Конституция күні мен Құрбан айтқа қанша күн демаламыз?

Тамыз айының соңында қазақстандықтарды бірінен соң бірі келе жатқан мейрам күндері күтіп тұр.

Биыл 30 тамыз Конституция күні сәрсенбі демалыс. 31 тамыз, бейсенбі – жұмыс күні.

Ал Құрбан айт 1 қыркүйек – жұмаға түсіп отыр. Осылайша қазақстандықтар 30 тамыз және 1 қыркүйек қосымша демалыс алады. Осыған орай оқу жылының басы 2 қыркүйекке ауыстырылды.

ҚР Қонституциясы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды.

Құрбан айт мерекесі – мұсылман мемлекеттерінің, оның ішінде еліміздің басты діни мерекелерінің бірі.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған