Маңғыстауда темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылды

Елбасының үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт ашылды. Өндіріс орнын салтанатты түрде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов ашты.

Айта кетейік, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы Елбасының тікелей тапсырмасымен салынған.          Мақсат – өңірдің өндірістік секторын және экономикасын дамыту. Бүгінде мұнда 16 жоба іске асып, 1144 жұмыс орны ашылған. «Ақтау теңіз порты» АЭА инвестиция тартуға ең ыңғайлы орын, өйткені мұнда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларға көптеген преференциялар көзделген.

– «Қазақсельмаш Корпорациясы» компаниясын бүгінгі зауыттың ашылуымен   шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі таңда басты мәселе жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты жұмыспен қамту. Зауыт аумағында 200 жұмыс орындары ашу көзделген. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 150 дана тетрапод шығару. Өнімді дайындауға негізгі шикізат аймақтағы өте көп құм, цемент, қиыршақ тас және арматура пайдаланылады. Жобаға 768 млн. теңге инвестиция тартылады. Өлкемізде осындай кәсіпорындар ашылып жатқаны қуантады. Зауыттың ұжымына табыс тілеймін, – деді шарада сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

 

         Айман Оңғарбайқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған