Жаңа маусымда жолыққанша, Ertis Рromenade!

Осы жылдағы Ertis Promenade соңғы бірнеше музыкалық бағытты қамтып, Павлодар облысындағы Астана күні аясындағы астаналық жұлдыздардың үлкен гастрольдік турымен сәйкес келді. Жобаға Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясының шығармашылық топтары, «Сарыарқа» ұлттық ансамблі, «Шалқыма» би ансамблі қатысты.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұйымдастырушыларға концертті жағажайдан Естай атындағы мәдениет сарайына көшіруге тура келді. Ertis Promenade маусымының жабылу салтанатына  Маржан Арапбаева, Алмас Кішкенбаев, Клара Төленбаева, Күлайым Қайырбаева, Дос және Ринат Малцагов сияқты Қазақстан эстрада жұлдыздары қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Ertis Promenade ерекше жобасы Ертіс жағалауында он мыңдаған көрерменді қабылдады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кейбір концерттерге 50 мың адамға дейін жиналды, орташа есеппен алғанда әр демалыс күндері Ertis Promenade-қа 5 мыңнан астам қонақ жиналды. Өнер жолын Павлодарда бастаған Қазақстан эстрада жұлдыздары Мерует Түсіпбаева, Ринат Малцагов, Роза Мұқатаева, Жанар Дұғалова, Серік Мұсалимов, «Бастау» дуэті, Дерик Байназаров Ертіс жағасында өз жерлестері үшін ән шырқады.

Сонымен қатар Ertis Promenade сахнасында Қайрат Нұртас, Нұрлан Абдуллин, Әли Оқапов, «Жігіттер» тобы, «BN тобы», «Муз-Арт», Kesh You, Luina, Ернар Айдар, Бейбіт Қорған, Әлішер Каримов, Ерке Есмахан сынды Қазақстан жұлдыздары және «Белый Орел» тобы, Дима Билан, Dan Balan, La Bouche тобының бұрынғы құрамы Onita Boone и Willi V сияқты шетелдік әншілер өнер көрсетті.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған