Каспий маңы елдерінің  жастары бас қосты

Маңғыстау облысында «Caspi Leader Camp» лагері Каспий маңы елдерінің  І халықаралық жастар форумы өтті. Шараны Маңғыстау облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Алматы Менеджмент Университеті ұйымы ұйымдастырды. Лагерь жұмысына ҚР Жастар көшбасшылары, өңірлік жастар ұйымдарының жетекшілері, жастар бірлестіктері мен одақтарының жетекшілері, жастар ресурстық орталықтарының директорлары, АТ дамуы саласындағы жас мамандар, ЖОО жастар бірлестіктерінің өкілдері, мәдениет және спорт саласының өкілдері, жас кәсіпкерлер, жас саясаткерлер және әлеуметтанушылар, блогерлер мен барлығы 150 адам қатысты.

Шара мақсаты – Қазақстанның жас көшбасшылары интеллектуалдық және рухани көшбасшылық туын  ұстаушыларға арнап оқыту пікірталас алаңын қалыптастыру. Жастардың мәдени кодын сәйкестендіру, қоғамға қызмет пен сананы жаңғырту құндылықтарын нығайту, жаһандық әлеуметтік жауапкершілікті, жауапты белсенділікті,  көшбасшылықты, инновациялық ойлауды, жасампаздық пен кәсіпкерлік құзыреттілікті дамыту.

Форум аясындағы шаралар Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы жасампаз идеяларды халықаралық деңгейде насихаттау, сондай-ақ,  Каспий маңы мемлекеттерімен жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Лагерьге қатысушылар 3 күннің ішінде түрлі форматтағы жобаларға қатысып, жұлдызды тәлімгерлер мен бизнес жаттықтырушылардың дәрістерін тыңдады. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының әкімімен пікірталас та ұйымдастырды.

         Халықаралық жастар форумына жұлдызды тәлімгерлер, танымал сарапшылар және бизнес-жаттықтырушылар қатысты. Бауыржан Қасымбергебаев, Синергия (Ресей) бизнес мектебінің қазақстандық өкілдігінің директоры, Нұрлан Өтешов, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ Басқарма төрағасы,  Асхат Әбжанов, WAKE UP Technology бас директоры,  Расул Абдуллаев,  «Yuframe» жобалық менеджері, Гүлмира Қорғанбаева – «Алматы Менеджмент Университет» БМ ректоры, Ғани Нығыметов, Еуразиялық интеграция институтының директоры өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған