Заманауи «Saukele» конференц залы  ашылды

Шымкентте заманауи технологиялармен жабдықталған BALLROOM «Saukele» конференц залы  ашылды деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Сыйымдылығы 700 адамды қамтитын залда халықаралық және жергілікті деңгейде конференциялар мен презентацияларды, инновациялық көрмелерді өткізуге мүмкіндік мол.

Шымкент қаласының туристік орталық ретінде оң имиджін қалыптастыруда маңызы ерекше ғимараттың ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев қатысып, туризмді дамыту бойынша тағы да бір қадам жасалғанын атап өтті.

«Оңтүстіктің туристік саласын дамыту мақсатындағы жұмыс үш бағытта жүргізіліп отыр. Бірінші – қызмет көрсету сапасын жақсарту және туристерді тарту. Екінші – шағын туристік инфрақұрылымды дамыту. Үшінші – туристік жобаларды алға жылжыту. Біз бұл бағыттағы кез-келген жаңашыл жобаны қолдауға әзірміз»,- деді әкім.

uko_7666-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f

Аталған конференц залда «KEBET» заманауи конференц жүйесі мен «Dynacord Cobra-2» саз жүйесі орнатылған. Мұнда 50 азамат жұмыспен қамтылып отыр. Сонымен қатар, осы күні аймақ басшысы «Grand Shymkent hotel» қонақ үйінің қасынан салынатын Аквапарктың капсуласын салу рәсіміне қатысты.

Айта кетейік, Қазақстанның туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамалық жобасында  6 туристік кластер құру көзделсе, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы «Ұлы Жібек Жолын қайта жаңғырту» кластеріне енгізілді. Аталған жобаға Түркістан қаласы, Отырар мен Сарыағаш аудандары, «Ақсу – Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары мен  «Сайрам – Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туристік нысандары кіріп отыр.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған