Кентаудағы «ЮгЭлектроПривод» зауыты алты айда 100 млн. теңгенің өнімін шығарды

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Кентау қаласы бүгінде қарқынды дамып келеді. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетіліп, олар жеңілдетілген несие мен грантқа қол жеткізуде. Сондай-ақ, ауданда Индустриялды аймақ құрылып, онда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда.

   

Осындай кәсіпорынның бірі өткен жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру жұмыстарының бірінші жартыжылдықтағы қорытындысына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосқан «ЮгЭлектроПривод» зауыты.

Кәсіпорын осы жылдың алты айында 96,9 млн. теңге болатын 3264 дана трансформаторларға жабдықтаушы құрал-жабдықтар, айырғыштар, өшіргіштер  шығарып, өнімін шығарды.

Кәсіпорында Қазақстан бойынша аналогы жоқ, трансформаторлар үшін жаңа өнім түрлерін (вакуумды ажыратқыштар) шығару өндірісі жолға қойылған. Зауыт құрылысына 828 млн.теңге инвестиция тартылып, қосымша 50 жұмыс орны ашылған.

Жобаны іске асыруда мемлекет тарапынан индустриялды аймақ аумағынан жер телімі бөлініп, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесіне субсидия берілді. Қазіргі кезде кәсіпорын трансформаторлар өндірісі үшін құрастырушыларды (комплектующие) шығаруда.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған