Маңғыстауда «Меловой» спорттық-сауықтырукешені ашылды

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақтауда «Меловой» спорттық-емдеу кешені ашылды. Нысанның салтанатты ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.

Спорт кешенін қайта жаңарту мен жөндеуге 224,13 млн. теңге, ал құрал-саймандарға, тұрмыстық техника, жиһаз және басқа да қажетті жабдықтарға 102,948 млн.теңге қаражат жұмсалған.

Бүгінгі күні спорт кешені бес функционалдық бөлімнен тұрады. Ауданы 470 шаршы метр болатын футбол, волейбол, баскетбол және көркем гимнастика бойынша өтетін жаттығуларға арналған әмбебап спорт залы бар. Ол заманауи спорттық құралдармен жабдықталған. Алаңы 216 шаршы метр болатын шығыс жекпе-жегі залы, жабық жүзу бассейні, заманауи жабдықтармен, фитнесс тренажерлермен жабдықталған, ауданы 300 шаршы метр болатын тренажер залы; резеңке жабыны бар шағын футбол ашық алаңы – ауданы 648 шаршы метр, жеке шешіну бөлмелері бар.

Әрбір зал санитарлық тораппен жабдықталған, шешіну бөлмелері, душ, бассейн бар. Әкімшілік-тұрмыстық ғимаратымен, ресепшн, гардероб, кір жуатын орын, медкабинет, жаттықтырушылар бөлмесімен жабдықталған.

-Бұл ауқымды және жарқын спорттық мереке Қазақстан мемлекеті саясатының маңызды басымдықтарын іске асыруға – салауатты өмір салтын насихаттауға, дені-сау ұрпақты тәрбиелеу мен бұқаралық спортты дамытуға өз ықпалын тигізеді.Біздің аймақтағы спорт мәдениетін жандандыру жолында атқарып жатқан жұмыстары үшін«Каскор-Транссервис» АҚ акционерлері мен басқармасына алғысымды білдіремін. Спорт кешенінің ашылуы біздің мемлекетіміздің бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту саясатына сәйкес келеді. Қазақстанхалқына Жолдауында Н.А. Назарбаев 2020 жылға дейін ел халқының 30 пайызын дене шынықтыру мен спортқа тартуға шақырды. Тек салауаттыұлт бәсекеге қабілетті болуы мүмкін, демек, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында кешенді қайта құру өте өзекті, – деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған