Жастар ағылшын тілі курстарында тегін оқиды   

Ағылшын тілі курстарының оқуы 11 сәуірде басталды, курс жұмыстары жыл бойына созылады.

Курстарды “Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ұйымдастырған. Білікті мамандар дәріс беретін оқу аптасына үш рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 17.00-19.00 аралығында Нұрсая ықшамауданы 23 үйде орналасқан Жастар ресурстық орталығында өтеді.

Айта кетейік, өткен жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 100 адам ағылшын тілінің тегін курсына қатысқан еді. Биыл 14-29 жас аралығындағы барлық қалаушылар үшін шет тілі тегін оқытылады.

Сондай-ақ, Атырау қаласының 300 тұрғынының жұмысқа орналасуына көмек көрсетілді, олар компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеріп, бірнеше мамандықтар бойынша оқу курстарынан өтті.

                                    Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған