ИПОТЕКА ЖАЙЛЫ 15 ҚҰПИЯ

Үй мәслесеі елімізде ең күрделі тақырыптардың біріне айналып отырғаны жасырын емес. Үйім болса екен деп ипотека алуға жүгіретініміз анық. Ипотеканы рәсімдеп, үйге кіргеннен бастап бұрынғыдан да қиын мәселелер басталатыны тағы бар. Ол қандай мәселелер? Қалай ұрынбауға болады? Төменде тізімін жазып, тәптіштеп түсіндірген болдық.

  1.  6 айға жетерлік ақшақорыңыз болмаса, ипотека алмаңыз.

Банк сіздің жағдайға кірмегендіктен, нанға ақша таба алмай жүргенде, ипотекаңыздың үстіне пайыздар қосыла береді, қосыла береді. Мұның соңы, үйді тартып алумен аяқталуы кәдік.

  1. Ешқашан ипотеканы доллармен немесе шетелдік валютамен алмаңыз.

Сіз жалақыны теңгемен аласыз ба әлде доллармен табасыз ба, ол маңызды емес. Қазақстандаүйдің бағасы теңгеге байланған. Ал теңге – соңғы кезде қатты құбылып жатқанын білесіз.

  1. Ешқашан ипотеканы 10 жылдан арыға алмаңыз.

Сізге банк 15 жыл, 20 жыл керек десеңіз 30 жылдық ипотекаларды қуана-қуана ұсынатын болады. Неғұрлым жылы ұзақ болса, соғұрлым айына төлейтін соммаң аз болады,-деп сендіреді. Рас айтады. Бірақ, сіз айына төлейтін ақшаның көлеміне емес, соңыра банкке неше миллион беретініңізді есептеңіз.

  1. Ұзақжылдық ипотеканы, ертерек жауып тастаймын деген уәдемен несие алмаңыз.Экономистердің айтуынша, қарыз алушылардың 97% несиені ертерек жаба алмайды екен. Адамның қолына басы артық ақша түсе қалса, сол заматта жаңа жоспар, жаңа қажеттіліктер пайда бола қалады.
  2. Пайыздық мөлшерлемесі өзгермелі ипотекаға жоламаңыз.

Мысалға банктің мөлшерлемесі 1%-ға өзгерді дейік. Алып бара жатқан ақша емес сияқты. Бірақ, 5 миллион қарызыңыз, 10 жылдан соң 50 миллион теңгеге көбейіп кетеді. Қысқасы, пайыздың мөлшері өзгереді дегенді естідіңіз екен, ондай ипотекаға жақындамаңыз.

  1. Кредитіңіздіқайта қаржыландыруға рұқсат бермейтін ипотекадан аулақболыңыз. Уақыт өте, кейбір банктердің несие пайызы төмендеуі мүмкін. Сол кезде, әлгі мекемеден арзанға қарыз алып, кредитіңізді жауап тастай аласыз. Ал, оған рұқсат бермейтін банкке тап болсаңыз, барлығы несесін өте аз пайызбен төлеп жатқанда, сіз баяғынша еселеп төлеумен боласыз.
  2. Барлық банктердің ұсыныстарымен танысып шықпай, ипотека рәсімдемеңіз. 

Сіз жалақыны белгілі бір банктің карточкасы арқылы алатын болсаңыз, сол мекеме сізге көбінде «ұтымды» ұсыныстар айтып, сыртқа шығармауға тырысады. «Басқа банктерден қарағанда, біздікі 2% арзан» деп қызықтырып бағады. Ерінбеңіз, басқа банктерде қалай, аралап көріңіз.

  1. Дағдарыс уағында ипотека алмаңыз.

Дағдарыс басталғанда, ұстанатын екі алтын ереже бар. 1) Қарыздардан қандай жолмен болса да, тез құтылуға тырысу. 2) Қиналып қалмау үшін, қор жинау. Дағдарыс уағында жылжымайтын мүліктің бағасы төмендейді. Бірақ оны сатып алатын адам  болмайды. Себебі көп жұрт жұмысынан айырылады, өмір сүру қиындайды.

  1. Ипотекамен қоса, басқа да төлемдері 25% жоғары болса, ондай несиені алмаңыз. 

Банк сізге 40%-дық несиеден қорқудың түгі жоқ. Барлық жерде солай,-деп сендіруге тырысады. Бірақ, мұндай ипотеканың еш пайдасы жоқ. Ең көп дегенде, 20-25% несиені алуға тырысыңыз.Сіздің отбасылық табысыңыз (салықты алып тастағанда) айына 1,500 доллады құраса, ипотеканың төлеуге тиісті қарызы 125 мың теңгеден артық болмауы керек.

  1. Тұрақты жұмысыңыз болмаса, ипотека алмаңыз. 

Лауазымыңызды өсіруге, мейлінше қымбат жалақылы жұмыс табуға барыңызды салыңыз. Сонда ғана, ипотеканың қарызын ай сайын төлеп тұруға мүмкіндігіңіз артады. Әсіресе, бұл – бір ғана адамы жұмыс істейтін отбасыларға құлаққағыс.

  1. Өміріңізді сақтандырмай ипотека алмаңыз.

 Иә, тағы да қайталап айтамыз. Өмірде түрлі жағдай болуы мүмкін. Құдай сақтасын, жазым болуыңыз немесе жұмыс істеу қабілетінен айрылуыңыз мүмкін. Ол кезде, ипотеканың қарызын төлеу жұбайыңызға міндеттеледі. Егер, сіздің зайыбыңыз жұмыс істемейтін болса, онда… Айтпаса да түсінікті шығар?! Сол себепті, түрлі оқыс жайттардан өміріңізді сақтандырыңыз. Қайғылы жайтқа тап болғанның өзінде, қарызды белгілі уақытқа дейін төлей алатын мүмкіндік болады.

  1. Құрылыс, жөндеу жұмыстары күтіп тұрғанын ұмытпаңыз. 

Ипотека алдым, үйге бірден кіріп алдым,-деген болмайды. Пәтерді әрлеу керек. Керек-жарақты кіргізу керек. Ал оның барлығы ақша. Өмірінде бір рет болсын пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізген адам, қағаздағы нобай мен шын өмірдегі шығынның екеуі екі түрлі боларын біледі.

  1. Ескі үйден және тозығы жеткен аудандардан пәтерді ипотекаға алмаңыз.

Көне аудандардың үйлері, жыл өткен сайын бағасы төмендей береді. Бір уақыттарда, жаңа, жақсы ауданға көшпек болсаңыз, (бірнеше балалы болу, дәулеттің артуы, жұмыс орнын ауыстыру) ескі үйіңізді сата алмай әуре боласыз. Сатқанның өзінде, түскен ақшамен ипотека қарызының жартысын да жаба алмауы мүмкін.

  1. Алдағы 5 жылда бұлқалада тұруды жоспарламасаңыз, ипотека алмаңыз.

Әрине, алдағы жылдарды болжап білу мүмкін емес. Бірақ, сіз немесе әйеліңіз жаңа жұмыс табылып, басқа шаһарға кетпек болсаңыз, ипотеканы рәсімдеуден абай болыңыз.

  1. Ипотеканы мақтаныш үшін алмаңыз. 

Жұрт бай екен деп ойласын деген ниетпен, қымбат пәтерге жүгірмеңіз. Дос-жаранның алдында кеуде керем деп, қарыздың тұңғиығына батып кетесіз. Біреудің алдында қалай көріну маңызды емес. Үй өзіңізге ыңғайлы, жаңа болса, жетіп жатыр. Біреу үшін өмір сүрмеңіз.

Үйдің жылдық төлемі – сіздің жылдық табысыңыздан 2,5 есеге артық болса, мұндай ипотекадан бас тартыңыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған