Жастар театрында жаңа тарихи драма

Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры Қазақ Елі Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, 2016 жылдың 6 желтоқсан күні Ә.Кекілбаевтың «Нартәуекел» (Абылай хан) халықтық қаһармандық драмалық дастанының премьерасын өткізеді. Қойылымның қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Ел Тәуелсіздігі десек, тарихы сан ғасырдан тамыр тартар Абылайдай даңқты қолбасшы, кемеңгер көшбасшының ерлігі назардан тыс қалуға тиіс емес.  Абылай ұран еткен азаттық, ұлттың біртұтастығы дейтін елдік мұрат жолындағы ұлы мақсаттар бүгін де өз тұғырында.

Поэтикалық тілмен кестелі өрілген айшықты туынды Жастар театры сахнасында ұлтық бояуға қанық нәрлі құнарымен, көркемдік сапа биігіне көтерілген суреткерлік бейнелілігімен көрерменін қуантпақшы. Егемендіктің ширек ғасыр биігінен көз тігіп, жаңа заман өлшеміне сай Жастар тілінде үн қатар қойлымның театрсүйер қауымға ұсынар жаңалығы мол.   

Спектакльді таныстыру мақсатында 6 желтоқсан күні сағат 17:30 да  театрдың конференция залында БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылады.

Өтетін күні: 6, 7 желтоқсан, сағ.: 18:30

Өтетін жері: І.Есенберлин көшесі, 10,  Жастар театры

Анықтама тел: 8(7172) 38-01-08,  8 702 284 92 61

www.zhastar-theatre.kz , e-mail: tuz_ast@mail.ru

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған