Желтоқсан музасы

Уақыт деген қолға ұстап тұруға келмейтін дүние екен. Күні кеше ғана өтті дегендей көрінетін 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болыпты. Одан қалды, қазақтың өмір бойы арман еткен Тәуелсіздігіне қол жеткізгенімізге 25 жыл толып отыр. Көзді ашып жұмғанша алып қашқан уақыт шіркінге дауа жоқ-ау дейсің. Деректерге жүгінсек, 1986 жылы бұрынғы Брежнев атындағы алаңға 35-40 мың аралығында шерушілер шыққан және тағы осыншама жазалаушы солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы тұрған. Екі жақтан барлығы 70-80 мың адам біріне-бірі қарама-қарсы келген. Соның 8500-і уақытша оқшаулау изоляторына тоғытылса, 10 000-ға жуық көтерілісшілерді автобустарға тиеп, Алматыдан аулаққа апарып төгіп тастаған. 99 желтоқсаншы «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айыппен сотталды. Қаншама мың жастар жазықсыз жапа шекті, мүгедек болып қалды, көптеген аруларымыз ана болу бақытынан айырылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін 21 жасында шейіт кеткен желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековке «Қазақстанның Халық Қаһарманы» жоғары атағы берілді.  Қазақ ақын-жазушылары Желтоқсан көтерілісін дайындауда қандай рөл атқарса, кейін «ұрыс алаңындағы» жас қазақтардың ерлігін насихаттауда да сондай рөл ойнады. Көптеген ақын-жазушылар сол қанды күндері оқиғаның ортасында болып, ерлік істер көрсетті.

Ал желтоқсаншыларды аулау және жазалау науқаны кезінде қаламгерлер тек өздерінің қаламдарымен ғана емес, алмастай өткір сөздерін де қару етіп жұмсап, мәскеулік тирандарға тайсалмай қарсы тұра білді. Мысалы, Жұбан Молдағалиев, Сафуан Шаймерденов, Бердібек Соқпақбаев, Мұхтар Шаханов, тағы басқа ақын-жазушылардың жалынды сөздері мен жырлары азаттық аңсаған қазақ жастарына күш пен қайрат берді. Желтоқсанның мұзда жанған алауынан тұтанған сол жалынды жырлар аға буынның әлі есінде. Сол жырлардан қуат алып, «қара бауыр қасқалдақтай пыр-пырлап ұшқан» кейінгі ұрпақ та бұл өміршең өлеңдерді жадында сақтап келеді. Желтоқсан көтерілісінің 30, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай сол жырлардың ең танымалдарын оқырман назарына ұсынғанды жөн санадық. 

       АҚТЫҚ СӨЗ

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген  cptctkvnbv8

Арғымақ мінген жаратып,

«Ақ сауыт киген темірден,

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр!»

Ұлы Ленин бабамыз

Қатарға тең деп тартқан соң,

Компартия басқарып,

Достық отын жаққан соң,

Аға дедік орысты,

Әділдігі жаққан соң.

Ал енді қазір неткен күн,

Орыстан ынсап кеткен күн.

Тізесі қатты батқан соң,

Шыдамастан ақыры

Қарғыс атқан Алаңда

Қарғыс атқыр жеткен күн.

Қаймана қазақ қамы үшін

Қарусыз шықтық Алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесем даусым жетпейтін

Кез болдық мынау заманға.

Шовинизм еді ғой

Басты себеп жанжалға.

Екі жүзің қырылып,

Екі жүзің ұрылып,

Екі жүзің сотталып,

Жоқтаусыз кетіп барасың!

Қатарым жусап қалғанда,

Қыршынымнан қиылып,

Солармен бірге өлсемші-ай!

Артта қалған ата-анам,

Арулап қолдан көмсеңші-ай!

Тұтқынға түстім жаутаңдай,

Жоламай ешкім қасыма.

Бара қалсаң, сәлем айт,

Сырттағы құрбы-досыма.

«Ақтық сөзің не?» деген

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма:

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Қорлай да беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы

Бөтен қолда кетпесін.

Салт-санадан айырылып,

Арақтан ұрпақ азбасын.

Ел көркейтер азамат

Қызғаныштан тозбасын.

Абай туған жерінде

Бомбасын атом жармасын.

Құлыптасты қиратып,

Өлігіңді қазбасын.

Өз ұлтыңның басшысын

Орнынан сүйреп алмасын.

Үміт еткен Мәскеуден

Қарадай көңілің қалмасын.

Ленин салған сара жол

Қолдаушысыз болмасын.

Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңілің қалмасын.

Ендігі жерде басыңнан

Бірлік пен бақ таймасын.

Осы айтылған ақтық сөз

Туың болсын әрдайым.

Мойныма алып жаланы,

Мен болайын құрбаның.

Бас-аяғы сол болсын

Басыңа түскен қатердің.

Ақтық сөзді енді мен

Сотқа да бір айтайын:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты — құрбандық»,

Атам десең, атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген, қош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Қош, аман бол, артымда

Ағайын, туған азамат!

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым, саған аманат!

©ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ

***********

                                   ТӨРТ ЖЫЛ КЕШІККЕН ШЫНДЫҚ

немесе бұрынғы Брежнев, қазіргі Республика алаңында оқылған өлең

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әніңab32cef8770b1290b4f6c5ce74e1fe57_big

Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның,

Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.

«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыпталдың, ұланым.

Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша

Керең болып қалмады екен неге менің құлағым.

Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным!

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.

Жасып қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең…

Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен.

Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ

Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

©МҰХТАР ШАХАНОВ

************

АЛМАТЫ. ЖЕЛТОҚСАН

«Адамзаттың аяқ қолы бұғаудан

босайтұғын күн қайда?» деп сұраудан

мен жалықпан,

айыққанша бар әлем

итжанды бір «үрей» деген тұмаудан.%d0%b6%d0%b5%d0%bb%d1%82%d0%be1

Көгершіндей көтере ұшқан тұзағын,

Пенделіктен арқан бойы ұзадың.

Қанатыңды жаздыра ма бойдағы

Ауыр күнә, батпан-батпан ыза-мұң.

Жер тартылды, кеңімеді аспан да,

Тіл бітпеді соқыр, мылқау тастарға.

Тәңір өзі кірер тесік таппады

Үмбетінің қаһарынан қашқанда.

Қанай-қанай қаны біткен жүректің,

Қанаттарын тісі қиып күректің

Арманның да аяқ-қолы байланды,

Көк аспанда тұрмақ енді тіреп кім?

Адам деген алдануға үйренсе,

Үнсіз-түнсіз шыңғыратын күйге енсе,

Ажалды да айналдырар ойыншыққа,

Тағдырынан тажал-тоқпақ тигенше.

Уақытта да жан жүректің бары шын,

Ол жоқтайды сұлатып сап арысын.

Шоқуға да арланбайды ол бірақ,

Биліктінің пісіп қалған тарысын.

Тағдыр таптап, қу теперіш көрген қыз,

Уақыт сені емдер ме екен ем-домсыз?

Ал, бірақ та жүректегі қайғыны

Көру үшін рентген де дәрменсіз!

©ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ

*******

            ҚАРА БАУЫР ҚАСҚАЛДАҚ

Қара бауыр қасқалдақ, қай жаққа ұштың пыр-пырлап?

Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап.

Қара бауыр қасқалдақ, қасқалдағым, кері қайт,

Сиреп кеткен тоғайға қамықпа деп көңіл айт!

Ұя қалса иесіз — айдын үшін сол қайғы,

Қаңғып келген шүрегей көлдің сәні болмайды.

Өз босағаң бұл жердің тауы, белі, төбесі,

Босағасын басқаға тастай ма екен, о несі?

Қасқалдағым, кері қайт!..

©ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВ

***********

ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР   

86-да нар едіңдер,

Қазір қоспақ бопсыңдар.        

86-да бар едіңдер,%d0%b6%d0%b5%d0%bb%d1%82%d0%be%d2%9b%d1%81%d0%b0%d0%bd_%d0%ba%d3%a9%d1%82%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bb%d1%96%d1%81%d1%96

Сендер бүгін жоқсыңдар.

86-да алаңдағы

Өзі едіңдер ірінің.

Тізімінен бүгін таба алмадым

Өлінің де тірінің.

Топтарыңыз тоқырады,

Босаға жақта… сорлаған бар.

Төралқаларда отырады:

Сендерді қорлағандар,

Сендерді зорлағандар,

Сендерді соттағандар,

Солардың сөзін сөйлеп,

Аузына келгенін оттағандар!

Нар едіңдер, турасында,

Енді қоспақ бопсыңдар.

Билік номенклатурасында

Біреуің де жоқсыңдар.

Сендерге кеше халық сеніп,

Сес көріп еді-ау, қайран жалындар!

Еркіндік елге алып беріп,

Сенаторлыққа сайланбадыңдар,

Депутаттыққа ілікпедіңдер,

Елеусіз қалатындықтарыңды біліп пе едіңдер?!

«Қазақстанды қазақ басқарсын!» деп,

Сапер күректерімен сабалдыңдар,

Қасқыр иттерге таландыңдар,

Түрмелерге қамалдыңдар,

Қылмысты саналдыңдар…

Өйткені қызыл империямен жағаласып,

Жан берісіп, жан алдыңдар!

Кеу-кеулеп Мәскеу жаққа нәлет,

Керуендеп едіңдер, кек үдеп…

Ұлықтар әлі ақтап әлек,

«Ұлтшылдар емес еді» деп

Қалдыңдар жел сөз азығы боп тек,

Қандарыңызды (ұмытпайық!) —

«Кеңес өкіметіне жазығы жоқ» деп —

Келеді әлі «жуып-шайып».

86-да ақтарылып,

Ұлт деп ұран салдыңдар…

Тәуелсіздік таққа мініп,

Тәуелді боп қалдыңдар… 

©ЕСЕНБАЙ ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ

********************

1986 жыл. ЖЕЛТОҚСАН

Өгей қала. Өгей жұрт. Өгей бәрi,

Өгей дүние өгейсiп қарайды әнi, —d6a2b39ae9069cbf49c0255202023d84

Көше толы сенделген тiрi өлiктер,

Сары орыстың кездiгi сорайғалы.

Өгей дүние. Өгей жұрт. Өгей бәрi.

Күл-талқан боп қираған қалпым мынау,

Шөгiп кеткен сияқты паң Алатау.

Шатыр-шұтыр мидағы жарылыстан

Шарқайраққа түскендей шарқ ұрдым-ау.

Шуақ қашты кеудемнен ымырт түнде,

Айналамның бәрi де күңгiрт мүлде.

Сайқал өлiм кезедi Алматыны,

Өлi екенiн паш етiп үмiттiң де.

Бiздiң үйдiң сыртында ұры бардай,

Шәуiлдейдi кәнден ит дымы қалмай.

Тиiп кетсең еденi сықырлаған,

Жеркепеде жатырмын үн шығармай.

Мұңаяды мұң емiп мұнар арман,

Жылан-қабақ тас бөлме, шұбалаң маң.

Мызғымастай мәңгiрiп мәңгүрт дәуiр,

Iшiн тартып төңiрек тына қалған.

Сiлекейi шұбырып жақынсырап,

Тереземнен төнедi жетiм шырақ.

Жел аңқыған желбүйрек сол бөлмеде,

Шалажансар жүрегiм жатыр сұлап.

Қап-қара боп түнерiп қарайды аспан,

Қоқсық пенен бықсыққа араласқан.

Түн ұйқымды ұрлаттым қаншыр түнге,

Қорқау қасқыр секiлдi қара басқан.

Қайда жүрсе қайғы, лаң, қан былығы,

Қанiшердiң есiмде сан қылығы.

Тышқан түрткен сол түнек түкпiрiнен,

Естiледi кiскеннiң жаңғырығы.

Қала жатыр қансырап кiндiгiнен,

Жетi түнде жерiнiп тiрлiгiнен.

Кекке уланған кеудесi керiс тарта,

Қақ жартысы басының сынды бiлем.

Қопарылып кеудемнен мұң құлады,

Мың сан ойдан миым да мыңғырады.

Қабырғасы сөгiлiп қара жердiң,

Шыңырауда бiр шындық шыңғырады…

Түн — сұлудың түндiгiн желкен қылып,

Өркештене өртеңде өртендi үмiт.

Құлап түссе қайтер ем шынында да,

Тiреп қойған аспаны төңкерiлiп?..

Дұға жасап, қол жайып тiлеген шын

Үкiлеген үмiтiм, тiрi екенсiң.

Қаңғып келген нән төбет үредi кеп,

Үрiп жатқан тек сол ма — Үре берсiн.

Ол шiркiнiң үргенде шабаланып,

Сабап алғың келедi көк ала қып.

…Қан-қан болған жарасын жалап алып,

Түнге сiңiп барады қала маңып.

Тағдыр көрдiм мен одан зар құсалы,

Дүние бiткен у жұтып, зәр құсады.

Көз жетпейтiн алыста лып-лып етiп,

Алматының ең соңғы сөндi шамы…

Құлақ қоям үн-түнсiз бәрiне мен,

Жым-жырт жатқан дүниеге жаным елең.

Ғұмырнамам жазылып жатыр менiң,

Желтоқсанның қып-қызыл қаныменен.

Ыза, нала қанымды қарығанда,

Аш өзегiм арман жеп зарығар да.

Жарақаты тәнiмнiң жазылар-ау,

Жарақат жанымның жазылар ма?..

Өгей дүние. Өгей жұрт. Өгей бәрi…

©БОЛАТ ШАРАХЫМБАЙ

******************

Желтоқсан

Жас арудың жанарында — Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында — Желтоқсан.unnamed

Қаралы өмiр қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында — Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да Желтоқсан.

Намысымның шырағы да Желтоқсан,

Сұрқай өмiр сынағы да Желтоқсан.

Жiгiттiктiң ұраны да Желтоқсан,

Жаңа күннiң шуағы да Желтоқсан

©АМАНҒАЗЫ КӘРІПЖАНӘУЛЕТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған