Келін болудың негізгі әдептері қандай? Келін ата-енесіне қарауға міндетті ме?

 Қалыңдық болашақ күйеуінің негізгі қасиеттерін білуі шарт: мінез-құлқын, әдет-дағдыларын, ой өрісі мен мәдениетін, білімі мен инабаттылық болмысын, талабы мен талғамын, денсаулығын, жақсы-жаман әдеттерін (темекі, ішімдік, есірткіге зауқы), ала-бөтен қылықтарын т.б жайттарды білуі өте маңызды.

Келіннің бойында болатын негізгі тиісті қасиеттер:

Сыпайылық;

Мейірбандық;

Адалдық;

Сезімталдық;

Еңбекққорлық;

Жауапкершілік;

Дәмді тамақ әзірлей білуі;

Өтірік айтпау;

Өз ер азаматына деген қамқорлығы;

Өз енесін анасындай құрметтеу керек.

Керек кеңес:

Енеге деген қарым-қатынасыңызды түзеткіңіз келсе, бірінші өзіңізге деген қарым-қатынасты дұрыстауыңыз қажет. Сіз өзіңізді сыйласаңыз өзгені де құрметтейсіз! Енеге деген құрметіңізбен, ашық жүрегіңізбен әрдайым жылы сөзден бастап, сыйлықтарға құшағын толтыра біліңіз.

Енесін жаман көретін қыз-келіншектер бірінші өз қателерін ойлауы керек, мүмкін мен дұрыс әрекет жасамаған болармын деген сұрақтар қоя білгені абзал. Ешқандай ене өз келініне жаман болсын деп ұрыспайды. Қатені түзетуге тырысыңыз, мүмкін енеңіз де өз қатесін түсінер. Уақытты күтпеңіздер, кішіпейіл болыңыздар.

Болашақ келіннің қолынан іс келуі міндетті жағдай. «Салақ әйелдің үйінен сабақты ине табылмайды», «Олақ әйел оймақшыл», «Жібекті түте білмеген жүн етеді», «Салақтан олақ жаман», «Ана көрген тон пішер», «Қыз еркем кестесімен көркем»,т.б мақалдар соны білдіреді.

Қысқасы, келіннің келуімен отбасында оның әсері сезілер болсын. Келіннің қолынан татқан тамақ, ішкен шай бапты, дәмді көрінсін.Үйдің іші де бұрынғыдан гөрі әдемі, ыдыс-аяқ та бұрынғыдан гөрі таза, төңірек те бұрынғыдан гөрі жинақы ретті болсын. Келген-кеткен « Келіні жақсы үйдің керегесі алтын, деген рас-ау» десін.

Дереккөздер: Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабайұлы, Әдептану

КЕЛІН АТА-ЕНЕСІНЕ ҚАРАУҒА МІНДЕТТІ МЕ?

y8oiii

Исламда әйел мен ерінің өзара міндеттері айтылғанмен, бұл туралы нақты үкім кездеспейді. Десек те, бұның жауабын туыстық қатынастар, бір-бірін бақытты ету тұрғысындағы негіздерден табамыз.
Ең әуелі басын ашатын мәселе, жас келінге ешкім күштеп ата-енеге қызмет еткізе алмайды. Бұл өзара түсіністікпен, көңілмен ат-қарылатын іс. Ерінің бақытын өз бақытына балаған әйелдер қауымы қашан да ата-енесінің көңілін табуға күш салады. Әлбетте, ер азаматтың бақыты әке-шешесінің қас-қабағына қарайлаған асыл жары екені сөзсіз. Жастар жағдайға қарай кейде енші алып, бөлек шығып жатады. Кейде ата-енемен бірге тұрады. Міне, осы кезде келіннің ақылы мен сабыры, адамгершілік мінезі көбірек сынға түседі.

Жас келінге ерінің дүниеге келуіне кімдердің себепкер екенін ұмытпаған абзал. Ерін аяққа тұрғызып, осы күнге дейін асырап бағып, түн ұйқысын төрт бөлген жандардың еңбегі қалайша ескерусіз қалмақ?
Таразылай білген нәзік жандылар үшін ата-ененің қас-қабағына қарап, құрметтеудің сыры осында. Сондықтан ақылды жар міндетті түрде ерінің ата-анасын өзінің әке-шешесіндей қабылдайды.
Келін өз құқығын алға тар-тып: «Дінде ата-енеге қызмет көрсету міндеттелмеген» деп кикілжің шығарса, ерінің көңіліне қаяу түсері анық. Алланың разылығы ерінің ризалығына тікелей қатысты екенін білген әрбір әйел оны қаламаса керек.

Келін ата-енеге құрметінен жаңылмаса, ері де келінше-гінің әке-шешесімен жақсы сыйластықта болса, одан асқан бақыт бар ма?
Дініміз үлкендерге құрмет көрсетуге шақырады. Келіннің ата-енеге қарауы келген жағына сүйкімін арттырып, күйеуімен тату тұруына себеп. Бұдан бөлек, бұл істің адами жағы, мейірім мен жанашыр жағы да жоқ емес. Отбасындағы үлкен кісілерге құрмет жасау сол отбасының бақытына да себеп. Кері жағдайда ол отбасында кикілжіңдер орын алары сөзсіз. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Үмбетімнің қарияларына құрмет көрсеткендер, маған да құрмет көрсеткені», – деген.

Құранға үңілсек, «Жақсылықтың қайтарымы жақсылық қана»деген аятты көреміз («Рахман» сүресі, 60). Иә, адам өмірінде әр жасалған жақсылық текке кетпейді. Міндетті түрде бір күні адамның алдынан шығады. «Атаңа не істесең, алдыңнан сол шығады» демекші, бүгін ата-енесіне қарағандар ертең өз балаларынан құрмет, жақсылық көреді. Бұл ерге де, әйелге де ортақ. Әйелі үшін күйеуінің ата-анасы, ері үшін әйелінің ата-анасы әке-шеше үкімінде. Сондықтан ол кісілерге барынша құрмет көрсету керек.
Мынандай бір оқиға ай-тылады.

Бірде үйленгендеріне бір-шама уақыт болғанда, келіншегі күйеуіне «Енді сенің әке-шешеңе қарағым келмейді» депті. Айтқанындай күнде түрлі мінез шығарып, күйеуін мезі ете бастапты. Содан күйеуі: «Ақыры менің әке-шешемді сыйламайтын болсаң, онда бір бөлмені босат», – депті.
Әйелі: «Не үшін?», – дегенде: «Қайтем енді? Әке-шешеме қарайтын басқа біреумен үйленейін?», – дейді. Сонда әйелі сасып қалып:

– Сен де әзілді түсінбейді екенсің. Мен қалжыңдап жүрмін ғой. Әрине, өзім қараймын. Ол кісілер маған өз әке-шешемдей емес пе? – деген екен.
Сондықтан мәселені дәл осыған дейін ушықтырмаған дұрыс.

Құдайберді Бағашар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған