Жапонияның мектеп асханасында түсірілген видео желіге тарап кетті (Видео)

12-1-4

Жапониядағы түскі астың берілуі – тамақтанудан да көп нәрсені білдіреді. Оның қандай ерекшелігі бар екенін сіздер Сайтамда орналасқан мектептердің біріне онлайн-экскурсия құру арқылы біле аласыздар.

1-2-3

Танысып қойыңыздар, бұл Yui. Бүгін ол мектебіндегі түскі астың ерекшелігі жайлы айтып береді. Мектеп асханасының 5 жұмысшысы 3 сағатта 720 адамға түскі ас дайындайды. Олар тазалап жатқан картоптарды алтыншы сынып оқушылары мектеп фермасында өсірген.

2-1-1

Бүгінгі түскі асқа алмұрт соусынан балық (алмұрттар да меткеп бағында өсірілген), картоп езбесі, нан, көкеніс сорпасы мен сүт.

3-77

Аспазшылар тағамды әр сыныпқа контейнерларға бөліп қояды. Бұлардың бәрі бір бөлмеде дайындалады.

4-1-2

4-ші сабақтан кейін оқушылар ұстаздарына өткізген сабағы үшін алғыс айтады. Енді 45 минутқа созылатын түскі ас уақыты. Бүтін бір сабақтың уақытындай!

5-1-2

Оқушылар халаттары мен бас киімдерін киіп, беттеріне бетперде тағады.

6-1-1

Міндетті түрде қолдарын жуып, арнайы стерилдейтін гельмен қолданады.

7-1-2

Кезекшілер тағам салынған контейнерге барады. Бірақ олар алдымен аспазшыларға дайындалған ас үшін алғыс айтады.

9-1-3

Кіші сынып оқушылары түскі асты мынандай арбамен сүйретеді.

10-1-3

Ал, бұл бала сүтті үлестіру бойынша кезекші. Ол әрқайсына бір пакеттен таратады.

11-1-3

Бұл жерде сорпаны құйып, дайындап береді.

12-1-4

Дайындап болған соң, кезекшілер қанша ас қалғанын айтып, есеп береді.

13-1-1

Ештеңе ысырап болып қалмауы керек! Ұстаздары балалармен бірге тамақтанады. Асқа кіріспес бұрын, ол балаларға алдында тұрған астың қандай өнімдерден жасалғанын баяндап береді.

14-1-1

Түскі астан соң, балалар бәстесіп ойнайды. Жеңген балаға артық қалған балық пен сүт беріледі. Ештеңе ысырап болмайтынын айттық қой!

15-17

Оның үстіне оқушылар босап қалған сүттің пакетін қайта өңдеуге жіберу үшін дайындап береді.

16-11

Тамақтан соң, бәрі міндетті түрде тістерін тазалайды.

17-11

Сүттің пакетін жәшікке жинап, оны сумен жуып, бір тәулікке кептіруге қойып қояды. Одан кейін оны арнайы орынға апарады. Ол жақтан қайта өңдеуге алып кетеді.

18-8

Лас ыдыстарды оқушылар өздері тасиды. Кішкентайлары ыдыстарды сүйретілген арбамен лифтке дейін апарады.

19-8

13:10 тазалық уақыты басталады. Ол 20 минутқа созылады. Балалар сыныптарынының, дәліздің, дәретхананың еденін жуып, мектеп ауласын сыпырады.

20-7

Балаларды кішкентайынан еңбекке баулып өсіреді. Олар өнімдердің оңайлықпен келмейтінін ұғынады. Оларды алдымен өсіру керектігін де жақсы түсінеді. Барлығы бірлікте ұйымдастырылған!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған