ЖАСТЫҚ ӘДІЛДІК ҮШІН КҮРЕСІП, ЕШ НӘРСЕГЕ МОЙЫМАЙТЫН ШАҚ

Бүгінде мен Үкіметті сынап, ұсыныстар бергендіктен өзіме келесі сұрақтарды қоямын. Идеялар қайдан туындап жатыр? Осы уақытқа дейін не үшін ұсынбадым?

Өзімнің тәжірибеме қарасам, мен үшін іскерлік қабілетті жетілдіру жақсы өмір сүруге деген талпыныс екен. Ал сол істе жылдар бойы мені арам жолға түсуден қорғаған ұятқа қалмау – “намыс” деген киелі ұғым болыпты. 2002 жылы 23 жасымда “Ұлттық ақпараттық теxнологиялар” жабық акционерлік қоғамының басшысы болуға шақырды. Ол кезде айналымы миллиондық доллары бар өзімнің АйТи фирмам болған еді. Өзім ішімнен мемлекеттік жұмысқа әлі дайын емеспін, бірінші бизнеспен айналысып жағдайды дұрыстап алайын, кейін қызмет етермін деп ұсыныстан бас тарттым. Бірақ мықты маманды ұсындым, сол мекемеге ашық түрде басшы қылып қабылданды. 2005 жылы Софтверлі компаниялар ассоциациясының басшысы ретінде мені темір жол саласына жұмысқа шақырды. Мен тек кеңесшілік жұмысты сұрадым. Теміржол саласында кеңесші қызметін атқарып жүргенде байлыққа жеңіл жолмен қол жеткізуге көп мүмкіндік болды. Бірақ намыс дейміз бе, мінез дейміз бе, әйтеуір, әрі қарай арамдықпен өсуге іштегі түйсік жібермеді. Мен соның ішіндегі былықтың түр-түрін көріп жүрдім, бірақ өзімнің соған араласуыма ар-ождан жібермеді. Ағашкалар: “елден ерекше саған не болды?” – деп маған басып айтып қалған кезде болды.

2005 жылдан бастап тексеру жұмыстарын қолға алдым. Осы бағытта ревизиялық жұмыс тобын да құрдым. Сол кезде барлық теміржол саласының мекемелерін тексеріп, ондаған миллиардтық ұрлықтың көзін аштық. Бізге “қой”, – деді. Алайда жарты жолда артқа қайтатын біз емес едік. Ең ақыры мені жұмыстан шығарып жіберді. Бірақ, жарты жыл өтпей қайтадан ҚТЖ басшысының кеңесшісі болып жұмысқа келдім. Қайта келген жау жаман деген сияқты мені көргенде бәрі дірілдеп, қаша жөнелетін. Келе сала бұрын бастаған тексерісімді қайта қолға алып, жалғастырдым. Сол кезеңде ұрлық басында тұрған қызметкердің біреусін жұмыстан кетірдік. Алайда екі аптадан кейін ол “Самрұқ-Қазына” мемлекеттік xолдингтің бір басшысы қызметіне тағайындалды. Жығылған күреске тоймайды демекші кейіннен сол жерде отырып, қолындағы билігін пайдаланып, мені әбден әбігерге салуға тырысты, бізде жұмысымызды тоқтатпауға бел байладық. Бұл сұмдық қой, әділетсіздіктің шындықты жеңуі мені қынжылтты. Әрине, өте жас болдым. Жастық деген – әділдік үшін күресіп, еш нәрсеге мойымайтын шақ.

Кейіннен маған теміржол бастығы басшылық қызметті ұсынды, мен оған мына ұрлықтарды доғармай, әрі қарай мұндай ортада жұмыс жалғастыра алмайтынымды айттым. Сонымен, қайтейін, жұмыстан кету туралы арызды қалдырып, 2008 жылдың желтоқсан айында 30 жасымда білім аламын деп Лондонға, одан кейін АҚШ-қа жол тарттым. Кейіннен елге келіп, әр түрлі қоғамдық ұйымдарды басқарып, ақпараттандыру саласына көптеген жұмыстар жүргіздік. Осылайша өмірім осы қоғамдық бағытқа түсіпті. Енді міне бүгінде өмірдің қиын белестерімен жүргендіктен экология, экономика, кәсіпкерлік, IT және ауыл шаруашылық салаларын игеріпте алдық.

Қазіргі таңда Үкіметке xаттар жолдап, мақала жазып, видео жолдамалар жіберіп жатырмыз, бірақ бізді тыңдап жатқандарда бар ма, жоқ па ол екінші мәселе. “Әйтеуір шуылдап жүресің, сені тыңдап жатқан біреу бар ма?” – деп менен бір көкем сұрады. “Әрине тыңдайды, өйткені оларда басқа жол жоқ” – деп қайырып жібердім. ЕБРР-дың болжамы бойынша біздің елге мұнайдан түскен қаражатты пайдалануға 10-ақ жыл уақыт қалыпты. Ендігі кезекте үкімет басындағылар не керектігін түсінсбей отыр деп ойлаймын. Мықты мамандарды осы бағытқа тартып, экономикалық реформалардың тиімділігін арттыру қажет емес пе?
Экологиялық альянстың жаңа экономикалық стратегиясын пайдалану керек. Халықтың пайдасы үшін жұмыс жасау тәжірбиесі бізде баршылық. Әзірше бізде ұсыныс беру ғана мүмкіндігі бар. “Судың да сұрауы бар” дегендей уақыты келгенде біз тексереміз, сұраймыз.
Мені тек Қазақстанның баянды болашағы қызықтырады.

Азаматхан Амиртай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған