Күзде теңгенің жағдайы қандай болады – сарапшылар болжамы

Болжам бойынша, күзде Қазақстанның төлем балансының тапшылығы ұлттық валюта бағамын қыса түседі, деп есептейді Forex Club компания тобының сараптама бөлімінің жетекшісі Николай Ивченко. «Біздің бағалауымыз бойынша, валюталық жұп доллар/теңге күз мезгілінде 325-355 аралығында болады. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, Қазақстан төлем балансының тапшылығы ұлттық валюта бағамына қысым жасайды. Бұл капиталдың «тікелей инвестициялардың кірістері» бабы мен «портфельдік инвестициялар» баптары бойынша шетелге ағылуымен байланысты жағдай», – деді Николай Ивченко «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне. Оның айтуынша, тауарлар мен қызметтердің экспорт-импорты оңтайлы аймақта – тоқсанына 3 млрд. доллар шамасында болады. Сондай-ақ оның атап өтуінше, күзде мұнайдың әлемдік бағасының өсуі мен энергия ресустары экспортынан түсетін табыстың өсуінен үміттенбеген жөн. «Күздің екінші жартысында әлемде доллардың барлық валюталарға қарағанда бағамының өсуін күтіп отырмыз. Бұл уақытта экономикада біршама оңтайлы жағдай пайда болады, АҚШ-та прценттік ставкалар өсуі ықтимал. Бұл өсім 50 проценттен асуы мүмкін (қазір 39 процент). Дегенмен бұл да өз кезегінде теңгеге біршама қысым көрсетеді»,-деді ол.

http://www.inform.kz/kz/kuzde-tengenin-zhagday-kanday-bolady-sarapshylar-bolzhamy_a3060002

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған