Көзіңіз ісіп кетсе……

Көздің ісіп кетуі кез келген қыздың басында болатын мәселе екені анық. Әсіресе, маңызды кездесулерде көздің астында қалташықтар пайда болып, көңіл күйіңді түсіреді. Егер дәл ертең кездесу болып тұрып, көзіңіз ісіп кетсе ше? Уайымдамаңыз, назарларыңызға көз ісігін кетірудің бірнеше түрін ұсынамыз.
Адам күніне 2 л таза су ішуге организмді үйретуі керек. Алайда кеш ішілген жай судың өзі көз астында қалташық болып бірден байқалады. Сол себепті түнге қарай су ішудің қажеті шамалы. Таңертең көзіңіз ісіп кетсе, міндетті түрде контрасты душ қабылдаңыз. Яғни, бір жылы, бір салқын суда жуынып, қан айналымның жұмысын жеделдетесіз. Бет-аузыңызды тыржитып жаттығулар жасап, бет бұлшық еттерін қимылдатуға тырысыңыз. Көздеріңізді де қозғалтуды ұмытпаңыз. Көзіңізді жыпылықтатып, қарашығын айналдырыңыз. Сонымен қатар мұз кесектері ісік қайтарудың таптырмас әдісі екені белгілі. Бұдан өзге көз іскенде салқын қияр мен пакеттегі қолданылған шайдың да пайдасы мол. «Суық» суды өзіне тартып алуға көмектессе, ал қияр теріні сергітіп, шаршағаныныңды басады. Шай болса, теріні тартып, орнына келтіруде өзіндік көмек көрсетеді. Жоғары айтылған бірнеше ем-шаралардан кейін көзіңіздің ісігі кетуі керек. Ұсынған кеңесіміз кәдеңізге жарайды деп сенеміз. Іске сәт!

Нұржамал
Есіркепқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған