ЖЫЛ АЯҒЫ ЖАҚЫН ҚАЛДЫ, БИЫЛҒЫ ЕҢБЕК НӘТИЖЕМІЗ…

Өз өнімдеріміз көбейді

 Атырау облысының өнеркәсіп кәсіпорындары 2016 жылғы қаңтар-қазан айлары аралығында 3558 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылғы салыстырмалы кезең деңгейінен 1,8 пайызға жоғары.

1

Облыста өнеркәсіп өндірісінің құрылымында қомақты үлесті кен өндіру  өнеркәсібі мен карьерлерді  қазу  иеленді. 2016 жылғы қаңтар-қазанда оның көлемі 3132 млрд. теңгеге жетті. 2016  жылғы қаңтар-қазанда облыста 27072,2 мың тонна мұнай, 2016,5 мың тонна күкірт өндірілді.

Аталмыш кезеңде өңдеу өнеркәсіптері 381 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өндіріс көлемі мұнай өңдеу өнімдерін өндіру өндірісінде 2,3% пайызға өсті.

2016 жылғы қаңтар-қазанда «Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптау» және «Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуы және таратылуын бақылау» қызметі түріндегі кәсіпорындар арқылы 45 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл облыстық өнеркәсіп өндірісі көлемінің 1,3 пайызын құрады. 2016 жылдың қаңтар-қазан айында кәсіпорындар арқылы 3462,4 млн. кВт электр қуаты, 2125,9 мың Гкал жылу қуаты және 39663,2 мың тк. м ауыз суы өндірілді.

                                     Инвестицияларлар игерілуде

2016 жылғы қаңтар-қазанда  негізгі капиталға салынған инвестициялар  1646,2  млрд. теңге болды, ол жалпы республика көлемінде 28,6%-ды көрсетіп, 2015 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда  44,4%-ға  артты.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

өткен жылғы тиісті айға пайызбен

2

2016 жылғы қаңтар-қазанда инвестицияның өсуі  2015 жылғы сәйкес кезеңмен  салыстырғанда Атырау қаласы және облыстың төрт ауданында байқалды. Өсім Атырау қаласы (43,9%), Құрманғазы (2,1 есе),  Жылыой (51,7%), Исатай (28,2%) және Қызылқоға (16,7%) аудандарында байқалды. Инвестицияның төмендеуі Мақат (58,7%), Индер (55,4%) және Махамбет (34,6%)  аудандарында болып отыр.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі қызмет көлемін жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар (69,7%) және облыс аумағында қызмет атқаратын басқа да мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері  (28,9%) игерді. Мемлекеттік сектор үлесі 1,4 пайыз.

Мұнай және табиғи газ өндіру (негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 81,1%), көлік және қоймалау (8,4%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (1,4%) басым салалар болып табылады.

                      Облыста тұрғын үй құрылысында қарқын бар

2016 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үй құрылысына 21,4 млрд. теңге инвестиция жұмсалды, бұл  өткен  жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,5% жоғары. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және тұрғындар жалпы ауданы  404,8 мың шаршы метр 2825 жаңа пәтер салды, ол 2015 жылғы  қаңтар-қазан айы көрсеткітерінен 0,5%-ға  жоғары.

 

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің

жалпы ауданының нақты көлем индексі

(ткен жылғы тиісті айға пайызбен)

3

2016 жылғы қаңтар-қазанда Атырау қаласы және Индер ауданынан басқа,  облыстың барлық  аудандарында тұрғын үйдің көлемі 2015 жылғы қаңтар-қазандағы деңгейден жоғары: Құрманғазы ауданында  –  2,2 есе, Жылыой –  33%, Махамбет – 20,7%, Мақат –  9,7%, Исатай – 9,5%   және Қызылқоға –  0,1%. Салынған тұрғын үй көлемінің төмендеуі  Атырау қаласында (8,1%) және Индер ауданында (40,5%) байқалды.

Облыста іске қосылған тұрғын үй көлемінде Атырау қаласы (60,2%), Жылыой (17,3%) және  Махамбет (5,4%) аудандары қомақты үлеске ие.

Облыстағы тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көзін құраған салушылардың меншікті қаражаты болды,  іске қосылған тұрғын үйдің  жалпы көлемінің едәуір бөлігін (80%) халық игеріп  отыр.

2016 жылғы қаңтар-қазанда халық салған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа құны 47,9 мың теңге (2015 жылғы қаңтар-қазанда – 48,2 мың теңге) болды.

Атырау облысының Статистика департаменті

 мәліметі бойынша дайындаған Светлана Муньянова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған