«Көктем және еңбек» мерекесі

Халқымыздың тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық құндылықтарының көрінісіндей болған

«КӨКТЕМ ЖӘНЕ ЕҢБЕК» МЕРЕКЕСІ

Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры

тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды

сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

Н.Ә. Назарбаев

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім мен тәрбиенің біртұтастытығын, оқу-тәрбие жұмысының позитивті ортасын қалыптастыру, ата-аналармен әріптестік аса ыждағаттықпен жолға қойылған.4-2

Жақында өтен дүйім жұрттың басын қосып, ұлттық құндылықтарымызды жандандыра отырып, жас зияткерлеріміздің бойындағы жаһандық құзыреттілігін қалыптастыруды мақсат тұтқан тәрбие шарасы көптің көңілінен шықты.

11-1

12-1

Халқымыздың тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық құндылықтарымен астасқан «Көктем және еңбек» мерекесінің бағдарламасы «Жасыл желек», «Айтыс», «Сұлушаш», «Толағай», «Көктем шашуы», «Дастарқан KZ» деген бөлімдерден тұрды.

1-1

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 12 сәуір күні жарияланған«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы біздің дамуымыздың ең басты қағидасы болып табылатын жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылысымыздың айқын бағдары екенін кәміл түсінеміз.2-2

Елбасы айтып көрсеткендей, халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Экологиялық тәрбие зияткерлікмектептердің аса көңіл аударатын басым бағыттарының бірі болып табылады.9-1

Мереке шеңберінде өткізілген «Жасыл желек» шарасы мектеп қауымдастығының біртұтастығын қамтыды. Сенбінің сәскесінде мектеп алаңына ата-аналары, ұстаздарымен бірге жиналған Елбасы мектебінің шәкірттері тал егіп, болашақ «Президент саябағының» іргесін қалады.

10-2

Меркелік шараның келесі бөлімі ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын насихаттауды көздеген «МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАГЕРЛЕРІ» тақырыбындағы айтыс өнерімен ұласты.3-2

«Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу», – деп көрсеткен мемлекет басшысы ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс екенін басып айтады.6-2
Айтыс –халқымыздың ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Ол ой ұшқырлығын, тіл өткірлігін, сөз көркемдігін талап етеді. Оған қоса айтыскерлеріміз қасиетті халқымызға тән әдеп пен жарасымды әзілді, айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттарын да ұстана білді.8-1

Мектебіміздің тарихында алғаш өткізіліп отырған ұлттық өнеріміздің тыңдаушылары мен көрермендеріне әсер қалдырардай қызықты әрі мағыналы болуына оқушыларымызбен бірге ата-аналар, республикалық айтыс жүлдегерлері атсалысты.5

Күй атасы Құрмағазының «Сарыарқа» күйімен сахна шымылдығын ашқан күйшілеріміздің ізінше өз ойын өлеңмен өрген 10 «А» сынып оқушысы Жалғасбаев Қуаныш жалғастырды:

Уа, жарандар, жарандар!

Бәрің мұнда қараңдар!

Астанасы қара алтынның

Атыраудай қалам бар!

Мектебінде Елбасы

Дүбірлі айтыс басталды.

Елеңдетіп ел ойын,

Ойландырған жастарды.

Бұл айтысқа атсалар

Ата-ана мен ақын бар,

Өнер, білім ұштасқан

Ұстазы мен шәкірт бар.

Түгел болса төртеуің

Төбедегі келеді.

Ақындарың айтыста

Сөзден моншақ тереді.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға береді.

Бәрін айт та, бірін айт

Бүгінгідей айтыста

Үлкен де емес, кіші емес

Сөз мәйегін білетін

Нағыз жүйрік жеңеді!

«Бұлақ көрсең көзін аш»

Демеп пе ді қазағым.

Аңғарды ма бойынан

Асыл сөздің ғазалын.

Шәкірттерін санайтын

От деп маздап жанатын.

Әрбіреуін балайтын

Бәйге атына шабатын.

Айтыс – ұлттың өнері

Біліп өскен жөн деді.

Мұрагері елімнің

Құндылығын өздері.

Оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім, оқушы-мұғалім-ата-ана, оқушы мен ата-ана, оқушы мен айтыс ақыны,ата-ана мен мұғалім болып жұптасқан  айтыскерлеріміз аймақтағы ел ағалары мен ардақ аналарымыздың, өнер иелерінің, түрлі ұлт өкілдерінің және шәкірттеріміз бен ата-аналар алдында өнегелі өнер көрсетіп, көпшіліктің көзайымы бола білді.

Додаға түскен өнер иелерін марапаттауда демеушілік көрсеткен өңіріміздегі ел ағаларының орны бөлек.

«Құрмет» орденінің иегері, зейнеткер, ұзақ жылдар Атырау облысы әкімінің орынбасары ретінде мәдениет пен өнер саласына жетекшілік еткен Мұрсалиева Рашиля Қабиқызы апамыз бастаған әділқазылар алқасы құрамында Фариза апамыздың рухты жырларын жалғастырып жүрген жас ақын Әлия Даулетбаева, Атыраулық айтыскер ақын, республикалық айтыстарда жеңіс тұғырына шығып жүрген Ізбасаров Шалқарбай Сайлаубайұлы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Рысқалиев Ақылбек Аманбайұлы, “Прикаспийская коммуна” газетінің жауапты хатшы, журналист Нұрберген Мақым және мектебіміздің директоры Айтбукешев Айдарбек Төлепұлы болды.

«Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы», «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім», «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы», «Зайырлы қоғам және жоғары руханият», «Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім», «Ұлттық қауіпсіздік және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу», «Тәуелсіз Қазақстан және Астана» тақырыптарында сөз додасына түскен айтыскерлеріміз тыңдаушының жүрегіне жол табатындай кестелі сөз, орамды ой, ұтымды дәлелдерімен жиналған көпшіліктің ықласына бөленді.

Өнер сүйген жастарға батасын берген ардақты ана, ұлағатты ұстаз, қоғам қайрткері, әдліқазылар алқасының төрайымы Мұрсалиева Рашиля Қабиқызы балалардың жас ерекшеліктеріне сай сөзден моншақ тізіп, тыңдаушыларын бір жалықтырмай, әдептен озбай, үлкен мәдениетпен көрсеткен айтыс өнеріндегі алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, айтыс өнерін жаңа қырынан көрсетіп, мектеп қабырғасында алғаш өткізуде үлкен жауапкершілікпен тың көзқарас танытқан, ұрпақ тәрбиесі жолында мектеп қауымдастығы мен қоғам мүшелерін ынытмақтастыра білген мектеп басшысы Айдарбек Төлепұлының ұстаздық еңбегіне оң бағасын берді.

Мектебімізде айтыс өнерінің алғаш шымылдығын ашқан барлық қатысушылары мен жүлдегерлері Сертификаттар, І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік шараның тағы бір мақсаты жас зияткерлер бойында жаһандық құзыреттіліктің қалыптасуына ықпал ету болатын. Жаһандық мәселелерді, мәдениетаралық қатынастарды білу және түсіну, өзге ұлт пен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасқа ашық болу, мәдениетаралық ерекшеліктерге құрмет көрсете білу, жаһандық ойлау биігінен көрініп, жауапкершілік таныта білу және осының бәріне қол жеткізу үшін аналитикалық және сыни ойды дамыту, қарым-қатынас орната білу, өзгелердің мүдделерін құрметтеу, жанашырлық пен икемділік дағдыларын дамыту мақсатында мектебімізде атқарылып келе жатқан тәрбие шаралары бүгінгі мерекеде өз жалғасын тапты. Әдістемелік бірлестіктер шаңырақ оқушылармен бірлесе отырып ұлы дала төсінде, бір шаңырақ астында тоғысқан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің мәдениетін, өнерін, ұлттық тағамдарын зерделей келе «Дастарқан KZ» және «Көктем шашуы» бөлімдерінде ақ дастарқанымыздан орын тапқан түрлі ұлт тағамдарымен, сан қырлы концерттік бағдарламаларымен мерекенің сәнін келтірді. Ұстаздар мен шәкірттер әр тағамның ерекшілігіне тоқталып, келген қонақтарына дәм татқызды.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? –

деп ұлы Абай жырлағандай, халқымыз қыз баланың шашына ерекше мән беріп, қимай өсірген. Данагөй аталарымыз бен көреген әжелеріміз қыз баланың бұрымын сұлулықтың сәні деп бағалап, тобығына жеткен қос бұрымды тау басынан құлаған бұлақтай деп дәріптеген.

«Сұлушаш» айдарымен өткен бағдарламамыздың келесі бөлімінде мектебіміздегі он алты шаңырақтан шыққан он алты бойжеткен қыз баласына тән әдеміліктің, сұлулық пен әсемдіктің, талғампаздық пен мәдениеттің үлгісін паш етіп, көрермендер ілтипатына бөленді.

Меркелік шарамыздың тағы бір қызқты тұсы «Толағай» сайысы болды. Арқан тартыс, қазақша күрес, асық ату, «Армстрелинг», бұқа тартыс ойындары спорт сүйер қауымның бойында қан жүгіртіп, жеңіске деген құлшыныстарын арттырды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы, ұлағатты ұстазымыз  Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы Елбасы мақаласына қатысты: «Ұлттық  кодты сақтау балаларымызды тәрбиелеуден басталады дер едім. Біз ұстаздар осы мақаладан тәрбие мәселесінде айқын әрі нақты бағдар алып отырмыз», – деп көрсеткеніндей, біздер – зияткерлік мектеп мұғалімдері әлі де болса жаңа мазмұнмен толықтырылатын, Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының құндылықтарын негізге ала отырып жолға қойылған тәрбие жұмысын болашаққа бағдар жасап, рухани жаңғырудың сара жолын сілтеген Елбасы белгілеген басымдықтарға сай жүргізуге әрқашан да аянбай атсалысамыз. Бұл – біздің қоғам алдындағы, ұлт алдындағы, болашақ алдындағы міндетіміз.

Гүлнар Избамбетова,

ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебі

жанындағы жатақхана меңгерушісі,

Атырау қаласы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған