Маңғыстауда республика көлемінде ғана емес, ТМД көлеміндегі алғашқы геопарк құрылады

Бұл туралы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сағынбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың  тапсырмасына сәйкес, ЮНЕСКО-ның  жаһандық геопаркі мәртебесін алу үшін Маңғыстау облысының аумағындағы табиғи және мәдени мұраларды ұсыну жөнінде жұмыс тобы құрылып және іс-шаралар жоспары жасақталған.

Айта кету керек, Маңғыстауда құрылатын геопарк тек республика көлемінде ғана емес, сондай-ақ ТМД көлеміндегі алғашқы геопарк болмақ.

Жыл соңына дейін Маңғыстау облысының ерекше табиғи нысандарын толық зерделеп, геопарк құратын жерді анықтау мақсатында және ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркіне үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес өтінім дайындалатын болады.

“ЮНЕСКО-ның  жаһандық геопарк жүйесіне әлемнің 35 елінен 127 геопарк кіреді. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жаһандық геопарк жүйесіне кірген территорияға туристтік және экономикалық қызығушылықтың артатыны анық”, – дейді Серік Сағынбаев.

 

Нұрбол Оқуов

 

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған