Жамбылда есепте тұратын жасөспірімдер саны азайған

Әрбір адамның өмірге келгендегі негізгі мақсаты – артына ұрпақ қалдырып, оларға лайықты тәрбие беру. Ол үшін ата-ананың өзі тәрбиелі болуы керек. Мұндайда әр обасында ұлттық құндылықтар берік сақталуы тиіс. Себебі, ұлт ұрпағын ұлылыққа жетелейтін тәрбиеге қатысты құндылықтар ұлттық болмысымызды сақтай білуімізге баланысты. Мұны сөз етуіміздің мәні тереңде. Өйткені, отбасында дұрыс тәрбие алмаған бала, ереңгі күні опық жеп қалуы әбден мүмкін. Сондықтан да, бақытын баладан іздейтін ата-ана отбасынан дұрыс тәрбие алмаған бала қоғамға қасірет әкелетінін жадыда ұстауы тиіс.

Облыста 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны 419 965 болса, оның 73,2% – білім беру ұйымдарында екен. 1 451 – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 1 088-і қорғаншылық пен қамқоршылыққа, 144 – патронаттық тәрбиеге беріліпті.

– «Тәрбие отбасынан басталады» десек, отбасындағы кикілжің бала тәрбиесіне әсер етпей қоймайды. Бұл – балалардың ашуланшақ, ызақор болуына, өзін-өзі ұстай алмауына, сабақ оқуға деген ынтасының төмендеуіне, қараусыз қалуына әкеп соғады. Республикада өткен жылы 67,6 мың отбасы ажырасып, 53 мыңдай балаға әсер етсе, біздің облыста да бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 16,7%-дан 2018 жылы 32,8%-ға жеткен, яғни ажырасушылар үлесі 16,1 %-ға өскен. Мектеп оқушыларының 9216-ның әкесі жоқ, 1123-нің шешесі жоқ, 1094-і өгей әкелерімен, 578-і өгей шешелерімен, 1704-і туыстарымен тұрады, – деді облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Жыл басында Полицияның мектеп инспекторларының білім беру ұйымдарымен өзара әрекетінің алгоритмі бекітілуіне орай мектеп инспекторлары ай сайын қамқоршылық кеңестері алдында есеп беруге мүдделі. Бұл мектеп инспекторларының жауапкершілігін арттырып, оқушылар мен олардың ата-аналарына көрсетілетін құқықтық көмектің сапасының артуына ықпал ететіні сөзсіз. Білім мекемелерінде құқық бұзушылықтарды жасырып қалудың алдын алу мақсатында жыл ішінде 1456 бала үш деңгейде (төмен, ерте, жоғары) мектепшілік есепке алыныпты.

Десе де, атқарылған жұмыстар нәтижесінде полиция бөлімдерінде есепте тұратын жасөспірімдер саны өткен жылғы 635-баладан 395-ке азайғаны қуантады.

 

Әлім Мұратов

Жамбыл облысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.