Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақ имамдарымен кездесті

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақ имамдарымен, еңбек ардагерлерімен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен және Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.

????????????????????????????????????

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында  айқындалған ХХІ ғасырдағы ұлттық сананың сақталу және даму жолдары талқыланды.

 

????????????????????????????????????

– Қасиетті Маңғыстау өлкесінде біздің тарихи және ұлттық игіліктеріміз – жер асты мешіттері көздің қарашығындай сақталуда. Қазіргі таңда аймақ аумағында олардың саны 14. Ұлттық зиялы қауым және діни қайраткерлердің сөздері халықтың діни дамуына өз үлесін қоса отырып, адамгершілік пен патриотизмнің маңыздылығы туралы ой салды. Сіздермен дәстүрді жалғастырушы ретінде барлық күш-жігерлеріңізді сала отырып, ұлттық бірігейлікті, сананың, білімге бағыну, бәсекеге қабілеттіліктің ашықтығын сақтау жолында бірге еңбек ететінімзге сенімдімін, – деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, аймақ  басшысы кездесуге қатысушыларды барлық  мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен  құттықтады.

Айман Оңғарбайқызы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған