Заманға қарай «өңі» өзгерген мақал-мәтелдер

Қазақта: «Заманға қарап бөрік ки», «Заманың түлкі болса, тазы болып қу» деген сынды көптеген ұлағатты сөз бар. Бүгінгі күні заман өзгерісіне сай мақал-мәтелдер де тонын айналдырып, өңін өзгертіп шыға келгендей. Әлбетте, өмір тынысын қалт жібермей бағып, қоғам дамуының тамырын басып отырған қужақ, өткір тілді адамдардың атсалысуымен. Сондай ілкі сөз тіркестерінің біразын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

WiFi бар үй — клуб, WiFi-і жоқ үй — тұлып.

Аққуды атпа, айфоныңды сатпа.

Наркоман — шұбырынды, алкаголь — сұлама.

Банк басынан шіриді.

Интернеттен оқып жүр, талай қазақ баласы.

Ит жоқта — шошқа, сеть жоқта — сотка үреді.

Өлетін бала COСA-COLA-ға қарай жүгіреді.

Соткасы жоғалған адам соскасы жоғалған баламен тең.

Интернетің бар болса, жазулы тұрған хатпен тең,

Проезднойың бар болса, байлаулы тұрған атпен тең.

Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе әкіматтың көркі.

Қызым, саған айтам, сен ешкімге айтпа.

Шақырылмаған қонақ келмейді.

Қыздың қырық сайты бар.

Алыстан арбалағанша, КамАз-бен бір рейс жаса.

Соқыр тауыққа линза тауып берейік.

Ерте тұрған әйелдің түстен кейін ұйқысы келеді.

Асыққандар арбамен, асықпағандар таксимен бара берсін.

                  Ғаламтордан теріп алған — Ермек Сахариев

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған