Зейнеткерлікке қалай ертерек шығуға болады?

Зейнеткерлікке зейнет жасына жетпей жатып та ертерек шығуға болатынын айтқан Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Аймақтық даму және клиенттер қызметінің басшысы Асхат Мұқамедов:

«Бүгінгі заң бойынша, елде зейнет жасына жетпеген адамдардың да зейнеткерлікке ертерек шығуына болады. ОЛ үшін бұлар зейнетақы қорында жиналған ақшасын пайдалана алады. Сақтандыру компаниясына ақша жинап зейнетке шығудың екі шарты бар.

Ол үшін азаматтар сақтандыру компаниясымен шарт жасасуы керек. Ал, ер азаматтардың жасы 55-тен асқан және зейнетақы жинақ қорындағы ақшасы 9 636 000 теңгеге жеткен болуы керек. Ал әйелдер жасы 50-ден жоғары және жинақталған сомасы 13 746 000 теңгеден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ зейнетақыны Қазақстан азаматтары үш жағдайда мерзімінен бұрын шешіп ала алады:

1. Сақтандыру компаниясы арқылы жиналған зейнетақы қоры өз деңгейіне жеткенде (жоғарыда айтылған әдіс).

2. Азаматтың түпкілікті қоныс аударуына байланысты.

3. Азаматтың қайтыс болуына байланысты оның мұрагерлері марқұмның жинақталған зейнетақысын ала алады»,— деген түсінік берді.

Айта кетерлігі, 2018 жылдың 1-іқаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері 33 745 теңге болып бекітілген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.