«Жасыл» экономикаға неліктен көше алмай отырмыз?

«Қазақстанның «жасыл» қаржы жүйесі» жобасын әзірлеген жұмыс тобының жетекшісі Катуллус Хельмер Астанада өткен конференцияда: «Біріншіден, саясат пен әлеуеттің, әсіресе қалдықтарды сатуда бірқатар олқылықтар бар. Есептерді дайындауда шектеулер бар, яғни қаржылық кедергілер, ұзақмерзімді капиталдың тапшылығы сезіліп отыр. Әдетте, барлығы ұзақмерзімді инфрақұрылымдық жобалар үшін қолжетімді болады. Ең ұзақ мерзім — 7 жыл, ал 7 жыл инфрақұрылымдық жобалар үшін жеткіліксіз. Міндеттемелер мен активтер арасында теңгерім жоқ. Сектордың өзі, ЖІӨ тұрғысынан айтар болсақ, өзге салалардан қалыс келеді. Нарықтағы кедергілер, инфрақұрылымдық қызметтерге деген төмен тариф, муниципалды қызметтерге қысқамерзімді келісімшарттар, қоршаған ортаны қорғау туралы ақпараттың болмауы — мұның барлығы біздегі жетілмеген «жасыл» экономика жүйесін айғақтайды. Қазіргі қабылданып жатқан шаралар жеткіліксіз», — деген мәлімдеме жасады.

Ермек Сахариев 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған