Кентау трансформатор зауыты 12 млрд теңгенің өнімін өндірді

Жеке инвесторлардың қолдауымен жұмысы жанданып, бүгінде еліміздегі трансформатор шығаратын жалғыз өндіріс орны аталып отырған – Кентау трансформатор зауыты өндіріс өндіру көлемін соңғы 20 жылда 20 есеге арттырып отыр. Осы жылдың сегіз айының өзінде 12 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырған 50 пайызға жоғары. Осы аралықта 10 988 дана заттай тауар шығарған кәсіпорынның өнімінің 40 пайызын Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне экспортталса, өз еліміздегі тұтынушылар қатарын «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан теміржолы» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ сияқты алпауыт мекемелер құрап отыр.

Кәсіпорында мыңнан астам қала тұрғыны үш ауысымда тұрақты еңбек етеді. Олардың көбі жастар. Кәсіпорын жанынан ашылған колледждің 500-ге жуық студенті дуальды жүйемен осында мамандығын толық меңгереді. Бір кездері тоқырауға ұшырап, қала халқы жаппай көшіп, қаңырай бастаған моноқаланың бүгінде қайта шырайы кіріп, халқының саны жылдап артып келеді. Міне, «Қаратау тәжі» атанған әсем қаланың осылайша өркендеуіне Трансформатор зауытының қосып отырған үлесі қомақты. Әрине, бұл тұрғыда Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаевтың сіңіріп отырған ерен еңбегін атап өтпеске болмайды.

Нұр МЕКЕН, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған