Маңғыстауда «Жаңа серпін» бағдарламасы аясында жұмысшы жастарға 500 орындық жатақхана берілді

Конституция күні қарсаңында Ақтау қаласының Шығыс шағынауданында жұмысшы жастарға 500 орындық жатақхана пайдалануға берілді.

Жаңа ғимарат өңірдің аудан, қалаларынан келіп жұмыс істейтін жастар арналған. Бұл үй аймақтық «Жаңа серпін» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған азаматтар үшін қарастырылған. Бұдан бөлек, дәрігер, мұғалім сияқты облыс орталығында тапшы маман иелерінің осы жерге орналасуына мүмкіндігі бар.

       Жатақхананың ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, облыстың мемлекеттік органдарының және «НКОК» компаниясының өкілдері қатысты.

-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жастарға жағдай жасау туралы мәселесін күн тәртібіне қойды. Себебі, жас азаматтарға біз қолдау көрсетуіміз керек. Жыл сайын түрлі салаға, соның ішінде әлеуметтік салаға білікті мамандар аса қажет. Мәселен, бір ғана денсаулық саласының өзіне 245 жас маман қажет. Бүгін «НКОК» компаниясының демеушілігімен жастарға арнап осындай 500 орындық жатақхана салынды. Баршаңызды осы қуанышты күнмен құттықтаймын! Еліміздің ертеңі – жастар. Сондықтан, сіздерге үлкен сенім артамыз. Барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін, – деді құттықтау сөзінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Жатақхана ғимараты үш блоктан тұрады, блоктың әр қатарында екі және үш адамның тұруына арналған тұрғын бөлмелер, санитарлық тораптар мен киім-кешек сақтайтын орындар бар. Жаңа қоныстанушылар үшін тұрғын бөлмелерден басқа буфет, жұмыс кабинеттері, жүк сақтау камералары, зат қоятын бөлме, жиналыс бөлмелері мен қысқы бақ қарастырылған. Бөлмелер балкондармен қамтылған және тұруға жайлы. Нысан бюджеттік салада жұмыс істейтін қызметкерлерді баспанамен қамту мәселесінің өзектілігін азайтуға септігін тигізеді.

 

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған