Жүрсін Ерман неге қобалжыды?

Астанада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Қазақстан Халықтары Ассамблеясының XXV Сессиясында сөз алған белгілі ақын, журналист, қазақ айтысының жанашыры Жүрсін Ерман мінбеге көтерілгенде өзінің қобалжығанын жасырмады.

20170426160839

-Армысыздар, ел азаматтары! Айтыста жүздеген, мыңдаған көрерменнің алдында еркін сөз бастап жүрсем, дәл қазір Елбасының мысы басты ма шамалы қобалжып тұрмын. Бірақ, қобалшыған адам өтірік сөйлемейді, шынын айтады. Мен де жүрегімдегі сөзімді айтамын,-деп сөзін бастаған ақын ҚР Президентінің жуырда жарияланып, әлі күнге талқыланып жатқан мақаласындағы бірқатар мәселелерге өзінің көзқарасын білдірді.

-Ханда қырық кісінің ақылы бар» деп қазақ тегін айтпаған. Бірақ та, кешегі Бұқар жыраудай кеңесін беріп, басу айтып отыратын абыздар жаныңызға жиналса екен деп бүкіл ел тілеп отырады. Шыны керек, рухани жаңару, өзгеруге қадам басқан халқымыз сондай абыздарға зәру болып тұр. Осы сәтті пайдалана отырып, сіздің латын әліпбиіне көшу жөніндегі бастамаңызға қолдау білдіретінімді жеткізгім келеді. Кейбір кертартпалаар кириллицадан бас тарту бізді орыс мәдениетінен алыстатады деп уайымдамай-ақ қойсын. Себебі, біздің тарихи көшіміз Пушкин, Толстой, Есенин, кешегі өмірден өткен Евтущенколардың еңбегін жатсынған емес, жатсынбайды да. Латын әліпбиіне көшу бастамасы арқылы сіз тарихта реформатор басшы ретінде қаласыз. Кім білсін, 50 жылдан кейін, бәлкім, жүз, мың жылдан кейін ұрпағымыз «Назарбаев әліпбиі» деп айдар тағып жатса таң қалмаймын,-деген ақын Елбасыға және жиынға қатысушыларға жүрекжарды өлеңінде арнады:

Өзгеріс күтіп еді ел де асыға,

Сөйлесін ақындар да енді ашыла.

Ата қазақ арманын орындауға

Құдайым қуат берсін Елбасыға.

Құдайдың сүйген құлы – осы Азамат!

Үндеуге үлесіңді қос азамат!

Ұлт болып ұйысқаның құтты болсын,

Күн сөнгенше сөнбейсің, жаса, Қазақ!

Ермұрат НАЗАРҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған