Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Мәжiлiсте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау барысында келесі жылы зейнетақы мен жәрдемақының мөлшерi қанша болатыны белгiлi болды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Шығыстардың негiзгi бөлiгi әлеуметтiк-еңбек саласына бағытталған. Оның 1 трлн 998 млрд теңгесi әлеуметтiк төлемдердi құрайды. Бұл зейнетақы мен әр түрлi жәрдемақылар. 2017 жылы зейнетақы мөлшерi 9 пайызға артады. Осының негiзiнде базалық зейнетақының мөлшерi 12 802 теңгенi құрайды. Базалық зейнетақы мен негiзгi зейнетақыны қосқан кезде оның мөлшерi 60 мың 167 теңгенi құрайтын болады. Барлық әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi 2017 жылдың бiрiншi қаңтарынан 7 пайызға артады», – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi Бiржан Нұрымбетов.

Жалпы, стратегиялық жоспардың бағыттарын iске асыру үшiн 2017 жылға 3 трлн 104 млрд теңге көзделiп отыр, оның 3 трлн 47 млрд теңгесi – ағымдағы бағдарламалар, 57 млрд теңгесi – даму бюджетi.
2018 жылға 3 трлн 457 млрд теңге, 2019 жылға 3 трлн 947 млрд теңге қарастырылған.

Baq.kz 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған