ЖЫРТЫҚ ШАЛБАР

Жыртық шалбар кимеші, қарындасым,

Ашылғаны жетеді қарын, басың.
Өзіңді мақтап өлең жазбақ едім,
Қолым жүрмей, қор болды қарындашым.

Қаны таза қазақы қылықты қыз,
Желігіп жел тигендей былықтыңыз.
Түзу жігіт қарамас жыртылғанға,
Неге соны қарындас ұмыттыңыз?

Жыртық шалбар
жүректі теседі екен,
Қырсық шалдар
құлақты кеседі екен.
Қыздың ары төгіліп көшеде кең,
Көз үйреніп, иманың өшеді екен.

Ұзын көйлек
кисе екен деп жүргенде,
Шалбар жырттың жарысып бұл күндерде.
Тыр жалаңаш қалатын сән таусылып,
Жетпей өлгім келеді ол күндерге.

Тілегіңді Тәңірім орындасын,
Шалбарыңды жыртпашы қарындасым.
Қазақтың қырық жамау жан жүрегін,
Жұлмалап жытрпашы енді қарындасым.

Ержан Әділ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған