Күнделікті дұға

Ә‘узу би кәлимәәти-лләәһит-тәәммәәти мин шәрри мә халақ.

Мағынасы:

Алланың  мінсіз  сөздерімен¹  күллі  жаратылыстың  кесір-кесапатынан (Аллаға) сиынамын.

Ерекшелігі:

Ұзақ жылдар бойы ардақты Пайғамбарымызбен (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге болу құрметіне бөленген сахаба Әбу Хұрайра (р.а) бұл жұға жайлы мына оқиғаны тілге тиек етпек:

«Бір кісі Алла елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түні бойы көз ілмегенің айтып: Кеше түнде мені бір шаян шағып алды – деді. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Егер кешкісін мына дұғаны оқығаныңда, ол сені шақпас еді» – деген.

Жоғарыда келтірілгендерге қосымша айтарымыз, осы дұғаға қатысты басқа да хадистерде Пайғамбарымыздың( Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  «Кімде-кім қандай да бір жерге (панажайға) ат басын тірегенде мына дұғаны оқыса, сол жерден кеткенге дейін оған еш нәрсе зиянын тигізе алмайды» – деп айтқаны риуаят етілген.

(Муслим, Китәбу әз-зикр; Сунәну Тирмизи, да’ауат 3359; Сунәну Ибни Мәжа, тыб 3538)

¹ Құран Кәрімде және Алла Тағаланың көрем есімдері мен сипаттары

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған