«КЕЛЕШЕК ҮШІН БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ!» деген ұран биігінен «Qazaqstan dauiri» биыл да түспейді

Құрметті оқырман!

Ресми 2019 жыл да Тарих парағына қалам ұшын батырдыБабалар даналығыЕскі жылда есірке, жаңа жылда жарылқадемеуші ме еді?! Бізде соны қайталағымыз келеді.   Бұл жыл еліміз үшін өрлеу жылы болып, халқымыз үшін берекелі, оқырмандарымыз үшін мерекелі жыл болғай! Елдің табысы молайып, жүдегендер тоғайыпнамысымыз зорайып, шатшадыман күйге енсін барша халайық деп ізгі тілек арнағым келеді ұжым атынанҚиыншылықтың бәрі ескі жылмен кеткей! Жақсылықтың бәрі жаңа жылмен ұшып жеткей!

Сәуле Мешітбайқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткерi

Құрметті оқырман! “Qazaqstan zamany” газеті  жаңа жылға жаңа атаумен еніп отыр. Алдағы уақытта “Qazaqstan dauiri” болып, өзінің ақ алмастай өткірлігінен бір танбай, тәуелсіздік тұғыры  болатын  ел бірлігінен қымтанбай, қоғамның тыныстіршілігінен, “Тура биде туған жоқпринципінен еш таймақ  емес.

 

Құрметті оқырман!

Қазақ газеттерінің өрлеуі де, кібіртіктеп жүрісінің өнбеуі де сіздердің пайымпарасаттарыңызға, қазақтың тілі үшін болатын ғарасатмайдандарыңызға байланысты. Ұлттық рухтың асқақтауы да, намыс пен жігердің асқар тауы да сіздердің жанашырлықтарыңызға сүйеніпқалғыптұр. Елдіктің туын көтеріп жүргенімізбен, талайларға кетіп жатыр есеміз, қазақтың тілі мен мәртебесі көтерілсін десеңіз, тәуелсіздікпен түйедей  құрдас “Qazaqstan dauiri” жазылыңызҚолдаңызқорғаңызПана болыңызНарық заманы осыны талап етіп отыр!

Құрметті оқырман сіздің болмашы ғана қолдауыңыз (Бір газетке жазылуыңыз) атабаба тілінің жандануына, балғын ұрпақтың ізгілік жолында  қомдануына, сондай ақ  газеттің жарқырап жалғануына септігін тигізбек.

 

 Құрметті оқырман!

Биылғы ресми жылдағы беташар мақаламызды өткен жылы елімізде болған айтулы да дүбірлі оқиғалар легімен бастағанды жөн көрдік. Тарих қойнауына енген 2018-ші жыл егемен еліміз үшін берекелі әрі мерекелі жыл болды. Оған ешкімнің дауы болмасӨткен жылы тәуелсіздігіміздің символына айналған Ақордалы Астанамыздың 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Бас қаламызды ұлықтауға барлық өңірлеріміз жұмыла атсалысып, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті. Жыл басында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айқындадық. “Бес әлеуметтік бастаманыжариялап, халқымыздың әлауқатын одан әрі арттыруды маңызды міндет ретінде белгіледік. Күллі түркі жұрты қастерлейтін Түркістан қаласы қайта түлеп, облыс орталығы мәртебесін алды. Шырайлы Шымкенттің халқы бір миллионнан асып, республикалық маңызы бар қала атанды. Біз халықаралық саясатта және экономикада маңызы зор шараларды жүзеге асырдық. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі екі жылдық қызметін абыроймен аяқтады. Дүние жүзінің алып елдері бас қосатын осы беделді органға қаңтар айында төрағалық еттік. Сапар барысында Президентімен кездесіп, маңызды уағдаластыққа қол жеткіздік. Әлемнің әр түкпірінен келген дін көшбасшылары Астанада жиналып, өркениеттер диалогына үн қосты. Ақтауда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін бекіткен тарихи құжат қабылданды. “Астанахалықаралық қаржы орталығын жаһан жұртына таныстырып, тың бастамаларды қолға алдық. Орталық Азия мемлекеттерінің бес президенті біздің елордада бас қосып, тату көршілік қатынастарды жандандырдық. Тәуелсіз Қазақстанның нышаны саналатын төл теңгеміздің 25 жылдығын атап өттік. Ұлы даладағы ежелгі көшпенділер өркениетінің жаһандық маңызын қайта жаңғырттық. Осы айтулы мерекелер мен ауқымды шаралар елдігімізді танытып, бірлігімізді бекемдей түсті. Әсіресе Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бүкіл елімізге рух берер ерекше оқиға болды. Бұл жетістіктерге өздеріңізбен бірге жеттік, игі бастамаларды бірге жүзеге асырдық.

Біздің газетіміз де бұл айтылған оқиғаларға үн қосты. Уақыт легінен бір сәтте қалған жоқпыз. Әсіресе көтерілген қандай мәселелер болсын олардың мемлекеттік, ұлттық тұрғыда шешілуіне зор маңыз бердік. Ең бастысы біз көтерген қай мәселеде де қалың бұқара сырт қалған жоқ. Әрине, өмір болған соң ел ішінде көлеңкелі оқиғалар да болды. Өз қалқадерімізше басалқы айттық, реті келсе жанайқайлар жаздық. Даудың өршуін емес, өшуін қаладықӘйтеуір шегінген сәттеріміз болған емес. Ұлт мүддесін қорғауда газетіміз алдыңғы саптан көрінді. Әрдайым ұлт зиялылары мен қалың қазақтың үмітін ақтап, сенімінің шоғын үрледік. Халықтың сөзін сөйледік.

Жиырма жеті жылдық тарихы бар, Алты алаштың көзайымына айналған газетіміз өз тұғырынан түспей, егеменді елдің жоғын түгендеп, барына аспай, жоғына саспай талғаммен қарады. Газет басшылығында ауыстүйістер орын алғанымен, газеттің ұстанған бағыты өзгермедіОлшындық биігінен төмендемеу ұраны! Олалаш қайраткерлері айтқан  ұлтқаадал қызмет ету  мұраты! Біз бұған адал болдық! Бола да береміз. Және «Qazaqstan dauiri»  бас директоры ретінде өзіме артылған жауапкершілікті терең сезінемінБілімімдітәжірибемді ұлтқа қызмет етуге аямасым өзіме аянГазет бетінде жарияланған әр дүниетарих! Олгазет ұжымының жүріп өткен жолыТағдырталайыБүгінгі қоғамның келбетіКелер ұрпақтың бетіне ұялмай қарау үшін біз әділдікті ту етіп көтердік. Оған газет бетінде жарияланған уытты мақалалар, иықты сыни толғамдар, сүйекті көсемсөздермәйекті ақпараттар, ол аз десеңіз, халықтың жоғын жоқтаған сараптама материалдар шоғыры дәлел!

 

Құрметті оқырман!

Күз айлары әдеттегідей баспасөзге жазылу науқанымен айшықталды. «Ауыл» экспедициясымен ұжым болып бүкіл республиканы аралап, жержерде оқырмандарымызбен кездесулер өткіздік. Осы экспедициямызға қамқор болған «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне алғысым шексіз.

Иә, еткен тынымсыз еңбегіміз еш кетпеді. Таралымымыз жаман емес. Шүкір! Әсіресе Жамбыл, ҚарағандыСолтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы және басқа да облыстардағы оқырмандарымызға, қолдаған мырзалар мен ханымдарға ризашылығымды білдіремін. Әсіресе ұлтжанды әкімдердің істеріне Алла Тағала береке бергей! Елбасының салиқалы саясатын бүркемелемей, керісіншехалыққа кеңінен насихаттауда олардың еңбегі зор!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған