Зейнетақы жинағындағы қаражатты шешіп алуға болады

“БЖЗҚ” АҚ өңірлік желілерді дамыту департаментінің директоры Наталья Павловскаяның айтуынша, зейненақы қорындағы қаражатты тек ерікті түрде салған азаматтар ғана шешіп ала алады.

 

Қордың мәліметі бойынша, оның өз тек 50 жастан асқаннан кейін ғана беріледі.

“Жалпы, зейнетақының басты міндеті – қартайғандағы өмірді қамтамасыз ету. Егер жинақты ерте жұмсап тастауға мүмкіндік берсек, біз міндетімізді дұрыс атқармаған болар едік”, – дейді директор.

Оның айтуынша, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің ішінде әйел адамдар 50 жастан, ерлер 55 жастан бастап зейнетақы салымдарын уақытынан бұрын ала алады.

Сонымен қатар қор өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда елімізде 10,11 млн зейнетақы салымдары бар. Соның ішінде 9,66 млн-ы міндетті зейнетақы салымдары. 2016 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, Қазақстандықтардың зейнетақы салымдарының жалпы құны 6,5 трлн теңгені құрайды.

Naryk.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған