ЖЕТПІС ЕКІ ҮЛКЕН КҮНӘЛАР

 

Үлкен күнәлардың түрлері өте көп. Бұл жерде жетпіс екісі баяндалған:

1) Себепсіз адам өлтіру.

2) Зина жасау.

3) Ливата жасау (анальдық қатынас) барлық діндерде харам болып табылады.

4) Шарап және әр түрлі алкогольді ішімдіктер ішу.

5) Ұрлық жасау.

6) Ләззат алу масатында наркотик қолдану.

7) Біреудің мүлкін күшпен алу, яғни тартып алу.

8) Өтірік куәгер болу.

9) Рамазан оразасында үзірсіз мұсылмандардың алдында ішіп-жеу.

10) Риба, яғни пайызға ақша алу және беру.

11) Көп ант ету.

12) Әке-шешеге қарсы келу, тілін алмау.

13) Мұсылман және салих болған туыстармен араласпау.

14) Соғыс кезінде соғысты тастап дұшпаннан қашу.

15) Разылығы болмастан жетімнің мүлкін жеу. («С.Әбәдийа» кітабының 1029 бетінде былай делінген: «Жетімнің қамқоршысына оның мүлкінен жеуі және қолдануы жаиз. Басқаларға жегізуі және пітірін беруі, құрбандығын шалдыруы жаиз емес.»)

16) Таразыны және өлшеу құралдарын дұрыс қолданбау.

17) Намазды өз уақытынан бұрын немесе кейін оқу.

18) Мұсылман бауырын ренжіту.

19) Алла Елшісінің ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтпаған сөзін айтып, бұл сөзді пайғамбарымыз айтты деп жала жабу.

20) Пара алу.

21) Дұрыс куәгерліктен қашу.

22) Мал-мүліктің зекетін, ушрын бермеу.

23) Шамасы жетіп тұрса да, харам, күнә істегендерді көргенде кедергі болмау.

24) Тірі жануарды отқа жағу.

25) Құран кәрімді үйренгеннен кейін оқылуын ұмыту.

26) Алла Тағаланың мейірімінен үмітті үзу.

27) Мұсылман болса да, кәпір болса да, адамдарға қиянат жасау.

28) Шошқа етін жеу харам болып табылады.

29) Расулуллаһтың сахабаларынан (Оларға Алла разы болсын) кезкелген бірін жақсы көрмеу, олар жайында жаман сөз айту.

30) Қарын тойғаннан кейін де тамақтануды жалғастыру харам болып табылады.

31) Әйелдердің күйеуінің төсегінен қашуы.

32) Әйелдердің үйден күйеуінің рұқсатынсыз шығуы.

33) Әдепті, намысты әйелге жезөкше деу.

34) Нәмимә, яғни мұсылмандар арасында сөз тасу.

35) Әурет жерлерді басқаларға көрсету. (Еркектің кіндік пен тізе арасы, ал әйелдің шашы, қолы, аяғы да әурет болып саналады.) Біреудің әурет жеріне қарау.

36) Өлген хайуанның етін (өлексені) жеу және біреуге жегізу. Дініміздің білдіргеніне сай болмай өлтірілген хайуандар да өлексе болады.

37) Аманатқа қиянат жасау.

38) Мұсылманды ғайбаттау.

39) Біреуге көре алмаушылық таныту.

40) Алла Тағалаға серік (ортақ) қосу.

41) Өтірік айту.

42) Тәкәппарлық, өзін басқалардан үстем, жоғары санау.

43) Өлім аузында жатқан науқастың мал-мүлкін мирасқорларынан қызғануы.

44) Бақылдық, яғни өте сараң болу.

45) Дүниелікке [харамдарға] деген махаббат.

46) Алла Тағаланың азабынан қорықпау.

47) Харам болған нәрсеге харам деп сенбеу.

48) Халал болған нәрсеге халал деп сенбеу.

49) Палшылардың айтқанына, ғайыптан хабар беретіндігіне сену.

50) Діннен шығу, мүртәд болу.

51) Үзірсіз біреудің әйеліне, қызына қарау.

52) Әйелдердің еркек киімін киюі.

53) Еркектердің әйел киімін киюі.

54) Қағбада күнә істеу.

55) Уақыты кірмей тұрып азан айту және намаз оқу.

56) Мемлекет адамдарының әмірлеріне, заңдарға дұшпан болу, қарсы шығу.

57) Әйелінің әурет жерлерін анасының әурет жерлеріне ұқсату.

58) Әйелінің анасын балағаттау.

59) Бір-біріне қаруды бағыттау, дәлдеу.

60) Иттен артылғанды ішіп-жеу.

61) Жасаған жақсылығын міндетсіну.

62) Еркектердің жібек киюі.

63) Сауатсыздықта аяқ тіреп тұру, надандықтан қайтпау. (Әһли сүннет сенімін, парыздарды, харамдарды және қажет болған барлық ілімдерді үйренбеу.)

64) Алла Тағаладан және Ислам діні білдірген атаулардан басқа нәрселерді айтып ант ету.

65) Ілімнен қашу.

66) Надандықтың қасірет екенін түсінбеу.

67) Кіші күнәні қайта-қайта істеу.

68) Зәрулік болмастан қатты дауыспен көп күлу.

69) Бір намаз уақытын өткізіп жіберетіндей уақыт бойы жүніп болып жүру.

70) Хайз (етеккір) және нифас (босанғаннан кейінгі қан) жағдайларында әйелімен қосылу.

71) Ән салу. Әдепсіз өлеңдер айту, музыкалық, сазды аспаптарды қолдану.

Үндістанның үлкен ғалымдарының бірі, мырза Мазхари Жани Жанан ған Алланың рахымы болсын) «Кәлимат-и тайибат» кітабында, парсы тілінде былай дейді: «Сазды аспаптың барлық түрін шалу және тыңдау сөз бірлігімен харам болып табылады. Бірақ, сырнай тарту үшін мәкрух және тойларда дабыл аспабын шалу үшін мубах делінді. [Құран Кәрімді және азанды әуендетіп оқыған кезде мағына өзгерсе немесе әріп қайталанса, харам болады. «Әл фиқһи мәзаһиб»-те былай делінген: «Әуендетіп азан айту харам болып табылады. Мұны тыңдау да жаиз емес.» Шамаланған сөзді шамаланған дауыспен оқуға немесе тыңдауға «Әуендету» немесе «Сима» делінеді.

Әуендету – әдемі, жағымды дауыспен оқу деген сөз. Құран Кәрімді, азанды, мәулітті, илаһилерді әуендетіп оқу екі түрлі болады:

1) Сүннет болған, сауап болған әуендету. Тәжуид іліміне сай оқу деген сөз. Мұндай әуендетулер жүректерге, рухтарға қуат береді.

2) Тыйым салынған, харам болған әуендету, музыканың үніне, ноталарына сай әндетіп оқу. Мұндай әуендету әріптерді, сөздерді бұзады. Мағынасын өзгертеді. Осылай оқығандардың әуендері нәфси әммараға ұнайды, жағымды келеді. Нәпістеріне берілген адамдарды жылатады. Бірақ ондайлар айтылғандардың мағыналарынан хабары да болмайды. Жүректері, рухтары ғафлеттен (ұйқыдан), аурудан құтыла алмайды.

«Тәрғибус-салат» кітабының 162-ші бетінде, «Бәриқа» кітабының екінші том, 1342-ші бетіңде және «Хадиқа» кітабының екінші том, 589-ші бетінде былай делінген: «Ойын-сауық, көңіл көтеру үшін қоңырау тағылған жануарға мінбеу керек, мәкрух болып табылады. Өйткені қоңырау шайтанның мизмары, сазды аспабы. Қоңырауы болған керуенге рахмет періштелері келмейді.» Басына бір пайдасы үшін міну жаиз болады.

Дінге және әдепке сай болмаған өлеңдерді оқуға, ал сай болғандарды музыкамен, ішкілік, әйел-еркек аралас күнә жасалатын жерлерде оқуға немесе басқа жерде оқылғандарды осындай жерлерде радиодан, магнитофоннан тыңдауға және әйелдердің, балалардың оқуына сөз бірлігімен харам делінген.] Дұрыс өлеңдерді дұрыс жерлерде оқу жаиз болады. Көңілге жұмсақтық келтірген кезде Алла Тағаланың мейіріміне де себеп болады. Кейбір ғалымдар мубах болған симаны да ұнатпаған. Олар табиғаттарына хош келмегендіктен, рахаттана алмағандықтан симаны қаламаған болса да, мубах болған симаны ұнатқандарға қарсы болмаған.» Құран Кәрімді, мәулітті, илаһилерді, салауаттарды фысқ (күнә істелетін) мәжілістерде құрметпен оқу харам болады. Ойын-сауық, рахаттану үшін оқу күпір болады. «Дуррул-мәариф» кітабының 6-шы бетінде былай делінген: «Сазды аспап, әйел және баланың дауысы харам болып табылады. Мұндай болмаған дауыстармен пайдалы өлеңдер оқу сима болады, мубах болып табылады.»

72) Өз-өзін өлтіру. Бұл басқа біреуді өлтіруден де үлкен күнә. Қабірде тозақ азабын тартады. Дереу өлмей тәубе ететін болса, бүкіл күнәлары кешіріледі. Қабір азабын тартпайды. (Тәрк етілген намаздардың тәубелерінің сахих болуы үшін олардың қазасын өтеу керек. Қазаларын өтей бастаған адам өлгенге дейін қазасын өтеуге ниет етті деген сөз. Осы ниетіне байланысты барлық қаза қарыздары кешіріледі. Осы сияқты, иман келтірген кәпір және бидғат сенімінде болған адасушы да күпіріне және қате сенімдеріне тәубе еткен кезде күпір мен бидғат сенімдеріне және осы уақыттағы қате істерді жасамауға ниет етті деген сөз. Осы ниетіне байланысты бұлардың барлығы кешіріледі.)

 Дереккөз: islamdini.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған