелсіз Қазақстан Республикасында туылған, 25 жылдық тәуелсіздікпен құрдас болған 25 жасар мен сияқты Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қандай бақыттымыз! Отанға, Елбасына адал және өте үлкен жауапкершілікпен қызмет ету, отан алдындағы парыз, борышымды өтеу әрі сіздер үміттенген ұрпақ болу мен үшін үлкен мәртебе. Және 25 жасар көптеген азаматтардың арманы, мақсаты осындай екеніне сенемін. Біздің елде, осындай армандарға қол жеткізуге барлық жағдайлар, мүмкіндіктер жасалған. Кез келген салада, мамандықта биік шындарға қол жеткізуі, ары қарайғы қадамы тек жастардың өз ырқылары мен құлшыныстарына байланысты болмақ.
    Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, менің жай-күйімді дұрыс түсінуіңіз үшін,қысқаша өмірбаянымды баяндап барып негізгі өтінішімді айтқым келеді. 25 жылдық тәуелсіз елдің 25 жасар азаматының өтінішін жауапсыз қалдырмауыңызды сұраймын.
    1991 жылы Тараз қаласында дүниеге келдім. Ата-анамның тұңғышымын. Екі бауырым бар. Ата-анам өте еңбекқор адамдар. Тынбай жұмыс жасап бізді бағып қақты. 5 жасымда балабақшаға берді. 6 жасымда таэквандо спортына берді. Спорттан жақсы жетістіктерге қол жеткіздім, екі дүркін Қазақстан жеңімпазы, бір рет халықаралық жеңімпазы және оннан астам облыс жарыстарынан бас жүлделі болдым. Алтыншы сыныпқа дейін №45 Бауыржан Момышұлы атындағы гимназия мектебінде оқыдым. Алтыншы сыныптан соң Қазақ-түрік ұлдар лицейіне бағымды сынап тапсырып көрдім. Бірінші сынақтан 2000 оқушының ішінен іріктеліп 200 оқушы екінші сынаққа өттік. Екінші сынақ сонда бір апта жатып эмтихандар тапсырумен қатар тәрбие жағынан да тексеріліп іріктелетін еді. Екінші сынақтан 75 оқушы қабылданып, мен 18-ші болып өттім. Жетінші сыныптан Қазақ-түрік ұлдар лицейіне қабылданып оқитын болғаныма қатты қуандым, өйткені бұл мектеп білім, тәрбие жағынан өте жоғары деңгейде екенін барлық адамдар мақтайтын. Бірінші күннен лицей маған қатты ұнады, білімі мен тәрбиелеу жүйесі өте жоғары деңгейде. Бір апта жатақханада жатып оқимыз. Әр сыныптың өз тәрбиешісі және жауапты сынып жетекшісі болады. Мұғалімдер және тәрбиешілер өте білімді әрі өте жақсы адамдар. Бес жыл оқуымда ешқайсысының бір жансақ қылығын көрген емеспін. Ата-аналармен де жұмсақ қарым-қатынаста болды. Әр қайсымыздың уйімізге қонаққа келіп тұратын, түрік мұғалімдеріміз бес бармақты өте қатты жақсы көретін. Өздеріне де қонаққа шақыратын, ата-анамызбен баратынбыз. Бізге әр дайым Қазақстанды, елбасын мақтап тұратын. Қандай бақыттысындар, мықты елбасыларын бар осындай елде дүниеге келгендеріне көп шүкіршілік етіңдер деуші еді. Сыныптағы барлық оқушыларды, өзіміз таңдаған әр түрлі пәндерден дайындап мектеп аралық, аудан аралық, қала аралық, мемлекет аралық жарыстарға қатыстыратын. Мен оқыған жылдары Тараз қазақ-түрік ұлдар лицейі жетістіктер жағынан Қазақстан бойынша бірінші орында болатын. Спорт үйірмелері де болды, сонда таэквандоны да жалғастырдым. Жоғарыда айтып өткен таэквандодан екі рет Қазақстан жеңімпазы атағын осы лицейде сегізінші сынып оқып жүргенімде алдым. Түркиядан келіп қазақ балаларына білім беріп жүрген мұғалімдерге сансыз алғысымызды айтамыз. Үш жылдан кейін інім де Қазақ-түрік ұлдар лицейіне оқуға түсті. Бір үйден екі балаға деген жеңілдік жағын да қарастырған осындай мектептер аштыртқан сізге алғысымыз шексіз. Қазақ-түрік лицейін бітірген барлық түлектер жақсы жоғары оқуларына түсіп, қазіргі таңда әр қайсысы мықты маман иелері болып жатқандарына куәмін. Қазақ-түрік лицейін бітірген соң биология пәнін таңдап, Алматы қаласындағы С. Д. Асфендияров атындағы медициналық университетке түстім. Қазақстанға пайдалы жақсы дәрігер болу алға қойған мақсатым. Бесінші курс бітіріп, бірге оқыған болашақ жарыммен отау құрдық, ата-анамыз бүкіл туыстарды шақырып той жасап берді. Жарым екеуіміз интернатураға оқуға түстік. Қосымша жұмыс істеп пәтер жалдап тұрдық. Интернатураны бітірер жылы қызымыз Інжу дүниеге келді. Екі басымыз үшеу болдық. Ата-анам немерелі болып ата-әже атанды. Қазір жұбайым екіншісіне жүкті.
    Қазақстанның кішкентай азаматы Інжу қызымыздың несібесі болғай, Алматыдағы “Sema hospitals” қазақ-түрік емханасына жұмысқа кірдім. Халыққа қызмет жүйесі өте жоғары деңгейде болған, өте тәжірибелі, мейірімді дәрігерлерден құралған мұндай емханаға жұмысқа орналасқаныма Аллаға сансыз шүкірлер! Сондай тәжірибелі, білікті дәрігерлердің бірі, жаңадан ашылған Физиотерапия және Реабилитация бөлімінің меңгерушісі физиотерапевт, реабилитолог және ревматолог Каяхан Бөлел деген кісінің ассистенті болып бірге жұмыс істейтін болдым. Алғашқы танысқан күннен ол кісі маған өте қатты ұнады. Науқастарды бірге қабылдаймыз. Ол кісінің науқаспен сөйлесу барысында орнатқан коммуникативті дағдысы, оған көрсеткен жылы лебізінің өзі сырқаттанып келген адамның жүзіне жылу сыйлайды. Науқастың әрбір клиникалық белгіліріне өте мұхияттылықпен қарап, емін аса жауапкершілікпен тағайындайды. Денсаулығына шағымданып келген адамдар ол кісінің тағайындаған емімен емделіп, ризашылықтарын жаудырғандарын көріп, осы салаға қызығушылығым күн күнге арта түсті. Ол кісінің әрбір айтқан сөзін, жасаған нәрселерін үйреніп, сол кісінің білімінен сусынданғым келді. Маған және басқа да жас мамандарға білгенін аянбай үйрететін, түсінбеген жайттарды түсіндіріп тәжірибемізді арттыруға бар жағдайды жасайтын. Мінезі сондай жұмсақ әрі жомарт кісі. Өнеге алатын өте жақсы адам. Әрбір науқастың жағдайына көңіл бөлетін. Қаражаттан қысылып келген науқастарды тегін емдеп риза қылып қайтаратын Каяхан Бөлелдей адамды бірінші рет көрдім. Ересектерді емдегендей сәбилерді және балаларды да емдейді. Қол астындағы жұмысшыларына адал. Ешкімнің ақысын жемейтін, тек қана көмекке жаны құмар жомарт кісі. Тәжірибесі молдылығымен, біліктілігімен адамдар көңілінен шыққан Каяхан Бөлелге емделушілер шет елдерден де келіп жатты. Физиотерапия және Реабилитация бөлімі жаңадан ашылғанына қарамастан науқастар саны күннен күнге арта берді. Қазіргі күнде де сұрап, іздеп келушілер де артуда. Алматыда қысқа уақыт болғанына қарамастан сұхбат беріп бағдарламаға да шақырулар болды. Облыстық ауруханаларға барып жергілікті дәрігерлерге дәрістер жүргізіп, тәжірибесімен бөлісті. Әр түрлі ауруханалардан дәрігерлер де келіп тәжірибе алғылары келетін ниеттерін білдіріп жатты. Бес ай бірге істеген жұмыс барысында көптеген тәжірибесімен бөлісті. Каяхан Бөлелдей тәжірибелі дәрігерлер Қазақстанға өте керек. Физиотерапия, Реабилитация және Ревматология саласын дамытуға үлкен үлесін қосатынына еш күмәнім жоқ. Біздей жас мамандарға осындай кісілер білім үйретіп ары қарай дамуымызға ықпалын тигізіп жатса, Қазақстан халқының денсаулығын жақсыртуға атсалысатын көптеген мамандар шығатынына әрі ел үмітін ақтайтын азаматтар шығатынына кәміл сенемін! Дәрігер Каяхан Бөлелді Қазақстанда қалдыруыңызды сұраймын. Біздің әрі қарай дамуымызға сондай жағдай жасап беруіңізді өтінемін.
    Sema Hospitals емханасының дәрігері

    Reply
  • 20.08.2017 at 16:15
    Permalink

    Оте жаксы жазылган макала екен.. Таныстарымнын арасында КТЛ битирген кыздар бар. Оте тарбиели, инабатты, патриот кыздар! Ешкашан олардан терис кылык немесе арекет байкамаппын. Керисинше, билимдери мыкты, болашакта елимиздин алемге танытатын басекеге кабилетти мамандар!!!!

    Reply
  • 20.08.2017 at 16:22
    Permalink

    Лицейдің балаларға берер үлесі көп.олардвң жан-жақты дамып,болашақтағы өз орнын білуіне үлесі зор.білім алып шыккан байлардың жаман болғанын көрген емеспін.осындай білім ордаларының көп болғанын калайсын!!!

    Reply
  • 09.09.2017 at 17:00
    Permalink

    Турик агайларга пана болыгыздар олар адал жандар оте жаксы кисилер БИЛдын мугалимдери

    Reply
  • 19.09.2017 at 16:43
    Permalink

    Бұл мектептердін болашығы зор Ел басымызға мыңда бір рақмет!!!!

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған