Комиссар Р.Жошыбаев: ЕХРО-2017 аясында халықаралық шаралар көптеп ұйымдастырылады

Биыл Астанада өтетін ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылады. Бұл жөнінде көрменің комиссары (ред.) Рәпіл Жошыбаев Елордада өтіп жатқан халықаралық жиында тілге тиек етті.

-Көрме өтетін кезеңде көптеген халықаралық шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі – Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті. Сонымен қатар біз энергетика және туризм мәселелері бойынша түрлі министрлер деңгейіндегі кездесулерді ұйымдастырмақпыз. Халықаралық әйелдер форумы да өтеді. Ал көрме аяқталуға жақындаған тұста Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитін өткіземіз. Бұл саммит елімізде алғаш рет ұйымдастырылмақ,-дейді Р.Жошыбаев.

Бізге белгілісі, көрме өтетін кезеңде қатысушы мемлекеттердің ұлттық күндері, тақырыптық шаралар, түрлі мәдени-танымдық және спорттық шаралар да ұйымдастыру жоспарда бар екен.

Ермұрат Шопан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған