Жаңа пәтер

 ijouih

Құтты болсын деп қонысың!
Қонақтар келді,
Қол ұсын.
Қымызға толы кеседей
Қызыққа бүгін толысың.

Көңілсіз енді көрінбе
Қайдағы мұңға берілме.
Дулы бір кешті басқарсын
Домбыра сері төріңде.

Бас сұғар болса он кісі,
Бақыттың о да белгісі,
Бұл үйге
Бүкіл жақсының
Келсін де тұрсын келгісі.

Бәйтерек пе екен,
Гүл ме екен,
Қыз ба екен,
Әлде ұл ма екен…
Шілдехананың сүйікті
Шаңырағы болсын бұл мекен!

Барлығын бастан кешкесін.
Бақытың кері көшпесін
Балаға ботқа пісіріп,
Газыңның оты өшпесін!

Тербетіп келін бесігін,
Есіңде жүрсін осы күн.
Қуаныш келіп үйіңнің
Жиірек қақсын есігін!

Қуанып келсе он кісі,
Келесі тойдың белгісі.
Бұл үйге
Күллі жайсаңның
Келсін де тұрсын келгісі!

Көргенде көңіл босаған
Болғай да туыс,
Дос аман!
Бықсыған аяқ киімнен
Босамай жатсын босағаң.

ИІРІМ
“…Қолжазба өртегенді ұнатпаймын. От тиген қағаз оқ тиген сарбаз тәрізді бүктеліп барып күлге айналады…”

СӨЗМЕРГЕН
Өз дастарқанының басында Қадекеңді жақсы көретін көп інілерінің бірі көсіліп сөйлеп тұрады да, сөз аяғында:
– Жасыратын несі бар, бүгінгі таңда бетке ұстайтын екі ақынымыз болса, біреуі – Сіз, біреу болса…– дей бергенде Қадекең шыдамай:
– Біреу болса – жартысымын! – дейді.
– Інісі сасып қалады

Қадыр Мырза Әлі Орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған