Исламдағы әйелдің орны-6

Сұрақ: Біз хайз (етеккір) себебімен оразамызды қаза қылғанда рамазан сауабына қауыша алмаймыз. Хайз кездегі намаздың қазасын оқымаймыз. Сонда еркектерден аз сауапқа қауышқан боламыз ба?

Жауап: Жоқ. Әйелдер де, еркектер де өз араларында тең сауап алмайды. Бір ғибадатты жасаған немесе бір күнәні істеген адамдар бірдей сауапқа немесе бірдей жазаға ие болмайды. Пайғамбарымыз алейһиссалам ант етіп былай дейді:

«Бір адам Ухуд тауындай алтын садақа берсе, сахабаларымның бірінің берген бір уыс арпасының сауабындай сауап ала алмайды.» (Бұхари)

Сахабалар да өзара бірдей сауап алмайды. Бұл иман және ықыластарының қуатына қарай өзгереді.

Сұрақ: Дінде сұмдану, сұм адам деген нәрсе жоқ болса, «Әйел, ат және үй – бақытсыздық алып келеді» хадис шәрифі ойдан шығарылған ба?

Жауап: Ислам сенімі бойынша, ешбір нәрсе тұрған жерде үйге, егесіне сұмдық шақырмайды, бақытсыздыққа себеп болмайды. Бұл хадис шәрифте негізінде былай айтылады:

«Егер бір нәрседе сұмдық, сәтсіздік (бақытсыздық) бар болғанда, атта, әйелде немесе үйде болатын еді» (Бұхари, Мүслим, Муатта, Имам Ахмед, Әбу Дауд)

Көріп тұрғаныңыздай оларда сәтсіздік, пәлекет бар делініп жатқан жоқ, «бар болғанда» делініп жатыр. Аттың да, үйдің де, әйел немесе еркектің де жақсысы жақсы, жаманы әрине жаман. Төмендегі екі хадис шәриф те жоғарыдағы хадис шәрифтің ашықтамасы іспеттес:

«Үйдің, әйелдің және аттың жаман болуы нағыз сәтсіздік. Сараң болған және көршілері жаман болған үй жаман. Мінгізбейтін ат жаман. Мінезі нашар әйел жаман.» (Табарани)

«Салиха әйел, жақсы көлік, кең үй – бақытқа себеп. Мінезі жаман әйел, жаман көлік, тар және қысылыңқы үй бейбақтыққа себеп.» (Әбу Дауд)

Дереккөз: islamdini.kz

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған