Мани, мани…

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры жаңа комедияның тұсауын кеспек деп хабарлайды өнер ордасының баспасөз қызметі. Әлемге әйгілі британ комедиографы Рэй Кунидің «Мани, мани…» комедиялық қойылымының тұсаукесері осы айдың 27-28 күндеріне жоспарланып отыр.

Комедияның бас кейіпкері Генри Перкинс туған күнінде ойламаған жерден мол ақша тауып алады.  Дипломаттағы 1 млн 750 мың фунт стерлингті  өзінің өмір бойғы есепшіболған адал еңбегінің өтеуі деп білген ол шетелге қашпаққа бел буады. Бірақ, өзгелер оны осынша мол ақшамен шетелге оп-оңай жібере салмақшы емес. Осылайша оқиғалар қым-қуыт сипат алады, барлық  кейіпкерлердің шынайы бет-бейнесі «мани, мани» үшін күресте ашыла бастайды.  Әншейінде бәрі жақсы қарапайым адамдарды осындай бір сын сәттерде тану мүлдем қиын. Неліктен?.. 


Шығармашылық топ:

Авторы – Р.Куни

Аударған – Ө.Мұқай

Қоюшы-режиссер   –    Е.Нұртазин

Қоюшы-суретші      –    К.Құрманбекова

Киім үлгісін жасаған   –    Н.Тоқжанова

Композиторы       –    Е.Нариманұлы

Режиссер ассистенті   –    Е.Бектасов

Режиссер көмекшісі    –    А.Қабдешова

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған