Жұма күні жасалған жасөспірімдердің жақсылығы (ФОТО)

Бүгін күндердің ең қайырлысы, сұлтаны Жұманың қарсаңында елордадағы №76 мектеп-лицейінде «Мейірімді қала» атты қайырымдылық акциясы өтті. Мектеп ішінде болған мақтаулы шараның өтуіне білім ошағының ұжымы, оқушылары мен ата-аналары ат салысқан болатын. Акция барысында олардың өз қолымен жасалған әртүрлі бұйымдары сатылса, одан түскен қаражат қаладағы әлеуметтік жағдайы нашар  он зейнеткердің мұқтажына жұмсалмақ.

                     dsc_0015     dsc_0030

                     dsc_0027     dsc_0026

                     dsc_0035     dsc_0006

                     dsc_0032     dsc_0028

-Бұл акция «Астана – мейірімді қала» деген бастамамен Астана қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша  ұйымдастырылды. Бұған дейін өткен оқу жылында да дәл осындай шара мектебімізде өткен еді.  Десе де, бұл жолы мені ерекше қуантқаны, акцияға оқушылардың белсенді түрде араласуы болды. Өздерінің, ата-аналарының қолынан шыққан бұйымдарды «жарнамалап» сатудағы шеберліктеріне тәнті болдым. Сондай-ақ, олардың тұтынушыға «Жақсылық жасағаныңызға рахмет!» деп жұдырықтай жүректерімен шынайы түрде алғыс білдіруі мені риза етті,-дейді №76 мектеп-лицейінің директоры Сапура Тулекова.

dsc_0002

Сонымен қатар, мектеп оқушыларының ішінде кәсіппен нәсібін тауып жүрген ата-аналар шамалары келгенше қосымша азық-түліктерді өздерімен ала келіпті. Түске дейін лезде өтіп кеткен бұйымдардан түскен қаражат пен үш бірдей ата-ананың сәлем-сауқатын жуық арада қартайған шағында қамығып жүрген он зейнеткердің отбасына жөнелтетін боламыз дейді білім ошағының басшысы. Қайырымдылық шарасына белсене араласып, адамгершілік пен имандылықтың озық үлгісін көрсете білген жасөспірімдердің ақ адал ниеттеріне біз де риза болып қайттық.  

Ермұрат НАЗАРҰЛЫ

Суреттерді түсірген Тілеухор МАКИШЕВА

One thought on “Жұма күні жасалған жасөспірімдердің жақсылығы (ФОТО)

  • 10.12.2016 at 00:32
    Permalink

    Бұл шара игілікті іс болған екен. Осындай игі шаралар осымен шектеліп қалмай еліміздің әр өңірлерінде жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар еді. Әрі акциядан түскен қаражат та әр түрлі деңгейдегі, мысалы, тұрмысы төмен отбасыларға, қамқорлығы төмен мүгедек жандарға дегендей жұмсалса дұрыс болар еді…

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған