КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮРКІСТАНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Бүгін ҚР Конституция күніне орай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа пәтер иелерінің қуанышымен бөлісіп, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, түркістандық отбасыларға пәтер кілтін табыстады.

«Отырар» ықшам ауданында салынған көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отыр. Жаңа баспана иелеріне 5 қабатты 11 тұрғын үй берілді. Бір бөлмелі 165 пәтер, екі бөлмелі 165 пәтер және 3 бөлмелі 330 пәтер ел игілігіне беріліп, 660 отбасы қоныс тойын тойлады. Айта кетерлігі, пәтер иелері атанғандар – кезекте тұрған халықтың әлеуметтік аз қамтылған және тұрғын үйге мұқтаж санатына жататын азаматтар. Қолданысқа берілген бұл көп қабатты тұрғын үйдің инфрақұрылымдары толықтай ретке келтірілген. Пәтерлер талапқа сай жасақталып, әрленген.

Қуанышты шараға жиналған көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Жыл соңына дейін тағы да қала тұрғындарына 5 қабатты 9 тұрғын үй тапсырылатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.