Жұма күнінің 7 ерекшелігі

1. Жұма мұсылмандарға мейрам күні

Ибн Аббастан Пайғамбарымыздың сөзі жеткен: «Шындығында, Алла Тағала осы күнді мұсылмандар үшін мейрам күні қылған. Жұма намазына келетін кісі толықтай жуынып келсін, әтір су тапса, себініп келсін және де мисуак қолданып келсін»

2. Жұма күні басқа күндерден артықрақ

Абу Һурайрадан: Пайғамбар айтқан: «Кімде-кім толықтай жуынып, Аллаһтың бұйырғанындай намазын оқыса, үндемей отырып, құтпаны тыңдаса, онда оның өткен жұмамен осы жұманың арасындағы, оған қоса үш күннің күнәлары кешіріледі».

3. Жұма күнгі тілек қабыл болады

Абу Һурайрадан: Пайғамбар айтты: «Жұма күні сондай бір сағат бар, мұсылман болған пенде Жаратушысынан не сұраса да, Алла Тағала оған береді»

4. Жұма күні Пайғамбарға салауат айтудың қасиеті

Аус бин Ауса ас-Сакафиден: Пайғамбар айтты: «Жұма күні – күндеріңнің ең хайырлысы. Маған сол күні көп салауат айтыңдар, себебі салауттарың маған жеткізіліп тұрады».

5. Ақырзаман жұма күні болады

Абу Һурайрадан: Пайғамбар айтты: «Күн көтерілген күндердің хайырлысы – жұма күні: осы күні Адам жаратылған, осы күні ол жаннатқа кіргізілген, осы күні ол жаннаттан шығарылған, осы күні ақырзаман болады»

6. Жұма күнгі таң намазының артықшылығы

Ибн Умардан: Пайғамбар айтты: «Алланың алдындағы ең жақсы намаз – жұма күнгі жамағатпен бірге оқылған таң намазы»

7. Жұма күнгі өлімнің артықшылығы

Абдулла бин Амрадан: Пайғамбар айтты: «Жұма күні немесе жұма түні қайтыс болған мұсылманды Алла Тағала қабір сынағынан сақтайды»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған