Ж.Асанов: Киберлік дәуірде дубинкамен қылмыскерді қуып әлі жүрміз

Бүгін Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен Бас прокуратура коллегиясының отырысы өтті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды. Онда 2016 жылдағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен ағымдағы жылдың жоспары талқыланды. 

Жиынға Парламент депутаттары, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бақылау мекемесінің басшысы айтқандай, тұрғындардың құқықтық сенімін ақтау үшін ойды және басқа да жұмыстың тәсілдерін түбегейлі өзгерту қажет. Сондықтан ағымдағы жылы прокуратура органдары үш негізгі міндеттерге, ол – кадрларға, жаңа технологияларға және қылмыстық процеске көңіл бөлетін болады.

Мамандар – басты тірегіміз. Өткен жылдың маусым айында «Прокуратураға – үздік мамандар» деген жобаның тұсауы кесілді. Содан бері жаңа жоба бойынша 2000 кандидаттың ішінен, ең үздік 128 маман жұмысқа іріктеліп алынды.

«Бұлар – біздің алғашқы қарлығаштарымыз. Олар әуелі дайындықтан өтті. Көздерінде оты бар жастар, біздің көңілімізден шықты. Біз қатып қалған қағиданы өзгерттік. Олар біздің ашықтығымызға сенді. Біз олардың өмірге деген көзқарасы, әлеуметтік белсенділігі, білімге деген құштарлығы, отансүйгіштік, басқа да қасиеттерін бағаладық. Бәрі де өз қолдарында. Алда жаңа HR технологияларды енгізу. Олардың жұмысқа деген қызығушылығын арттырып, жігер беріп, жақсы маман боларына сеніммен қараймыз»-деді Бас прокуррор өз сөзінде.

Сонымен қатар, отырыста қоғамның ең қиын әрі өзекті мәселесінің бірі – қылмыстық ахуалды жетілдіру жайы айтылды. Бас прокурор қылмыстық процесс мемлекеттік органдардың менмендігіне емес, қарапайым халықтың мүддесіне сай реттелуі керектігін баса айтты. Бұл мәселе бойынша Бас прокуратураның бастамасымен құрылған «Қосшыдағы дискуссия» атты қылмыстық форум барысында арнайы шақырылған ғалымдар мен осы сала мамандары жұмыс істеуде.

«Адамдардың құқық қорғау органдарына деген сенімдерін арттыру үшін қылмыстық процесті әділ әрі саналы түрде жүргізу керек» деп жалғастырды Жақып Асанов

Үшінші бағыт – жаңа технологияларды енгізу. Қылмыстық процесті жеңілдету және жеделдету үшін электронды форматқа ауысуды қамтамасыз ету.

«Осы жағдайға тоқталайық, Мысалы, қылмыскерді қолынан ұстап алдық. Кінәсін мойындады. Куәгерлер бар. Соған қарамастан 15 күн тергеледі, одан соң 3 күн прокурор істі зерттейді, сотқа тағы 20 күн қажет. Осының бәріне 40 күн уақыт кетеді екен. Осы күндер аралығында жәбірленуші, күдікті, куәгер бәрі де әр кабинетке кіріп есік тоздырады. Қайта-қайта тергеу, дәлізде сағаттап күту осының бәрі адамдардың жүйкесін жұқартады» деді Бас прокурор.

Қадағалаушы мекеме басшысының пікірінше, электронды форматқа көшу – ашықтығымызды білдіреді, құжаттарды беру мен алу мерзімін қысқартамыз, пошталық шығындар мен қағаз тасуды азайтады. Осы іске қатысы бар азаматтар қылмыстық істердің электронды түрде жүргізілуі мен тергелуін онлайн режимде бақылай алады.

«Киберлік дәуірде прокуратура жаңа технологияға жақын болуы тиіс. Бастамасы бар. «Заңдылық» қылмыстық құқықбұзушылық жүйе картасы іске қосылған, Бірақ АйТИ жүйе – цифрлық дүние теңізінің тамшысындай, онда әлдеқашан біздің ғаламшарымыз өмір сүруде. Біз жуан таяқмен (дубинка) қылмыскерді қуып жүргенде, АҚШ та БигДата технологиясымен қылмыстың қайда және қашан боларын алдын ала біліп отырады»-деді Бас прокурор.

Сондай-ақ прокуратура органдарындағы жұмыс тәсілдерінің өзгеруі, жаңа заманға сай менеджмент жүйесін енгізу арқылы халықтың көңілін күпті етіп жүрген мәселерді шешуді де атап өтті.

Прокуратура органдары осындай мәселелердің шешіміне жету үшін қажетсіз жұмыстардан құтылып жатыр. Соңғы айларда қажетсіз жұмыстардан құтылу басты маңызды жүйелі мәселелерге шоғырлануына, оның ішінде: үлескерлік құрылыс, жерді басып алу, бизнесті қорғау туралы мемлекеттік мекемелермен келісім шараларына жағдай жасалынды. Сонымен қатар, басымдығы бар жобалар портфелі құрылатын болады. Олар қоғамдағы сезімтал, өзекті мәселелерді шешеді. Бұл жемқорлық, ұлт денсаулығы, экология, қылмыстық процесс және тағы басқалар.

«Неден бас тартық, неден құтылуымыз керек» деп Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель прокуратураның барлық саласында артық құжат айналымдары мен статистикалық есептен құтылғандарын жеткізді.

Коллегия отырысында әр сала бойынша маңызды жобалардың барысы туралы Бас Прокурордың орынбасарлары Андрей Кравченко мен Марат Ахметжанов та сөз сөйледі.

Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев қылмыстық жағдайдағы азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуы жайында баяндап берді.

Коллегия жұмысының қорытындысы бойынша Бас Прокурор бақылау және құқық қорғау қызметтерінің тиімділігін жоғарылату туралы бірнеше жауапты міндеттер қойды.

Жақып Асанов алға қойылған міндеттердің тиімділігін жүзеге асыруды қамтамассыз ету мақсатында, бақылаушы органның басты тиімділік индикаторы ретінде тиісті шаралар бойынша кемшіліктерді жойып, тұрғындардың сенімін арттыруды бұйырды.

«Ол үшін бізде бәрі бар. Айқын және белгіленген бағыт – Ұлт Жоспары. Өкілділік және құзырет. Халық пен Президенттің қолдау және олар алдындағы жауапкершілік бар» – деп түйіндеді мекеме Басшысы.

Бас Прокуратураның баспасөз қызметі 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған