Кентауда денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер жақсарып келеді

Бұл туралы  ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз конференциясында Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев хабарлады. Мәліметінше, кенділер шаһарында халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 67 жастан 70 жасқа жоғарылаған. Сәйкесінше, нәрестелер өлім-жітім көрсеткіші 1000 балаға шаққанда 17,1%-дан 4,6%-ға төмендесе, жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 7,1%-дан 1,6 %-ға азайған. Сондай-ақ, туберкулез дертімен сырқаттанушылық 1000 адамға шаққанда 85%-дан 27%-ге төмендеп, қан айналым жүйесінен болған өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 137,2%-дан 10,7%-ге, онкологиялық аурудан болған өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 35,8%-дан 15%-ға кеміпті.

Қала әкімі, сонымен бірге, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етер инвестиция, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, коммуналды шаруашылық сынды бірқатар салалардағы жетістіктерді баян етті.7008510a-bb07-4fd8-8e4d-61899b1f2c9e

«Кентаудағы индустриалды аймақта инфрақұрылым жүйелері  толығымен жүргізіліп, жалпы құны 1998,5 млн.теңгеге 5 жоба орналастырылды. Оның бүгінге дейін екеуі іске қосылса, қалған 3 жоба – «Асфальт-бетон қоспасын өңдеу зауыт құрылысы», «Кислород шығаруды ұйымдастыру» жобасы және «Медициналық бұйымдар шығару» жобасы жыл соңына дейін іске қосылатын болады», – деді шаһар басшысы.

Ә.Мақұлбаев сондай-ақ, Кентау халқының ауыз сумен қамтылып, табиғи газға қол жеткізу жолында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарды айтып берді. Көріктендіру, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары да баршылық. Жалпы, қала бойынша 25,9 га жерге 19150 көшеттер отырғызылса, ағымдағы жылы С.Қожанов саябағына күрделі жөндеу, Қонаев, Абай даңғылдары, Каленов көшесі және «Жастар орталығы» аллеяларының  абаттандыру жұмыстары басталды.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған