Кентауда қайта өңдеу зауыты іске қосылды (Фото)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау қаласында пластикалық қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа кәсіпорын іске қосылды. Жаңадан ашылған «Статус Эверест» ЖШС-нің салтанатты шарасына ҚР Инвестиция және даму министрлігі, көлік комитеті төрағасының орынбасары Қайриден Нүркенов, қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев пен зиялы қауым өкілдері қатысты.

                         whatsapp-image-2016-12-12-at-13-28-50   whatsapp-image-2016-12-12-at-13-29-02

2014 жылы Кентау қаласындағы индустриалды аймақта құрылысы басталған өндірістік кәсіпорынның сметалық жобасы 100 млн. теңгені құрайды.

                         whatsapp-image-2016-12-12-at-13-28-55   whatsapp-image-2016-12-12-at-13-29-01

Аталған зауыт пластикалық қатты қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарату үшін екінші реттік шикізаттық өнім дайындайды.

                        whatsapp-image-2016-12-12-at-13-28-59   whatsapp-image-2016-12-12-at-13-29-03

Дайын шикізатты Қазақстан мен Ресей Федерациясының Челябинск, Екатеринбург, Мәскеу, Самара қалаларына экспорттау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда аталған кәсіпорында 25 адам жұмыс істейді.
Сағатына 300-500 келі көлемінде пластикалық қатты қалдықтарды өңдеуге қауқарлы зауытта 1 айда 80-100 тонна қалдықтарды өңдеуді жоспарлап отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған