Киану Ривз:

“Күйеулері әйелдерін жеңілтек қыз құсатып, жауып-жасқауға тиісті әурет жерін барынша жарқыратып, ашық-шашық киіндіретін әлемнің бөлшегі болғым келмейді. Ар-намыс пен ұждан туралы еш түсінік қалмаған, адамның сөзіне тек ант-су ішіп, “уәде беремін” дегенде ғана сенетін болдық. Әйелдері бала тапқысы келмейтін, еркегі үйленуден басын алып қашу белең алды. Әкесі әперген қымбат көлікте отырып өзін жарты құдай сезінетін боқмұрындар мен қолында титтей билігі бар тікаяқтар сені жәндік көріп, жоқ қылып жіберуге әзір тұратын дандайсыған әлемге бөтен екенім анық. Діннің не екенін жете түсінбесе де аузы арақтан босамастан Құдай өзі жар болады деп көпіретіндерді түсінбеймін. Сүйген жанды қызғану ұят, қарапайым болу – кемшілік саналатын жерде жүргім келмейді. Адамдар махаббаттың қадірін қашырып, тек бірге тұруға ыңғайлы жұп іздейтіндігі жүрек ауыртады. Қымбат көлігін жөндету үшін барын беріп, уақытын аямайтын бишаралықтан құтыла алмайды, алайда өзіне деген немкеттілігін сол көлігі ғана білдірмей жіберетінін түсінбейді. Әке-шешесінің бар тапқанын түнгі клубта ырбыңдауына жұмсайтын жігіттер мен солардың осындай нақұрыс қылығына ғашық болатын қыздардың әлемі шаршатты. Ә мен Е деген жазулар еш бөлінбейтін болды, мұндай әбестік таңдау еркіндігі деп атала бастаған. Өз жолын адаспай таңдағандарды – жұртта қалған дүбәрә деп жолатпайтын әлемге өзім де жуығым келмейді. Мен өз жолымды таңдаймын. Тек бір жаманы өзім іздеген ақиқатты көрсем деген адамдардан таппадым…”

Аударған Шынар Әбілдә

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған