ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ немесе “АКЦЕНТСІЗ” АҒЫЛШЫН

Әлемдік деңгейде іс – шаралар жүргіземіз немесе әлемдік ақпараттан құлағдар болып отырамыз десек, онда АҒЫЛШЫН тілін білу керек екен!
Көптеген достарымыз ақылы курстарге барып үйреніп жүр. Кейбіреулер кітап арқылы, аудио кітап арқылы үйреніп жүргендер де бар. Мен Сіздермен бір жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отырғаны…

Телефондағы Play Маркет арқылы ДУОЛИНГО деген тегін бағдарламаны қораңызға кіргізіп алып, шетінен кертіп жей (Оқи) беруге болады. Бос уақытта оншақты минут қана бөлсеңіз жеткілікті!!! Мұғалімге барып уақыт та кетпейді және қаржыңыз да қалтаңызда қалады!

Мысалы, мен орысша басылған “АНГЛИЙСКИЙ БЕЗ ПРОБЛЕМ” (Америкалық версиясы) деген кітап арқылы дайындалған едім, онда аудио дискілер бар да, сөздердің қалай айтылу керектігі (pronunciation) жақсы көрсетілген… Бірақ, кітап қымбат және сатылымда жоқ екен…

P.S.
Күніне үш ауыз ағылшынша үйренсеңіз, бір жылда мың сөзден артық сөз қорыңыз болады. Яғни, сөйлеп кетесіз…

Енді, осы версияның қазақшасы болса, нұр үстіне нұр болар еді…

Советқазы Нұрсиланың  фейзбук парақшасынан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған