Исламдағы әйелдің орны-3

Әйелдердің жаратылысы

Сұрақ: Әйелдер әлсіз, нәзік жаратылғандықтан еркектерге аманат етілгендігі, ер адамның отбасында отбасы басшысы болуы керектігі, әйелге ер адам жауапты екендігі, бірақ әйелдің ер адамға жауапты еместігі айтылуда. Осы жайлы аят немесе хадис бар ма?

Жауап: Иә, бар. Құран кәрімде былай делінеді:

«Ей иман келтіргендер, өздеріңді және бала-шағаларыңды оттан қорғаңдар, ол оттың отыны адамдар мен тастар.» (Тахрим 6)

«Еркектердің әйелдерде, әйелдердің еркектерде ақылары бар. Алайда еркектер әйелдерге қарағанда бір дәреже үстемдікке ие.»(Бақара 228)

«Еркектер әйелдердің басшысы. Өйткені Алла Тағала кейбір құлдарын кейбірінен үстем етіп жаратқан.» (Ниса 34)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Әйелдерді Алла Тағаланың аманаты ретінде алдыңдар және оларға жақындауларың Алланың әмірімен халал етілді. Сендердің оларда ақыларың болғанындай, олардың да сендерде ақылары бар. Төсектеріңе ешкімді жақындатпау және белгілі жағдайларда сендерге бас көтермеулері – сендердің оларда болған ақыларың. Олар сендердің бұл ақыларыңа мойынсұнса, ризықтандырылу, киіндірілу олардың ақылары.» (Ибн Жәрир)

«Әйел қабырға сүйегінен жаратылған. Ешқалай да түзу бола алмайды. Оны түзулеуге тырыссаң сындырып аласың. Әйелдің сынуы – ажырасуы деген сөз.» (Бұхари)

«Әйел әлсіз жаратылған және әурет болып табылады. Әйелдердің әуреттерін үйде ұстап жабыңдар!» (Ибн Лал)

Дереккөз: islamdini.kz

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған